Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет71/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Көкет 
Көкет, 
diaphragmа (m.phrenicus)
– кеуде және іш қуыстарын бөліп тұратын тақ 
бұлшықет. 
Көкеттің бөлімдері:
 
1.
 
Сіңірлі орталық, 
сentrum tendineum; 
2.
 
Бұлшықетті бөлігі, 
pars muscularis. 


131 
Көкет күмбезінің оң бөлігі бесінші қабырғаның шеміршегі деңгейінде, ал сол жағы – 
алтыншы қабырғаның шеміршегі деңгейінде орналасқан. Жоғарғы және төменгі 
жақтарынан көкет шандырлармен жабылған: сәйкесінше – 
f.endothoracica 
және

f.endoabdominalis
, сонымен қатар сірлі қабықтар – өкпеқаппен және ішастармен 
қапталады. 
Сіңірлі орталықта орналасқан: 
-
Жүректік батыңқы, 
impressio cordis;
-
Төменгі қуыс веналық тесік, 
foramen v.cavae.
Көкеттегі pars muscularis-тің үш бөлігі болады: 
белдік, қабырғалық
және
 төстік

I. Белдік бөлігі

pars lumbalis
үш аяқшасы болады: медиалді, латералді және аралық. 
1. Медиалді аяқшасы, 
crus mediale
оң жағында 
corpus L
4
, сол жағында –
corpus L
3

сонымен қатар 
lig.longitudinale anterius-
тен басталады

Th
12
– L

деңгейінде оң және сол 
жақ аяқшалары бірігіп, ортаңғы доғатәрізді байлам, 
lig.arcuatum medianum
түзеді, ол 
қолқалық тесік, 
hiatus aorticus-
ті шектейді
.
Бұл жерден қолқа және кеуделік лимфа 
түтігі өтеді. 
Әрі қарай бұлшықет талшықтары бөлініп, өңештік тесік, 
hiatus еsophageus
түзеді,
 
ол 
Th
10-11 
деңгейінде орналасқан. Бұл жерде өңеш және кезбе нервтер өтеді. 
2. Аралық аяқшасы, 
crus intermedium
, corpusL
2
-нің бүйір бетінен басталады. Ол 
crus 
mediale
-ден
 
саңылау арқылы бөлінген, ол саңылау арқылы оң жақта үлкен ішкі ағзалық 
нерв, 
n.splanchnicus major
және 
v.azygos
, ал сол жағында – сондай нерв және 
v.hemiazygos 
өтеді. Тікелей аралық аяқша арқылы кіші ішкі ағзалық нерв, 
n.splanchnicus 
minor 
өтеді

3. Латералді аяқша, 
crus laterale, 
медиалді және латералді доғатәрізді байламдардан 
басталады: 
а) медиалді доғатәрізді байлам, 
lig.arcuatum mediale,
m.psoas major-
дың үстінен өтіп, 
L

денесіне және L

көлденең өсіндісіне бекінеді; 
б) латералді доғатәрізді байлам
lig.arcuatum laterale, m.quadratum lumborum-
ның 
үстінен өтіп, L
2
көлденең өсіндісіне және costa
12
-ге бекінеді. 
Латералді және аралық аяқшалар арасындағы саңылаудан симпатикалық сабау, 
truncus 
sympathicus 
өтеді

II. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет