330
Нуржігіт Алтынбеков
терезесін (fenestra vestibuli) жабады, бұл терезе жиегі мен үзеңгі негізінің арасында
дәнекертінді қабат жатады.
Есту сүйекшелерінің
арнайы бұлшықеттері болады, оларға төменгі жақсүейктік
нервпен нервтенетін дабыл жарғағын керетін бұлшықет пен бет нервінен тармақ алатын
үзеңгілік бұлшықет жатады. Бұл бұлшықеттердің қызметі негізінен дыбыс өткізуді реттеу.
Сөйтіп, екі бұлшықет бірге жиырылғанда ортаңғы құлақтың
барлық дыбыс өткізу
аппаратының тербеліс амплитудасы азаяды, бұл қатты дыбыстардың өтуін жұмсартады.
Дабыл қуысы ішкі жағынан сүйекқабымен тығыз бітісетін шырышты қабықпен
жабылған, ол артқы жағынан емізіктәрізді үңгірдің (antrum mastoideum), яғни емізіктәрізді
өсіндінің ең үлкен ауалы қуысының және оның ұяшықтарының
шырышты қабатына
жалғасады. Дабыл қуысының шырышты қабаты алдынан есту (евстахиев) түтігінің
шырышты қабатына жалғасады.
І желбезек доғасының туындысы болып табылатын
есту түтігі
(tuba auditivae)
ортаңғы құлақ пен түтіктің жұтқыншақтық тесігі (ostium pharyngeum tuba auditibae)
ашылатын жұтқыншақтың мұрын бөлігін байланыстырады. Ол бұлшықет-түтік өзегінің
жартысын алып жататын сүйекті бөліктен және жұтқыншақтың
мұрын бөлігінің
аймағында орналасатын шеміршекті бөліктерден тұрады. Есту түтігінің шырышты қабаты
кірпікшелі эпителимен қапталған және бойлық қатпарлар түзеді.
Есту түтігінің қабырғасымен жұмсақ таңдай бұлшықеттері байланысады, бұл
бұлшықеттердің жиырылуы жұтынған кезде ауаның дабыл
қуысына өтуін қамтамасыз
етеді. Қуыстағы қысымды реттеу шырышты қабаттың ауаны сіңіруімен бір мезгілде
жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: