Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет124/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Айырша без (тимус) 
Көп уақыт тимусты тіршілік үшін қажетті мүше деп санамаған, себебі оны 
жануарлардың тұтас организмінен бөліп тастағанда олардың тіршілігінде көп өзгерістер 
байқалмаған. Бірақ кейіннен анықталғандай, егер оны жаңа туған нәрестеден дараласа 
онда организмнің микробтарға қарсы қорғаныс қызметі біртіндеп әлсіреп иммунодефицит 
пайда болып нәресте өледі. Алғашқыда тимусты басқа бір лимфойд ағзалары үшін 
гормондар бөліп шығарады десе кейіннен оның өзі лимфоциттер (Т-лимфоциттер) 
түзетінің, олар болса иммун жүйесінің басты бір бөлігі болып саналатыны анықталды. 
Тимусты иммун жүйесіне жатқызудың қандай себептері бар: 
1.
Тимоциттер – тимус клеткалары, сырттай басқа лимфоциттерден еш 
айырмашылығы жоқ. 
2.
Онтогенезде лимфоциттер тимуста пайда болады да кейіннен лимфотүйіндерге, 
көкбауырға, қанға ауысады. 
Ал иммун жүйесіне жатқызбаудың себептері: 
1.
Ересек кезде тимустың көлемі кішірейіп майлы тінге айналады. 
2.
Тимусты организмнен дараласа оған айтарлықтай зақым келмейді. 


232 
1960 жылдан бастап өткізілген тәжірибелер көрсеткендей (эксперименттер тек қана 
жаңа туған тышқандарға жасалады олардан тимус алынып тасталады тимэктомия), олар 
бақылау топтағы тышқандармен салыстырғанда дамуы баяулап, бойлары өспей, терілері 
тұрақты ісініп, әртүрлі ауруларға шалдығып, бірте-бірте әлсірей бастады, ақырында 2-3 ай 
ғана өмір сүре алады. Ең ғажабы егерде оларға жаңадан ағзалармен тері отырғызса 
организмдерінде бөгде тканьді қабылдамау реакциясы байқалмайды. Нәтижесінде 1961 
жылы «Ланцет» журналында Мельбурн қаласында орналасқан «Вальтер және Элиза 
Холл» атындағы медициналық зерттеу институтының аспиранты Джек Миллердің 
«Тимустың иммунологиялық қызметі» атты алғашқы статьясы жарық көрді.
Тимус (айырша без)
Тимус – паренхиматозды, лимфоэпителиальды үлестік мүше, ол төстің тұтқасымен 
денесінің тікелей артында, алдыңғы көкірекаралықтың жоғарғы бөлімінде орналасқан. 
Түсі қызғылт сұр. Жалпақ және үшбұрыш пішінді, ұшы мойын аймағына шығып тұрады. 
Жоғарғы ұштары қосылған екі үлкен үлестерден тұрады, олар пісіп жетілмеген боз 
балаларда жақсы көрінеді. Үлестердің көлемі әртүрлі және 75% шамасында сол үлес оңға 
қарағанда ірілеу келеді. Боз балаларда үлестердің жоғарғы ұштары мойын аймағында 
шығып, төстің мойындырық шұңқыршасына дейін не болмаса қалқанша безге дейін 
жетеді, ал төменгі шеті жүректің негізінде орналасып жүрекқаппен жанасып жатады.
Ересек адамдарда тимустың мойын бөлігі болмайды, ал жоғарғы ұшы төс тұтқасының 
артында, ал төменгі жиегі екінші немесе үшінші қабырғааралық тұста орналасқан. 
Адамдардың 25% да тимустың қосалқы үлесшесі кездеседі ол мойынның жұмсақ тінінде, 
көкірекаралықтың борпылдақ тініне, айырша безге жанасып орналасады, не болмаса 
айырша без тінінің ішінде жатады. Осындай қосалқы немесе абберентті үлесшелер 
әйелдерде жиі кездеседі. Олар негізінен мойынның сол жағында немесе көкірекаралықтың 
сол бөлігінде орналасады. Қосалқы үлесшенің болатынын әруақытта тимоэктомия 
уақытында есте сақтау керек, себебі паталогиялық үрдіс кезінде безді кесіп тастағанда 
қосалқы бөлікшесін орнында қалдырып кету ойлаған мақсатқа жеткізбейді. Айырша без 
деп аталуы оның пішінімен байланысты, ол екі тісті айырды еске түсіреді. Ал көпке 
жайылған аты – тимус, ол латын тілінің тимин өсімдігі деген сөзінен шыққан.
Бездің сыртын жапқан дәнекер тінді қабығынан перенхима ішіне дәнекер тінді 
қалқалар еніп оны көптеген бөліктерге бөледі, олардың көлемі 0,2-5 мм-ге дейін. Қалқалар 
(септалар) бездің қыртыстық бөлігінен милық бөлігі аралығына дейін жетіп әрі қарай 
милы бөліктер бір-бірімен араласа шектеусіз орналасады.


233 
Тимустың әр бөлігі қыртыстық және милық бөліктерден қүралады. Қыртыстық бөлігі 
көптеген майда лимфоциттерден тұрса, милық бөлігі эпителийлік тегі бар ірі 
жасушалардан құралған. Эпителий жасушалары арасындағы кеңістіктер әртүрлі деңгейде 
пісіп жетілген лимфоциттермен (негізінен Т-лимфоциттер) толған, оларды тимоциттер 
деп атайды және тимустың жасушаларының 90%-ын осылар құрайды. Бұлардан өзге 
мезенхималық тегі бар макрофагтар көптеп кездеседі. Тимоциттер көптеп қыртыстық 
үлестегі септалар ойысында шоғырланған, сондықтан олардың кесінділерін микроскоп 
арқылы қарағанда қыртыстық зат милық затпен салыстырғанда қоңырлау болып көрінеді. 
Тимустың қыртыстық үлесіндегі лимфоциттер мен өзге жасушалар санының арақатынасы 
100:1 болса, милық үлесте ол 1:20 ғана. Милық заттың, қыртыстық заттан айырмашылығы 
олар тимус денешіктерінен, не болмаса Гассаль денешіктерінен тұрады, ол эпителий 
жасушаларының бір түрі болып саналады. 
Доктор К.Н.Муканов (Семей) көрсеткендей Гассаль денешіктерінің морфологиясы мен 
айырша бездің ішкі құрылымы бір-бірімен сәйкес, себебі Гассаль денешігінің қалыптасуы 
кейбір ретикулоэпителий жасушаларының, көрші басқа жасушалармен қосылу 
нәтижесінде пайда болған. 
Бұл жасушаларда алғашқыда цитоплазма көбейеді, кебіреулерінде ядролар көлемі 
үлкейеді, ақырында жасушалардың өздері іріленеді. Дамуларының осы кезінде 
денешіктерді құрайтын барлық дерлік жасушаларда анық көрінетін ядролар пайда болады, 
ал Гассаль денешіктерінің қызметтік қуатын көрсететін нәрсе ол ядросыз жасушалардың 
пайда бола бастауы және борпылдақ (аморфты) заттың біркелкіленуі. 
Гассаль денешіктерінің ең соңғы гистогенездік кезеңі олардың біртіндеп ыдырауы, 
ядросыз клеткалардың көбеюі. Тимустың массасымен Гассаль денешіктерінің саны мен 
сапасы арасында тығыз байланыс бар, себебі тимустың гипоплазия кезеңінде (дамымай 
қалуы) Гассаль денешіктері көбейеді, гиперплазия (қалыптан артық даму) кезеңінде 
керісінше олар азаяды. 
Жыныстық пісіп – жету кезеңінен бастап тимустың инволюциясы (кері дамуы) 
басталып оның тіні біртіндеп май жасушалары және дәнекер тінмен алмасады. Жаңа туған 
нәрестеде тимустың салмағы 15 грамм, егер нәрестенің туғандағы салмағын 3 кг деп алсақ 
тимуспен салмақ ара қатынастары 0,5%-ды құрайды. 
Жыныстық пісіп – жетілу кезінде айырша бездің массасы өзінің ең жоғарғы деңгейіне, 
20-37 гр. жетеді. Әрі қарай кері даму үрдісі басталады да біртіндеп, жоғарыда 


234 
көрсетілгендей, май тінімен алмаса бастайды. Осындай жастық инволюцияны (кері 
дамуды) қалыпты дамып келе жатқан организмнің физиологиялық немесе табиғи 
инволюциясы деп атайды. Айырша бездің инволюциясы кейбір кездерінде сыртқы 
ортаның әсерінен де байқалады, мысалы: аштықта, стресте, инфекцияда, күйгенде. 40-
жастағы адамда тимустың салмағы 3-грамм немесе жалпы салмақтың 0,005%-на сәйкес.
Без өзінің даму үрдісінде 3-кезеңді өтеді: 
1.
Құрсақтық кезең – шапшаң, екпінді. 
2.
Туғаннан, 6-7 жасқа дейін. 
3.
6-7 жастан пісіп жетілгенге дейін, әрі қарай без кері даму кезеңіне кіреді. 
Бәрібір әлі айырша бездің жастық анатомиясы туралы соңғы сөз айтылған жоқ. 
Мәселен (1964 ж.) бойынша тимустың инволюциясы нәрестенің құрсақ іші кезеңінен 
басталып қартайған кезеңге дейін жалғасады. 
В.А.Третьяковтың зерттеулері бойынша без 65%-да екі үлестен 35%-да үш үлестен 
алты үлеске дейін барады. Балалық шақта бездің пішіні қиылған конус тәріздес, көлденең 
размері жақсы жетілген болса, 18 жастан кейін бездің үлестері жалпайып ұзарады, 
жапыраққа немесе цилиндрге ұқсай бастайды. Осы зерттеулердің нәтижесінде автордың 
айырша бездің жыныстық пісіліп – жетілу кезеңіне жетпей жоқ болмайтынына, оның 
ересек адамдарда өз қызметін жоймайтынына, жалғастыратынына көзі жетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет