Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет106/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы
Нерв жүйесі екі түрлі қызмет атқарады: біріншісі – организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді; екіншісі – организмдегі барлық ағзалардың қызметін басқарады.
Яғни, нерв жүйесі сыртқы және ішкі ортадан түскен ақпаратты қабылдап, талдап, оған организмнің жауабын қамтамасыз етеді. Осы қызметтері рефлекстер арқылы жүзеге асады. Нерв жүйесі барлық ағзалар мен тіндерге таралып организмнің барлық бөліктерін байланыстырып тұрады.
Нерв жүйесінің анатомиялық құрылымдық-қызметтік бірлігі нейрон (нерв жасушасы,нейроцит) деп аталады. Нейронның денесі және өсінділері болады.Өсінділерінің дендрит және аксон деп аталатын екі түрі болады. Дендриттер
нервтік импульсті тек нейроннің денесіне қарай өткізсе, ал аксон импульсті нейронның денесінен тек ары қарай (басқа нейронға немесе ағзаға) өткізеді. Нервтік импульс бір нейроннан екінші нейронға – нейронаралық синапс арқылы беріледі.
Қызметіне байланысты нейрондардың: сезімтал, аралық (ендірме) және қозғалтқыш деп үш түрі ажыратылады.

      1. Сезімтал (афференттік, рецепторлық) нейрон. Бұл нейрондардың ерекшеліктері – олардың денелері орталық нерв жүйесінен тыс орналасқан және дендриттері аксонына қарағанда ұзын болады. Сезімтал нейрондардың өсінділері әдетте дендрит және аксон деп аталмайды, дендриті – шеткі өсіндісі, аксоны – орталық өсіндісі деп аталады. Сезімтал нейронның шеткі өсіндісі рецептордан басталып, орталық өсіндісі жұлында немесе мида аяқталады. Рецепторлар сыртқы немесе ішкі ортада әсер ететін тітіркендіргіштерді ( ақпаратты ) нервтік импульске айналдырады. Орналасқан жеріне байланысты рецепторлардың үш түрін ажыратады.

  1. Экстероцепторлар сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдайды. Олар теріде және ауыз, мұрын қуыстарының шырышты қабықтарында, сезім ағзаларында орналасып - жанасу, температуралық және ауырсыну сезімдерін қабылдайды.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет