144
Зертханалық мәліметтер
Жалпы қан талдауында эозинофилдер мөлшерінің жоғарылауы
5% дан көп.
Жалпы қақырық талдауында эозинофилдердің, Шарко-Лейден
кристаллдарының, Куршман шиыршықтарының болуы.
Қан сарысуында жалпы Ig Е деңгейінің жоғарылауы.
Аспаптық тексерулер
- Спирометрия тыныс жолдарының
обструкциясының болуы
мен ауырлық деңгейіне баға беруде бастапқы қолайлы тест болып
табылады (ФШАК1 және ФӨӨК өлшеу). БД диагностикасында
жалпы
қабылданған
өлшем
200-400
мкг
сальбутамол
ингаляциясынан кейін ФШАК1≥12% немесе ≥200 мл. жоғарылауы.
- Пикфлоуметрия – ДШЖ анықтау. Бронхолитик 60 л/мин
(бронхолитик ингаляциясына дейін ДШЖ ≥20%) ингаляциясынан
кейін ДШЖ жоғарылауы немесе тәулік бойы ДШЖ 20%-дан көп
өзгеретін болса БД бар болуын көрсетеді.
- Аллергиялық статусқа баға беру БД
қауіптілік себептерін
көрсетуге
көмектеседі.
Негізгі
диагностикалық
әдіс
–
аллергендермен тері сынамасы; қан сарысуында ерекше IgE
анықтау қолданылуы мүмкін. Тесттердің оң нәтижесі міндетті түрде
БД сиптомдарымен сәйкестендірілуі және жиналған сыртартпа
мәліметтерімен нақтылануы қажет.
- Кәсіби БД диагностикалау үшін
болжалды аллергені бар
арандатушы ингаляционды сынаманы немесе сезімтал агентті
қолдану. Бастапқыда ФШАК1≥80% болғанда жасалады. Өмірге
қауіпті бронх түйілуінің туындауына байланысты кең көлемде
қолдануға ұсынылмайды.
- Қақырықты эозинофил немесе нейтрофил болуына зерттеу.
- Дем алатын ауадағы азот оксидін зерттеу –
тыныс алу
жолдарының қабыну үрдісінің көрсеткіші ретінде (ИГКС-мен
емделмеген науқастарда).
Достарыңызбен бөлісу: