Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет107/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Интероцепторлар ішкі ағзаларда орналасқан. Олар ішкі ортаның химиялық және механикалық әсерлерін қабылдайды.

  • Проприоцепторлар тірек-қимыл мүшелерінде (бұлшықеттерде, сіңірлерде, шандырларда, байламдарда сүйекқапта және буын қапшықтарында) орналасқан.




      1. Аралық (ендірме, ассоциативтік) нейрон нервтік импульсті сезімтал нейроннан қозғалтқыш нейронға жеткізеді.

      2. Қозғалтқыш (эфферентті, эффекторлы) нейрон. Бұл нейронның аксондары нерв- тердің құрамында ағзаларға барады.

    Нерв жүйесінің қызметі рефлекстер арқылы іске асады. Рефлекс - организмнің сыртқы және ішкі ақпараттарға (тітіркендіргіштерге) жауабы. Рефлекстер шартсыз және шартты болып екіге бөлінеді.
    Туа біткен, тұқым қуалаушы рефлекстер шартсыз рефлекстер деп аталады. Олар жұлын және ми сабауы арқылы іске асады ( төменгі нервтік қызмет).
    Жеке өмір сүру барысында организмнің қоршаған ортамен уақытша байланыстар түріндегі арақатынасы шартты рефлекстер арқылы іске асады. Шартты рефлекстер, жоғары нервтік қызметті қамтамасыз ететін үлкен ми қыртысының қатынасуымен жүреді. Бұл рефлекстер арқылы организм өте күрделі қызметтер атқарады.
    Рефлекс өтетін жол рефлекстік доға деп аталады. Рефлекстік доғаның құрамына сезімтал, аралық және қозғалтқыш нейрондар енеді. Рефлекстік доға қарапайым және күрделі деп екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекстік доғалар арқылы шартсыз, күрделі рефлекстік доғалар арқылы шартты рефлекстер іске асады.
    Әдетте, қарапайым рефлекстік доға үш нейроннан тұрады. Жұлын арқылы өтетін қарапайым рефлекстік доғаның бірінші жалғануниполярлы сезімтал нейрондары жұлын түйінінде орналасқан.Олардың рецепторлардан (терідегі, бұлшықеттердегі және т.б.) басталатын шеткі өсінділері жұлын нервтерінің құрамында өтеді.
    Рецепторлар арқылы қабылданатын импульс шеткі өсінді арқылы жүріп, нейронның денесінде өтеді де, оның орталық өсіндісі арқылы жұлынның артқы мүйізінде орналасқан екінші, аралық нейронға беріледі. Нервтік импульс аралық нейроннан алдыңғы мүйізде
    орналасқан, үшінші қозғалтқыш нейронға келеді. Қозғалтқыш нейронның аксоны көлденең жолақты бұлшықетте аяқталады.
    Аз жағдайда кездесетін ең қарапайым рефлекстік доға тек екі - сезімтал және қозғалтқыщ нейрондардан тұрады (тізе рефлексі). Күрделі рефлекстік доға, ми мен жұлынның өткізгіш жолдарын өткен кезде қарастырылады.
    Нерв жүйесі топографиясына байланысты орталық және шеткі нерв жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) ми және жұлын жатады. Шеткі нерв жүйесін (ШНЖ) 31 жұлын нервтері мен 12 жұп бассүйек нервтері құрайды.
    Қызметіне байланысты нерв жүйесі шартты түрде сомалық (анималдық) және


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   172




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет