Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет70/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Беткей қабаты

Дельтатәрізді бұлшықет, m. deltoideus:

    • басталатын жері: clavicula (латералді үштен бірі); acromion; spina scapulae;

    • бекитін жері: tuberositas deltoidea humeri;

    • қызметі: иықты бүгу және ішке айналдыру (алдыңғы будалары); иықты жазу және сыртқа айналдыру (артқы будалары); иықты әкету (ортаңғы будалары).




  1. Терең қабаты

  1. Жауырынның дорсалді бетінде орналасқан бұлшықеттер: Қылқанүсті бұлшықеті, m. supraspinatus:

    • басталатын жері: fossa supraspinata;

    • бекитін жері: tuberculum majus humeri (жоғарғы аймағы);

    • қызметі: иықты әкету.

Қылқанасты бұлшықеті, m. infraspinatus:

    • басталатын жері: fossa infraspinata;

    • бекитін жері: tuberculum majus humeri (ортаңғы аймағы);

    • қызметі: иықты сыртқа айналдыру.

Кіші дөңгелек бұлшықет, m. teres major:

  • басталатын жері: fossa infraspinata (m.infraspinatus астында);

    • бекитін жері: tuberculum majus humeri (төменгі аймағы);

  • қызметі: иықты сыртқа айналдыру.

Үлкен дөңгелек бұлшықет, m. teres major:

    • басталатын жері: facies dorsalis scapulae (төменгі бұрышында);

  • бекитін жері: crista tuberculi minoris humeri;

  • қызметі: иықты әкелу және ішке айналдыру.


        1. Жауырынның қабырғалық бетінде орналасқан бұлшықеттер. Жауырынасты бұлшықеті, m. subscapularis;

          • басталатын жері: fossa subscapularis;

          • бекитін жері: tuberculum minus humeri;

          • қызметі: иықты әкелу және ішке айналдыру.

Иық бұлшықеттері
Иық бұлшықеттерінің топографиясы бойынша жіктелуі:

  1. алдыңғы топ: mm. biceps brachii, coracobrachialis, brachialis;

  2. артқы топ: mm. triceps brachii, m. anconeus.

Барлық иық бұлшықеттері – шығу тегі тұлғалық (вентралдық) – нервтенуі plexus brachialis тармақтары арқылы жүзеге асады.


I. Иық бұлшықеттерінің алдыңғы тобы
Иықтың екі басты бұлшықеті, m. biceps brachii:

  • басталатын жері: caput longum- tuberculum supraglenoidale scapulae; caput breve- processus coracoideus scapulae;

  • бекитін жері: tuberositas radii;

  • қызметі: иық пен білекті бүгу; білекті сыртқа айналдыру (шартты супинатор – Пирогов апоневрозы есебінен).



Құстұмсық-иық бұлшықеті, m. coracobrachialis:

    • басталатын жері: processus coracoideus scapulae;

    • бекитін жері: humerus (ортаңғы үштен біріне);

    • қызметі: иықты бүгу;

Иық бұлшықеті, m. brachialis:

    • басталатын жері: humerus (төменгі және ортаңғы үштен бірі);

    • бекитін жері: tuberositas ulnae;

    • қызметі: шынтақ буынында бүгу.

Иық бұлшықеттерінің артқы тобы Иықтың үш басты бұлшықеті, m.triceps brachii:

  • басталатын жері: caput longum tuberculum infraglenoidale scapulae; caput laterale humerus-тің артқы-латералді беті: caput mediale - humerus-тің артқы беті;

  • бекитін жері: olecranon:

  • қызметі: шынтақ буынын жазу, ұзын басы – иық буынын жазу және тұлғаға әкелу.

Шынтақ бұлшықеті, m.anconeus:

  • басталатын жері: epicondylus lateralis humeri;

  • бекитін жері: olecranon:

  • қызметі: шынтақ буынын жазу.

Білек бұлшықеттері
Білек бұлшықеттерінің топографиясы бойынша жіктелуі:

  1. Алдыңғы топ:

  1. беткей қабаты: mm brachioradialis, pronator teres, flexor carpi radialis, palmaris longus, flexor digitorum superficialis, flexor carpi ulnaris;

  2. терең қабаты: mm. flexor pollicis longus, flexor digitorum profundus, pronator quadratus;

  1. Артқы топ:

1- беткей қабаты: mm. extensorіs carpi radialіs longus et brevis,extensor digitorum, extensor digiti minimi, extensor carpi ulnaris;
2 – терең қабаты: mm. supinator, abductor pollicis longus, extensor pollicis brevis, extensor pollicis longus, extensor indicis.
Барлық білек бұлшықеттері – шығу тегі тұлғалық (вентралдық) – нервтенуі plexus brachialis тармақтары арқылы жүзеге асады.



  1. Білек бұлшықеттерінің алдыңғы тобы

  1. Беткей қабаты

Иық-кәрі жілік бұлшықеті, m. brachioradialis:

    • басталатын жері: crista supracondylaris lateralis humeri;

    • бекитін жері: radius (processus styloideus үстіне);

    • қызметі: шынтақ буынын бүгу; қол басын супинация мен пронация арасындағы орташа жағдайда ұстап тұру.

Дөңгелек пронатор, m. pronator teres:

    • басталатын жері: типтік және processus coronoideus ulnae;

    • бекитін жері: radius (ортаңғы үштен бірі);

    • қызметі: шынтақ буынын бүгу; білек пронациясы

Білезіктің кәрі жіліктік бүккіші, m.flexor carpi radialis:

    • басталатын жері: типтік;

    • бекитін жері: basis os metacarpale II;

    • қызметі: қол ұшін бүгу; қол ұшін әкету ( mm.extensorіs carpi radialіs longus et brevis- пен бірге).

Ұзын алақандық бұлшықет, m. palmaris longus:

    • басталатын жері: типтік;

    • бекитін жері: aponeurosis palmaris;

    • қызметі: қол ұщін бүгу; алақан апоневрозын керу.

Саусақтардың беткей бүккіші, m. flexor digitorum superficialis:

    • басталатын жері: типтік; lig. collaterale ulnare және radius-тің проксималді бөлігі;

    • бекитін жері: сіңірлерімен II-V саусақтардың ортаңғы бунақтарының бүйір беттеріне бекінеді;

    • қызметі: қол ұшін бүгу; II-V саусақтарды бүгу.

Білезіктің шынтақтық бүккіші, m. flexor carpi ulnaris:

    • басталатын жері: caput mediale – типтік; caput laterale - olecranon;

    • бекитін жері: os pisiforme;

    • қызметі: қол ұшін бүгу; қол ұшін әкелу (m.еxtensor carpi ulnaris-пен бірге).

  1. Терең қабаты

Бас бармақтың ұзын бүккіші, m. flexor pollicis longus:

  • басталатын жері: radius et membrane interossea antebrachii;

  • бекитін жері: бас бармақтың тырнақтық бунағының негізі;

  • қызметі: қол ұшін және бас бармақты бүгу.

Шаршы пронатор, m. pronator quadratus:

  • басталатын жері:ulna (төменгі үштен бірі);

  • бекитін жері: radius (төменгі үштен бірі);

  • қызметі: білек пен қол ұшының пронациясы.

  1. Білек бұлшықеттерінің артқы тобы

  1. Беткей қабаты

Білезіктің ұзын кәрі жіліктік жазғышы, m. еxtensor carpi radialis longus:

    • басталатын жері: типтік;

    • бекитін жері: II алақан сүйегінің негізі;

    • қызметі: білекті жазу; қол ұшін әкету (m.flexor carpi radialis-пен бірге).

Білезіктің қысқа кәрі жіліктік жазғышы, m. extensor carpi radialis brevis:

    • басталатын жері: типтік; et lig. collaterale radiale;

    • бекитін жері: III алақан сүйегінің негізі;

    • қызметі: қол ұшін жазу; қол ұшін әкету (m. flexor carpi radialis-пен бірге).

Саусақтардың жазғышы, m. extensor digitorum:

    • басталатын жері: типтік;

    • бекитін жері: II-V саусақтардың ортаңғы және тырнақтық бунақтары;

    • қызметі: II-V саусақтарды жазу.

Шынашақтың жазғышы, m. extensor digiti minimi:

    • басталатын жері: типтік;

    • бекитін жері: шынашақтың ортаңғы және тырнақтық бунағының негізі;

    • қызметі: шынашақты жазады.

Білезіктің шынтақтық жазғышы, m. еxtensor carpi ulnaris:

    • басталатын жері: типтік;

    • бекитін жері: V алақан сүйегінің негізі;

    • қызметі: қол ұшін жазу; қол ұшін әкелу (m.flexor carpi ulnaris-пен бірге).

  1. Терең қабаты Супинатор, m. supinator:

  • басталатын жері: epicondylus lateralis humeri, lig.collaterale radiale, lig. annulare radii et crista m. supinatorii;

  • бекитін жері: radius (жоғарғы үштен бірі):

  • қызметі: білек супинациясы.

Бас бармақты әкететін ұзын бұлшықет, m. abductor pollicis longus:

  • басталатын жері: radius, ulna (төменгі үштен бірі) et membrane interossea antebrachii:

  • бекитін жері: I алақан сүйектің негізі;

  • қызметі: қол ұшін және бас бармақты әкету.

Бас бармақтың қысқа жазғышы, m. extensor pollicis brevis:

  • басталатын жері: radius et membrane interossea antebrachii;

  • бекитін жері: бас бармақтың проксималді бунағы;

  • қызметі: бас бармақты жазу және әкету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет