Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет73/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

алақандық бет:

а) бүккіш бұлшықеттердің синовиалды қынаптары retinaculum flexorum жиегінен проксималды және дисталды бағытта 1-2 см жоғары орналасады;
б) бас бармақтың ұзын бүккіші сіңірінің қынабы дисталды бунақ негізіне дейін жалғасады;
в) бүккіштердің жалпы қынабы алақанның орта тұсында тұйық бітеді, ал шынашақ аймағында – дисталды бунаққа дейін жетеді;
г) ІІ-ІҮ саусақтарға баратын беткей және терең бүккіштер сіңірлерінің саусақтарда дисталды бунақтар негізі мен алақан сүйектерінің басы аралығында орналасатын, оқшауланған, тұйық аяқталатын синовиалды қаптары болады.

  1. сыртқы бет: жекелеген синовиалды қынаптар проксималды бағытта retinaculum extensorum үстінен 2-3 см шығып тұрады; ал дисталды бағытта алақан сүйектерінің ортасына дейін жалғасады.



АЯҚ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ
Жамбас бұлшықеттері
Жамбас бұлшықеттерінің жіктелуі мен топографиясы:

  1. – жамбастың ішкі топ бұлшықеттері: тт. iliopsoas, piriformis, obturatorius internus;

  2. – жамбастың сыртқы топ бұлшықеттері: тт. gluteus maximus, gluteus medius, gluteus minimus, quadmtus femoris, gemellus superior, gemellus inferior, tensor fasciae latae, obturatorius externus.

Жамбастың барлық бұлшықеттерінің шығу тегі жұлындық болғандықтан (вентралды) - plexus lumbalis et plexus sacralis тармақтарымен нервтенеді.


І. Жамбастың ішкі топ бұлшықеттері
Мықын-бел бұлшықеті, т. iliopsoas келесі бөліктерден тұрады:

  1. үлкен бел бұлшықеті, т. psoas major:

  2. кіші бел бұлшықеті, т. psoas minor (тұрақсыз);

  3. мықын бұлшықеті, m. iliacus;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет