Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет20/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû
Б1.Б.18 Психология массовых коммуникаций, Б1.Б.18 Психология массовых коммуникаций, 11-сынып,орыс сыныбы қазақ тілі, 1 нұсқа, 123, 123, 123, 123, 123, (фото)Ұлттық екпе күнтүзбесі, ӘРБІР МҰСЫЛМАН БІЛУІ ТИІС СҰРАҚТАР, Пробный урок АНГЛИЙСКИЙ, 15,16,17,18 билеттер, 13,14.15 тарбие, instr entkz
Төменгі жақсүйек, mandibula денесінен және жұп тармақтардан құралған. Төменгі жақтың тармағы тәждік, processus coronoideus және
буындық (айдаршықтық) processus articularis (condylaris) өсінділерімен аяқталады.
Желбезек сүйек, vomer мұрын қуысының қалқасын түзуге қатынасады.


Тіласты сүйек, os hyoideum мойын аймағында орналасқан: оған көмей мен мойынның тіласты сүйегі асты және тіласты сүйегі үсті бұлшықеттері бекиді. Сүйектің шығу тегі мен дамуы ескеріліп тіласты сүйегі,бассүйектің беттік бөлігі сүйектеріне жатқызылды.
Тіласты сүйек денесі, corpus ossis hyoidei, және 2 жұп өсінділерінен;


үлкен мүйіз, cornu majиs, кіші мүйіз, cornu minus тұрады.


Жоғарғы жақсүйек, maxilla, денесін және төрт өсіндіден құралған.

Жоғарғы жақсүйек денесінің, corpus maxillae, төрт бетін ажыратады: Мұрын қуысының бүйір қабырғасын құрауға қатынасатын мұрын беті, facies nasalis, көзұяның төменгі қабырғасын түзуге үлесі бар, көзұялық бет, facies orbitalis, қанаттәрізді – таңдай шұңқырдың алдыңғы бетін түзуге қатынасатын самайасты беті, facies infratemporalis және көбінде иттістік шұңқырымен, fossa canina, белгілі алдыңғы бет, facies anterior.


Жоғарғы жақсүйек денесінің ішінде мұрын қуысының ортаңғы мұрын жолына ашылатын жоғарғы жақсүйектік ( Гаймор қуысы), sinus maxillaris (Higmori) орналасқан.Бұл қуыс басқа қалған қуыстардан айырмашылығы, тек осы қуыспен ғана нәресте туылады, ал басқа бассүйектік қуыстар кейіннен постнатальды кезеңде қалыптаса бастайды. Бассүйектердегі ауалы қуыстардың қалыптасу уақыттарымен қатынастары туралы деректер төмендегі кестеде көрсетілген.

  1. кесте. Бассүйектердегі ауалы қуыстардың қалыптасу уақыттарымен қатынастары туралы деректер




Қуыстардың атаулары

Қалыптасу мерзімі

Қатынастары

Жоғарғы жақсүйектік қуыс,

ұрықтық дамудың 5-6

- мұрын қуысы (ортаңғы мұрын

sinus maxillaris

айларында

жолы, meatus nasi medius)

Маңдай қуысы, sinus frontalis

туылғаннан соң 12- айда

- мұрын қуысы (ортаңғы мұрын жолы, meatus nasi medius)

Торлы сүйек ұяшықтары,cellulae ethmoidalis :
а) алдыңғы б) ортаңғы
в) артқы

туылғаннан соң 9-12 ай өткенде

а) - мұрын қуысына (ортаңғы мұрын жолы, meatus nasi medius)
б) - мұрын қуысына (жоғарғы мұрын жолы, meatus nasi superior)

Емізіктәрізді ұяшықтар,


cellulae mastoideae

туылғаннан соң 5-8 ай өткенде

- емізіктәрізді қайнау дабыл қуысымен байланысқан, cavitas tympanica



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет