Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет18/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû
Б1.Б.18 Психология массовых коммуникаций, Б1.Б.18 Психология массовых коммуникаций, 11-сынып,орыс сыныбы қазақ тілі, 1 нұсқа, 123, 123, 123, 123, 123, (фото)Ұлттық екпе күнтүзбесі, ӘРБІР МҰСЫЛМАН БІЛУІ ТИІС СҰРАҚТАР, Пробный урок АНГЛИЙСКИЙ, 15,16,17,18 билеттер, 13,14.15 тарбие, instr entkz
Торлы сүйек, os ethmoidale, үстінде әтеш айдары, crista galli орналасқан тесіктелген табақша, lamina cribrosa; перпендикулярлық табақша, lamina perpendicularis, және жұп торлы лабиринттерден, labirintus ethmoidalis құралған. Тесіктелген табақша алдыңғы бассүйектік шұңқыршаны түзуге қатынасып мұрын қуысының жоғарғы қабырғасын құрайды, ал перпендикулярлық табақша мұрын қалқасының құрамына кіреді.
Торлы лабиринттің екі бетін: көзұялық, facies orbitalis және мұрын беті facies nasalis ажыратады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасының құрамына кіретін мұрын бетінде жоғарғы мұрын жолын шектейтін өсіндіні: жоғарғы және ортаңғы кеуілжірлерді, concha nasalis superior et concha nasalis media, байқауға болады. Лабиринтті өзара орналасуларына сәйкес алдыңғы, ортаңғы, артқы болып топтастырылған көп мөлшерде қуыстар-торлы
ұяшықтар түзеді. Артқы ұяшықтар жоғарғы, ортаңғы және алдыңғы ұяшықтар ортаңғы мұрын жолдарымен қатынасады.
Торлы сүйек даму тұрғысынан кейінгі сүйектерге жатады.


Сынатәрізді сүйек, оs sphenoidale, денеден және үш жұп өсінділерден тұрады. Сынатәрізді сүйектің денесі, corpus ossis sphenoidalis, ортаңғы бассүйек шұңқырын, мұрын қуысының жоғарғы, көзұяның медиалды қабырғаларын және бассүйектің сыртқы негізін түзуге қатынасады.
Сынатәрізді сүйектің кіші қанаты, ala minor ossis sphenoidalis,көзұяның жоғарғы қабырғасының бөлікшесі болып алдыңғы бассүйек шұңқыршасының құрамына кіреді. Сынатәрізді сүйектің үлкен қанаты ala major ossis sphenoidalis, өзінің милық бетімен facies cerebralis, бассүйектің ортаңғы шұңқыршасына қараған, көзұлық беті; facies orbitalis, көзұяның бүйір қабырғасының бөлігі; жоғарғыжақ беті самайасты, қанат – таңдайлық шұңқыршаларға бағытталған.Самай беті, facies temporalis, самайастылық қыр, crista infratemporalis арқылы екі алаңға бөлінген, олардың жоғарғысы самай, ал төменгісі самайасты шұңқыршаларының медиалды қабырғаларын түзеді.Қанаттәрізді өсінді, processus pterygoideus, бассүйектің сыртқы негізінде орналасқан, алдынан бір-бірімен бітіскен, ал артынан ашық екі табақшадан, lamina lateralis et lamina medialis processus pterygoideus тұратын түзіліс. Медиалды табақша төменінде қанат тәрізді ілмекпен hamulus pterygoideus аяқталады.
Сүйектің денесінің ішінде өзі аттас үлкен тесікпен жоғарғы мұрын қалқанының артынан мұрын қуысына ашылатын сынатәрізді қойнау, sinus sphenoidalis орналасқан.
Сынатәрізді сүйек даму тұрғысынан аралас.
Оның үлкен қанаттарының латералды бөліктері, қанаттәрізді өсіндінің медиалды табақшасы (қанаттәрізді ілмектен басқа) және сынатәрізді қалқан
даму үрдісінде екі сатыны өтсе, қалған бөліктері кейінгі сүйектерге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет