Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет143/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия
Дидактика. , 9 сынып 3 тоқсан 2 нұсқа
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
2.
Таспалар болуы (taeniae coli) – жиек ішек таспалары; а) шажырқайлық таспа (taenia 
mesocolica) – шажырқай бекитін орынға сәйкес келеді, б) бос таспа (taenia libera), 
ішектің алдыңғы бетінде орналасқан, в) шарбылық таспа (taenia omentalis) – өн 
бойына майлы өсінділер бекіген. 
Барлық таспалар соқыр ішектің құрттәрізді өсіндісінің түбінде түйісіп оны бұлшықетті 
қабатпен қоршайды. 
3.
Тоқ ішектің бетінде, шарбылық және бос таспалардың өн бойында ішінде майлы 
тіні бар шарбылық өсінділер (appendices epiploicae)орналасқан. 
Төмендеген жиек ішекте олар бірқатар, ал басқа бөліктерінде екі қатар орналасады, кейде 
көршілес жатқан майлы өсінділер бір-бірімен қосылып қатпарларға айналады. 
СОҚЫР ІШЕК 
Соқыр ішек (caecum) – бірден мықын-соқыр ішек қақпағынан басталатын, қапшықша 
кеңейген тоқ ішектің бір бөлігі. Оң мықын шұңқырында орналасқан, оның ұзындығы 8 см- 
ге дейін, ал ең жоғарғы диаметрі 7 см шамасында. 
Төменгі қабырғасымен мықын және белдің үлкен бұлшықетінде жатса, алдыңғы 
қабырғасы іштің алдыңғы қабырғасымен іргелес. Тоқ ішектің бір бөлігі ішастармен 
барлық жағынан қамтылған. (интраперитонеальды), екінші бөлігінің артқы бетінде 
ішастар болмауынан, үш жағынан жабылған (мезоперитонеальды), сирек жағдайларда тоқ 
ішекте шажырқай болуы мүмкін. Соқыр ішектің таспалар түйіскен орнынан құрттәрізді 
өсінді (appendix vermiformis) шығады. Аппендикс - соқыр ішек қабырғасының өсіндісі. 
Оның көлемі тұрақсыз: ұзындығы 3-тен 20 см-ге дейін, диаметрі – 1 см-ге дейін. 
Аппендикстің ішастарға қатынасы – интраперитонеальды, шажырқайы бар. Аппендикс оң 
мықын шұңқырында орналасқан, кейде кіші жамбасқа түседі, ішастар артындада 
орналасуы мүмкін. Іс-тәжірибеде құрттәрізді өсіндінің іштің алдыңғы қабырғасындағы 
жобасын білу өте маңызды. Оның түбі кіндікпен мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы 
қылқанымен қосатын сызықтың сыртқы және ортаңғы үштен бір бөлігінің шекарасында 
орналасқан немесе Мак-Бурней нүктесі. Бірақ аппендикстің осылай орналасуы өте сирек 
кездеседі, жиірек ол оң және сол мықын қылқанын қосатын сызықтың сыртқы және 
ортаңғы үштен бір бөлігінің шекарасындағы Ланц нүктесінде жобаланады. 
Соқыр ішек (caecum) – мықын ішектің жалғасы. Олар мықын-соқыр ішек қақпағымен 
(valva ileocaecalis) бөлінген. Қақпақ жапқышы мықын-соқыр 
ішек қақпағының 
жүгеншігін (frenulum valvae ileocaecalis) түзеді. Құйма тәрізді қақпақтардың тар бөлігі 
соқыр ішекке бағытталып астың ащы ішектен тоқ ішекке өтуіне жағдай жасайды. Тоқ 
ішектегі қысым көтерілгенде (газ алмасудың жоғарылауы, аса көп мөлшерде 


184 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет