Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет140/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
қамтамасыздануы: оң және сол асқазандық артериялар, оң және сол асқазан-шарбылық 
артериялар. 
Веналық ағым: аттас веналар арқылы. 
Лимфа ағымы: оң және сол асқазандық оң және сол асқазан-шарбылық лимфа түйіндері, 
кардиалық лимфа сақинасы. 
Нервтенуі: асқазан өрімі. 
АЩЫ (ЖІҢІШКЕ) ІШЕК 
Ащы (жіңішке) ішек (intestinum tenuе ) – асқазаннан соң келесі ағза; тоқ (жуан) ішекке 
өтер жеріндегі мықын-соқыр ішек тесігімен бітеді. Ащы ішек асқорыту жүйесінің ең ұзын 
бөлігі. Ол үш бөліктен тұрады: он екі елі ішек, ащы (жіңішке) ішек және мықын ішек. 
Ащы және мықын ішектері іш қуысының төменгі бөлігінің бәрін дерлік алып жатыр. Ащы 
ішекте ас әуелі ішектің ұйқы безінің сөлдері, бауыр өтінің әсерәнен ыдырайды, әрі қарай 
астың негізгі құрамдарының сіңірілуі жүзеге асады. 
Он екі елі ішек (duodenum) – ұзындығы 20 см-ге жететін ащы ішектің алғашқы бөлігі. 
Асқазанның қақпасынан басталып ұйқы безінің басын қоршайды. Он екі елі ішектің төрт 
бөлігін айырады: жоғарғы, төмендеген, горизонтальды және жоғарылаған. 
Жоғарғы бөлік (pars superior) – ХІІ-кеуде немесе І-бел омыртқасы тұсында асқазанның 
қақпасынан басталып, жоғарғы иін (flexura duodeni superior) арқылы төмендеген бөлігіне 
өтеді. Осы аймақтың ұзындығы 4 см. шамасында. 
Төмендеген бөлік (pars descendens) – І-бел омыртқасы тұсында басталып, омыртқа 
бағанасының оң жағымен төмен түсіп, ІІІ-бел омыртқасы тұсында солға бұрылады да 
төменгі иін (flexura duodeni inferior) түзеді. Төмендеген бөліктің артында оң бүйрек, 
алдында бауыр орналасқан, бүйректің сол жағынан жалпы өт түтігі өтеді. 
Горизонтальды бөлік (pars horizontalis) – он екі елі ішектің төменгі иінінен басталып ІІІ- 
бел омыртқасы тұсында горизонтальді орналасады. Арты төменгі қуыс венамен жанасады. 
Жоғарылаған бөлік (pars ascendens) – ІІ-бел омыртқасы тұсында басталып он екі елі - аш 
ішек иінімен (flexura duodeno - jejunalis) аяқталады. Әрі қарай аш ішекке жалғасады. Он 
екі елі ішекті іліп тұратын бұлшықет (m.suspensoris duodeni) осы иінді көкетке бекітеді. 


181 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет