Мойын кеңістіктер
Сатыалды кеңістігі, spatium antescalenum, шекаралары:
алдында: mm.sternohyoideus, sternothyroideus;
артында: m.scalenus anterior;
төменде:costa I (sulcus v.subclaviae);
кеңістіктегі құрылымдар: v.subclavia.
Сатыаралық кеңістік, spatium interscalenum, шекаралары:
алдында: m.scalenus anterior;
артында: m.scalenus medius;
төменде:costa I (sulcus v.subclaviae);
кеңістіктегі құрылымдар: a.subclavia; plexus brachialis.
Төменгі жақсүйек асты кеңістігі, spatium submandibulare. Оның шекаралары:
латералді: f.cervicalis propria-ның тіластыүстілік бөлігінің беткей табақшасы;
медиалді: f.cervicalis propria-ның терең табақшасы;
жоғарыда: corpus mandibulae;
кеңістіктегі құрылымдар: gl.submandibularis; шелмай; лимфа түйіндері, a. еt v.facialis.
Төменгі жақсүйек арты шұңқыры, fossa retromandibularis. Оның шекаралары:
артында: processus mastoideus et m.sternocleidomastoideus;
жоғарыда: meatus acusticus externus;
алдында: ramus mandibulae-нің артқы жиегі;
медиалді: processus styloideus және оның бұлшықеттері.
шұңқырдағы құрылымдар: gl.parotidea; a.temporalis тармақтары; plexus parotideus n.facialis.
БАС БҰЛШЫҚЕТТЕРІ
Бастың шекаралары болып табылады: иек шодыры, төменгі жақсүйектің денесі мен тармағы, сыртқы есту жолы, емізіктәрізді өсінді, жоғарғы желке сызығы, шүйделік сыртқы шодыр.
Бас бұлшықеттерінің қызметіне және орналасуына байланысты жіктелуі:
Достарыңызбен бөлісу: |