Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет293/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Көзжас аппараты

apparatus laсrimalis, 
көз жас безінен және көзжас сұйықтығын 
шығаратын жолдардан тұрады. 
Көзжас безі, 
glandula lacrimalis
, көзұяның алдыңгы бөлігінің жоғарғы латералды 
бұрышындағы аттас шұңқырда орналасқан. Оның 10-
15 шығаратын түтікшелері, ductali 
exeretorii, 
конъюнктиваның жоғарғы күмбезіне ашылады. Көзжас безі көз алмасын кеуіп 
кетуден сақтайтын және шаңтозаңдар мен бактериялардан қорғайтын мөлдір, түссіз 
сұйықтық - 
көзжасын, lacrima
, бөледі. Көзжас сұйықтығы, қабақтардың артқы жиегі мен 
көз алмасының арасындағы капилярлық саңылау, 
көзжастық жылға, rivus lacrimalis, 
арқылы, көздің медиалды бұрышындағы 
көзжастық көлге, lacus lacrimalis, 
келеді. Осы 
жерден жоғарғы және төменгі 
көзжастық бүртікшелердегі, papillae lacrimales, 
тесіктер 
арқылы жоғарғы және төменгі 
көзжастық өзекшелерге, canaliculi lacrimales, 
өтеді. Бұл 
өзекшелер көзұяның төменгі медиалды бұрышындағы аттас шұңқырда орналасқан 
көзжастық қапқа, saccus lacrimalis, 
ашылады. Көзжастық қап төменгі жағында мұрын- 
көзжастық өзекте орналасатын 
мұрын-көзжастық түтікке, ductus nasolacrimalis

жалғасады. Бұл түтік мұрынның төменгі жолына ашылады. 
Көру анализаторының өткізгіш жолы. 
 
Көзге түсетін жарық көз алмасының жарық сындырғыш құрылымдары: 
мөлдір 
қабық, алдыңғы 
және 
артқы камералардың сулы ылғал, көзбұршақ, шынытәрізді дене 
арқылы өтеді. Олар жарықты торлы қабықтың ең сезімтал жері 
даққа 
бағыттайды. Бұл 
үдерісте көзбұршақтың маңызы зор, өзінің дөңестігін өзгерту арқылы (аккомодация) ол 
жарықтың даққа бағытталуын қамтамасыз етеді. Торлы қабықтың нервтік жолы үш 
нейронның тізбегінен тұрады. Бірінші нейрондар - көру ағзасының рецепторы болып 


327 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет