Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет135/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Бас сүйек нервтерінің анатомиясы

Бассүйек нервтерінің анатомиясы және қызметі тікелей мимен байланысты. Рим сандарымен белгіленген 12 жұп бассүйек нервтері:


І – жұп –иіс сезу нервтері, nn. olfactorii
ІІ – жұп –көру нерві, n.opticus
ІІІ – жұп –көз қозғалтқыш нерв, n.oculomotorius ІV – жұп– шығыршық нерві, n.trochlearis
V – жұп –үшкіл нерв, n.trigeminus
VІ– жұп–әкететін нерв, n.abducens
VІІ– жұп–бет нерві, n.facialis
VІІІ– жұп–кіреберіс – ұлу нерві, n.vestubulicochlearis ІХ– жұп–тіл -жұтқыншақ нерві, n.glossopharyngeus Х– жұп–кезбе нерв, n.vagus
ХІ– жұп–қосымша нерв, n.accessorius
ХІІ– жұп–тіл асты нерві, n.hypoglossus
І және ІІ жұп бассүйек нервтері алдыңғы миден мен, ал ІІІ – ХІІ жұптар – ми сабауының әртүрлі бөліктерінен дамыған. Сонымен бірге ІІІ, ІV – жұп нервтері ортаңғы мимен, V – VІІІ жұптар көпірмен және ІХ – ХІІ- жұптар сопақша мимен байланысты. Нерв талшықтарының құрамы бойынша бассүйек нервтері үш топқа бөлінеді:

  1. Сезімтал нервтер – І,ІІ және VІІІ – жұптар

  2. Қозғалтқыш нервтер – ІV, VІ, ХІ,ХІІ – жұптар

  3. Аралас нервтер – ІІІ, V, VІІ, ІХ және Х - жұптар

Сезімтал нервтер, І жұп үшін мұрын қуысының шырышты қабығында, ІІ – жұп үшін көздің торлы қабығында және VІІІ- жұп үшін сезімтал түйіндерде орналасқан жасушалардың орталыққа тебетін сезімтал талшықтарымен түзілген.
Қозғалтқыш нервтер – ІV, VІ, ХІ,ХІІ – жұптардың қозғалтқыш ядроларының жасушаларының аксондарынан түзілген.
Аралас нервтердің құрамы әртүрлі болады. V, VІІ, ІХ және Х- жұптардың сезімтал құрауышы, сезімтал түйіндердегі псевдоуниполярлық жасушалардың орталық өсінділерінің жиынтығы болып саналады.
ІІІ, ІV, V, VІ, VІІ, ІХ және Х- жұптардың қозғалтқыш құрауышы осы нервтердің қозғалтқыш ядролары жасушаларының аксондар жиынтығы болады. Аралас нервтерде парасимпатикалық құрауыш, ІІІ, VІІ, ІХ, Х- жұптардың құрамында бар. Ол сәйкес нервтердің ядроларынан басталып вегетативті түйіндерге жететін түйін алды (преганглионарлық) парасимпатикалық талшықтардан немесе көрсетілген түйіндер жасушаларының аксондарынан түзілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет