Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


Қателіктер мен негізделмеген тағайындаулар



Pdf көрінісі
бет63/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Қателіктер мен негізделмеген тағайындаулар 
 
Ауруханадан тыс пневмония кезіндегі емдеудің қателіктері: 
■ 
амбулатория жағдайында ауыр емес пневмонияға 
біріктірілген (екі және одан да көп ДЗ) антибиотиктерді 
тағайындауға 
қарағанда 
— 
бақыланатын 
зерттеулерде 
антибиотиктерді 
монотерапияда 
тағайындалу 
тиімділігі 
дәлелденген; 
бастапқы 
біріктірілген 
терапия 
болжамды 
жақсартпайды. 
■ нистатинмен бірге антибиотик тағайындау. Иммундық жүйесі 
әлсіз науқастарда антибиотик қабылдау жағдайында 
саңырауқұлақтық 
суперинфекцияның 
даму 
қауіптілігі 
жоғарыламағандығы анықталған. Сонымен қоса нистатиннің 
сіңірілмеуі ауыз қуысының және жыныс мүшелерінің шырышты 
қабатында кандидоз тудырмайды.
■ 
антибиотиктерді барабар емес мөлшерде пероральды 
қолдану, мысалы, эритромицин тәуліктік мөлшері 2г аз, ампицилин 
– 3 г аз, ципрофлоксацин – 1 г аз. 
Мына жағдайларда микробқа қарсы дәрілік заттарды 
ауруханадан тыс пневмония кезінде қолданылуы ақталмаған және 
тиімділігі төмен болады:

ампициллин (пероральдық): биожетімділігі төмен — 
өкпе тініндегі концентрациясы терапевтік мөлшерінен аз болғанда; 
ауыз арқылы қолданғандағы жағымсыз әсерлері; 

гентамицин: 
пневмококкқа 
қарсы 
белсенділіктің 
болмауы; бронхөкпе тінінде концентрациясы төмен болады; 
токсикалылығы жоғары; 

ко-тримоксазол: пневмококк пен гемофильді таяқшаның 
жоғары деңгейлі төзімділігі; ықпалды токсикалылығы; 

оксациллин: пневмококктарға қарсы әсер етуінде 
аминопенициллиндерге қарағанда белсенділігі төмен; гемофильді 
таяқшаларға әсері жоқ; 

пероральдық III кезеңдік цефалоспориндер — 
цефтибутен, цефиксим: пневмококктарға қарсы өте төмен 


124 
белсенділік; 
бағасы 
II 
кезеңдік 
цефалоспориндер 
мен 
аминопенициллиндерге қарағанда қымбат тұрады; 


кезеңдік 
фторхинолондар 
— 
ципрофлоксацин, 
офлоксацин, пефлоксацин, ломефлоксацин: пневмококктарға қарсы 
белсенділігі төмен; төзімді штаммдармен туындаған пневмония 
кезінде клиникалық сәтсіздік қауіпі жоғары; 

I кезеңдік цефалоспориндер — цефазолин, цефалексин: 
гемофильді таяқшаға белсенділігі төмен; пневмококктарға қарсы 
әсер жағынан пенициллиндерге жол береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет