Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет201/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Көкбауырдың қанмен қамтамасыз етілуі. Ағзасыртылық қантамырлар 
 
Көкбауыр іш қолқасының құрсақ сабауының бір тармағы a. lienalis арқылы қанмен 
қамтамасыз етіледі. Көкбауырлық артерия ағзаға кірер бұрын бірнеше тармақтарға 
бөлінеді, бірақ олардың саны және орналасуы жайлы көп қарама-қарсы пікірлер бар. 
Біріншелері артерия ағзаға кірер бұрын 2-ге бөлінеді десе, екіншілері 3 немесе одан до көп 
тармақтарға бөлінетініне тоқталады. 
Осы авторлардың көрсетуі бойынша: 
57%-да артерия ағзаға кірер алдында 2-ге бөлінеді. 
12%-да 3-ке бөлінеді. 
8%-да 3-тен көпке бөлінеді. 
23%-да тіпті бөлінбейді. 
Артерия көкбауырға 2,2 см жетпей бөліне бастайды. Артерияның тармақтарының 
санына байланысты бірнеше түрлерін айырады: 
1.
Бір тармақты (алдыңғы) 
2.
Екі тармақты(алдыңғы, артқы) 
3.
Үш тармақты (алдыңғы, артқы, ортаңғы) 
4.
Көптармақты. 
Көкбауырлық артерияның тармақтарының пішіні әртүрлі: түзу, доғатәрізді және S- 
тәрізді. Көкбауырдың екі ұшына алдыңғы және артқы ұштық артериялар жақындайды, 
бірақ бұлар тұрақты емес. Ұзындығы мен көлемдері үнемі өзгеріп тұрады. Түбірі 
аймағында қосалқы артерияларды байқауға болады. Солардың арасындағы ең жиі 
кездесетіні сол асқазан -шарбылық артерия бұларды отаушылық 
(хирургия) 
операцияларда ескеру керек. 
Көкбауыршілік қантамырлар 
 
Көкбауыр артериясы және оның ағзаалдылық тармақтары әуелі сегментік 
артерияларға бөлінеді, олар көкбауыр негізіне (перенхима) кіргеннен соң өз ретінде 
қалқалық (трабекула) артерияларға бөлінеді. Олар көкбауырға терең жайылып қалқалар 
(дәнекер жасушалық қалқалар) ішіне кіреді. Әрі қарай қалқалық артериялар қалқадан 


242 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет