Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет160/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Көзжас аппараты, apparatus laсrimalis, көз жас безінен және көзжас сұйықтығын шығаратын жолдардан тұрады.
Көзжас безі, glandula lacrimalis, көзұяның алдыңгы бөлігінің жоғарғы латералды бұрышындағы аттас шұңқырда орналасқан. Оның 10-15 шығаратын түтікшелері, ductali exeretorii, конъюнктиваның жоғарғы күмбезіне ашылады. Көзжас безі көз алмасын кеуіп кетуден сақтайтын және шаңтозаңдар мен бактериялардан қорғайтын мөлдір, түссіз сұйықтық - көзжасын, lacrima, бөледі. Көзжас сұйықтығы, қабақтардың артқы жиегі мен көз алмасының арасындағы капилярлық саңылау, көзжастық жылға, rivus lacrimalis, арқылы, көздің медиалды бұрышындағы көзжастық көлге, lacus lacrimalis, келеді. Осы жерден жоғарғы және төменгі көзжастық бүртікшелердегі, papillae lacrimales, тесіктер арқылы жоғарғы және төменгі көзжастық өзекшелерге, canaliculi lacrimales, өтеді. Бұл өзекшелер көзұяның төменгі медиалды бұрышындағы аттас шұңқырда орналасқан көзжастық қапқа, saccus lacrimalis, ашылады. Көзжастық қап төменгі жағында мұрын- көзжастық өзекте орналасатын мұрын-көзжастық түтікке, ductus nasolacrimalis, жалғасады. Бұл түтік мұрынның төменгі жолына ашылады.
Көру анализаторының өткізгіш жолы.

Көзге түсетін жарық көз алмасының жарық сындырғыш құрылымдары: мөлдір қабық, алдыңғы және артқы камералардың сулы ылғал, көзбұршақ, шынытәрізді дене арқылы өтеді. Олар жарықты торлы қабықтың ең сезімтал жері даққа бағыттайды. Бұл үдерісте көзбұршақтың маңызы зор, өзінің дөңестігін өзгерту арқылы (аккомодация) ол жарықтың даққа бағытталуын қамтамасыз етеді. Торлы қабықтың нервтік жолы үш нейронның тізбегінен тұрады. Бірінші нейрондар - көру ағзасының рецепторы болып


табылатын таяқшалар мен сауытшалардан түзілген. Олар жарықты нервтік импульске айналдырады. Нервтік импульс екінші – биполярлық нейрондарға, олардан үшінші – мультиполярлық (ганглионарлық) нейрондарға беріледі. Мультиполярлық нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) соқыр дақ аймағында бір-бірімен қосылып көру нервісін, n.opticus, құрайды. Көру нерві көзұядан көру өзегі арқылы шығып, мидың негізінде, қарсы жақтың нервісімен көру қиылысын, chiasma opticum, түзеді. Бұл жерде торлы қабықтың медиалды жартыларынан шығытын нерв талшықтары ғана қиылысады. Көру қиылысы көру жолына, tractus opticus, жалғасады. Көру жолының құрамында, өз жағындағы көз алмасының торлы қабығының латералды жартысынан, екінші жақтағы көздің торлы қабығының медиалды жартысынан шығатын нерв талшықтары өтеді. Яғни, оң жақтағы көру жолы нервтік импульсті – оң жақтағы көздің оң жақ (латералды) жартысынан, сол жақтағы көздің де оң жақ (медиалды) жартысынан өткізеді. Көру жолының талшықтары үш қыртыс астылық көру орталықтарында: латералды иінді денеде, таламустың артқы ядроларында (жастығында) және ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктерінде аяқталады.

Латералды иінді дене мен жастық нейрондарының орталық өсінділері ішкі қапшықтың артқы аяқшасы арқылы өтіп, жан - жаққа шашырай көру тарамдарын (cәулесін), radiatio optica, түзеді. Олар шүйделік үлестің медиалды бетіндегі топшылық жүлгенің түбіндегі және жиектеріндегі сұр затта орналасқан, қыртыстық көру орталығында аяқталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет