Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Көзұядағы басқа анатомияның құрылымдар



Pdf көрінісі
бет291/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Көзұядағы басқа анатомияның құрылымдар
. Көзұяның қуысы көз алманың 
көлемінен едәуір үлкен болады. Көз алмасын, оның дәнекертінді 
қынабы, vagina bulbi

немесе 
тенон қапшығы 
жауып жатады. Тенон қапшығы алдыңғы жағында, конъюнктива 
күмбезі аймағында ақ қабыққа бекиді, артқы жағында көру нервісінің сыртқы қынабына 
жалғасады. Көз алмасы мен тенон қапшығының арасындағы саңылаулық кеңестік 
тенон 
немесе 
ақ қабықүстілік кеңістік, spatium episclerale
, деп аталады. Көзұяның қабырғалары 
мен тенон қапшығының арасында, көру нервісі мен көз қозғалтатын бұлшықеттерді 
қоршай 
көзұяның майлы денесі, corpus adiposum orbitae
, орналасады. Ол көз алмасын 
қозғалыс кезіндегі сілкіністерден сақтайтын серпімділік қызмет атқарады. 
Қабақтар. 
.
Жоғарғы қабақ, palpebra superior
, және 
төменгі қабақ, palpebra inferior

көз алмасын алдыңғы жағынан жауып қорғаныш қызметін атқарады және көзжас 
сұйықтығының көз алмасының алдыңғы бетінде біркелкі жайылуын қамтамасыз етеді. 
Қабақтардың 
алдыңғы 
және 
артқы беттері 
ажыратылады. Олардың алдыңғы беттері 
қатпарларға жиналатын жұқа терімен, артқы беттері конъюнктивамен жабылған. Терінің 
астында 
көздің дөңгелек бұлшықетінің қабақтық бөлігі, 
жатады. Қабақтардың ішінде, 
конъюнктивамен тұтасып кеткен, тығыз дәнекер тіндік табақшалар орналасады. Олар 
қаттылығына байланысты 
жоғарғы және төменгі шеміршектер (tarsus superior et tarsus 
inferior) 
деп аталып кеткен. Бұл шеміршектер көз ұяға 
қабақтың медиалды 
және 
латералды байламдары, lig.palpebrale laterale et lig.palpebrale mediale, 
арқылы бекиді. 
Шеміршектердің ішінде 
шеміршектік бездер ( Мейбоми бездері ), glandulae tarsales, 
орналасқан. Олардың түтіктері қабақтың артқы жиегіне жақынырық ашылады. Жоғарғы 
шеміршктің алдыңғы бетіне 
жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықет, m. levator palpebrae 
superioris, 
бекиді. Қабақтың алдыңғы және артқы беттерімен шектелген бос жиегінде, 


326 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет