Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет15/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Сүйектенуі. Сирақтың екі сүйегінде де алғашқы сүйектену нүктелері ұрықтың 8- аптасында айқындалады. Екіншілік нүктелер төмендегідей: асықты жілік эпифизінде туылар алдында, ал шыбығында – 4-5 жаста, дисталды эпифиздерінде екеуінде де – 2 жаста, асықты жілік бұдырмағында – 13 жаста, асықты жіліктің дисталды эпифизі – 16- 19 жаста, ал басқа бөліктері 20-22 жаста бітіседі.


Аяқ басы (pes)
Аяқ басы сүйектерінің адамның тік жүруге бейімделгені олардың пішінінен, көлемдерінен және сүйектердің өзара орналасу ерекшеліктерінен көрініс тапқан. Аяқ басы сүйектері үш топтан құралған: тілерсек, табан және бақай.
Тілерсек (tarsus) – дененің вертикалды қалпынан аяқ басына үлкен жүктеме түсуіне байланысты, адам мен приматтарда тілерсекті құрайтын жеті сүйектер салмақтылығымен, ауқымдылығымен ерекшеленеді. Тілерсек сүйектері (ossa tarsi) екі
қатар орналасқан: проксималдыға – асық сүйек пен өкше сүйек, дисталдыға – үш сына тәрізді, қайық тәрізді және текше сүйектер жатады.
Асық сүйек (talus) – салмақты, денесі текше тәрізді, қысқа мойнымен алға қараған сопақ басынан (caput tali) тұратын сүйек. Денесінің жоғарғы беті шығыршық (trochlea tali) тәрізді, ол сирақ сүйектерімен қосылуға арналған. Артқы бөлігі өзі арқылы сагитталды орналасқан, үлкен бақайдың ұзын бүккішінің сіңірі өтетін жүлгесі бар артқы өсіндімен аяқталады. Асық сүйектің төменгі бетінде артқы, ортаңғы және алдыңғы өкшелік буындық беттер болады. Артқы өкшелік буындық бет пен қалған екеуінің арасында сүйекаралық қысқа байламдар бекитін терең жүлге жатыр.
Өкше сүйек (calcaneus) – адамның яқ басындағы ең салмақты сүйек. Ол асық сүйектің астында және біршама сырттай орналасқан. Адамның өкше сүйегінің төменгі сатылы омыртқалылардан айырмашылығы – ол сирақ сүйектерімен тікелей қосылмайды. Адамда аяқ басының ең басты тірек нүктелерінің бірі болып саналатын өкше сүйегінің үлкен ауқымды артқы бөлігін - өкше төмпесі (tuber calcanei) деп атайды. Ал оның ішкі бетінде төменінде үлкен башпайдың ұзын бүккіші сіңірінің жүлгесі бар асық сүйек тірегі (sustentaculum tali) орналасқан. Өкше сүйектің үстінде асық сүйекпен қосылуға арналған, алдыңғы, ортаңғы және артқы буындық беттер байқалады. Осы жерде, жоғарыда аталған асықты сүйектің жүлгесімен бірігіп тілерсектік қойнау (sinus tarsi) түзетін терең жүлге орналасқан, ішіне сүйекаралық байлам бекиді. Сүйектің дисталды шетінде текше сүйекпен қосылатын буындық беті бар.
Қайық тәрізді сүйек (os naviculare) – асық сүйек пен сына тәрізді сүйектер арасында орналасқан. Оның проксималды бетінде асық сүйектің басы үшін шұңқыр болса, дисталды бетінде үш сына тәрізді сүйектермен қосылатын үш бөлек буын беттерін көруге болады. Қайық тәрізді сүйектің ішкі бетінде асықты жіліктің артқы бұлшықеті бекитін бұдырмақ (tuberositas ossis navicularis) байқалады. Бұдырмақты, тері астынан оңай сипап табуға болады. Ол аяқ басының медиалды бойлық күмбезін анықтау үшін антропометриялық нүкте болып саналады.
Сына тәрізді сүйектер (ossa cuneiformia) – саны үшеу (медиалды, аралық және латералды), тілерсек сүйектерінің дисталды қатарының медиалды бөлігінде орналасқан және пішіндеріне сәйкес аталады. Сына тәрізді сүйектер проксималды бетімен қайық тәрізді сүйекпен қосылса, дисталды беті І,ІІ,ІІІ табан сүйектерімен байланысады.
Текше сүйек (os cuboideum) – тілерсектің дисталды қатарының латералды жағында орналасқан, ол латералды сына тәрізді, өкше және ІҮ-Ү табан сүйектерімен
шектелген. Сүйектің төменгі бетінде асықты жілік шыбығының ұзын бұлшықеті сіңірінің жүлгесі (sulcus tend m.peronei longi) болады.
Табан сүйектеріне (metatarsus) – адамдарда барлық приматтардағыдай моноэпифизарлы, қысқа түтікті бес табан сүйектері (ossa metatarsi) жатады. Олардың ішіде тік жүруге байланысты басқаларынан көлемімен бірінші сүйек айқын ерекшеленеді, сонымен қатар бұл сүйек маймылдардағыдай ішке қарай қисаймай, басқаларымен қатар орналасқан. Әр табан сүйегінің тілерсектің дисталды қатарымен қосылатын негізін және проксималды бақайлармен байланысатын буындық беті бар басын және денесін ажыратады. І табан сүйегінің табандық бетінің медиалды бұрышынан бұлшықеттер бекитін бұдырмақ анықталады, ал Ү табан сүйегінің негізінің латералды шетінде тері астынан оңай сипап табылатын бұдырмақ (tuberositas ossa metatarssalis V) көрінеді және ол асықты жілік шыбығының қысқа бұлшықеті бекитін орын болып табылады.
Адамның аяқ басында бес башпай бар, бірақ І башпайды қоспағанда қалғандары жиі көлемдері өте шағын, дұрыс емес пішінді болып келеді. Ол аяқтың негізгі қызметінде олардың басты ролді жоғалтуының айғағы. ІІ-Ү башпайлар үш бақайдан (проксималды, ортаңғы, дисталды), ал І башпай ірі екі бақайдан (проксималды, дисталды) тұрады. Барлық бақайлар моноэпифизарлық қысқа түтікті сүйектерге жатады. Әр бақай негізінен, денесінен және басынан тұрады. І башпай көлемінің үлкенділігі мен салмақтылығына байланысы үлкен башпай (hallux) деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет