Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет249/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
5)
Сisterna venae cerebri magna – бұл цистерна ми аяқшасынан басталып, ортаңғы мидың 
латеральді жиегінің айналасымен жоғары қарай көтеріліп ортаңғы мидың төбесімен үшінші 
қарыншаның қақпағына жетеді. Соңғысы сүйелді дене буылтығы мен сабауының астында 
орналасқан. Қабық арқылы интрадуральды ( қатты қабық ішілік) веналық қойнауға 
эпителиальдік жасушалар «қақпақшасымен» жабылған шағын ерекше өсінділер тесіп өтеді. 
Бұл, торлы қабық түйіршіктері, олар арқылы торлы қабық астындағы кеңістікті толтырған 
жұлын-ми сұйықтығы қан ағымына түседі. Бұдан басқа, жұлын-ми сұйықтығының біршама 
бөлігі жұмсақ қабықта орналасқан жіңішке капиллярлық өрім арқылы сіңіріледі. Торлы 
қабық түйіршіктері жоғарғы сагиттальді қойнау аймағында ең көп шоғырланған дегенмен 
осындай түйіршіктерді басқа қойнаулардан да табуға болады. 
Мидің қарыншалар жүйесі 
 
 
Эмбриологиядағы мәліметтерге сүйенсек омыртқалылардың нерв жүйесі қуысты түтік 
түрінде дамиды. Оның кеңейген краниальді бөлігінен ми сыңары дамиды да, ал түтік қуысы 
оған әрі қарай енеді. Нерв түтігінің иілуі ми сыңарларда түзілістердің қалыптасуының, 
қанат тәрізді және негізгі табақшалардың өсуінің нәтижесінде нерв түтігі өзегінің диаметрі 
біртіндеп кішірейе бастайды, ал ақ зат талшықтарының миелинизациясы және соңғы ми 
түбінің медиальді бөліктерінен жолақ дененің дамуы, ересек адамдардың миіне тән ми 
қарыншалары, ми суқұбыры және қарыншалар жүіесінің әр түрлі тесігін қалыптастырады. 
Төртінші қарыншаның артқы бөлімінде екі бүйір тесіктер (aperture lateralis ventriculi quarti) 
орналасқан, олар арқылы ІV – қарынша торлы қабық астындағы кеңістікпен қатынасады. 
Төртінші қарыншаның ең артқы бөліміндегі аймақтың төбесі өте жұқарып тесік түзіледі, ол 
арқылы ІV - қарыншадағы жұлын-ми сұйықтығының бір бөлігі жоғарыда аталған кеңістікке 
шығуы мүмкін. Бұл төртінші қарыншаның ортаңғы тесігі (aperture mediana ventriculi quarti 
немесе Мажанди тесігі). Қарыншалармен үшінші қарыншаны төртінші қарыншамен 
байланыстыратын ми су құбырының қабырғалары эпендималық жасушалармен астарланған. 
Бұл эпендималық астар алғашқы нерв түтігінің ұрықтық эпителийінің туындысы. Толық 
қалыптасқан мидің эпендима жасушаларында кірпікшелер пайда болып, олар толығымен 
герменагивтік қасиетін жоғалтады. Бірақта, көптеген жануарларда эпендимилық астардың 
жасушаларының бөлінуі (митоз) өмір бойы жалғаса береді. Бұдан бөлек, эпендима 
жасушалары қай жаста болмасын еріксіз бөліне беруі мүмкін, осының нәтижесінде қарынша 
ішілік ісіктер пайда болады. Эпендима жасушаларының толқын тәрізді қағуы жұлын-ми 
сұйықтығы ағымының бүйір қарыншалардан үшініші қарыншаға одан әрі ми суқұбыры 


287 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет