94
Төс-қабырғалық буындар,
articulationes sternocostales
, төстің қабырғалық тіліктері
мен ІІ-ҮІІ қабырғалардың шеміршектері арқылы түзілген.
Буындардың қуыстары
вертикалды орналасқан жіңішке саңылаулар түрінде болады, ІІ және ІІІ буындардың
қуысында
төс-қабырғалық буынішілік байлам, lig. sternocostale intraarticulare,
орналасады. Буындардың қапшығын қабырға шеміршектерінің шеміршектік қабықтары
түзеді. Буындардың алдыңғы және артқы
беттерінде жақсы дамыған
төс-қабырғалық
тарамдалған байламдар, ligg. sternocostalia radiate,
жатады. Бұл байламдар төстің
алдыңғы бетінде жақсы дамып –
төс жарғағы, membrana sterni,
деп аталады.
І қабырғаның шеміршегі төспен синхондроз арқылы қосылады. ҮІІІ, ІХ
және Х
сүбе қабырғалардың, ал кейде ҮІ және ҮІІ қабырғалардың шеміршектері бір-бірімен
қосылады. Қабырға шеміршектерінің бұл қосылыстары синхондроздар немесе
шеміршекаралық буындар, articulationes interchondrales,
түрінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: