Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет250/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
арқылы төртінші қарыншаға және Люшко тесігіне бағытталуына көмектеседі. Бұл, жұлын- 
ми сұйықтығының мидің қарыншалар жүйесінен шығатын тесігіне күмәнсіз бағытталуына 
жағдай жасайды. Мидың аймақтарында эпендима астары жасушаларының гистологиялық 
әртүрлілігі байқалады. Сөйтіп, сұр заттың үстінде (мысалы, құйрықты ядроның немесе көру 
төмпесінің ) бұл жасушалар созылған цилиндр тәрізді пішінді, ал ақ заттың үстінде олар 
жазық жасушаларға айналады. 
Жұлын – ми сұйықтығы 
 
 
Қарыншалар жүйесімен торлы қабық астындағы кеңістікті толтыратын сұйықтық мөлдір, 
жасушалар жоққа жақын, әлсіз сілтілік қасиеті бар және қан плазмасына изотониялық 
қатынаста. Әдетте жұлын – ми сұйықтығында аз мөлшерде ақуыздың (белок) қатынасы бар, 
ол әр адамда жас шамасына қарай өзгеріп тұрады, балалардың жұлын – ми сұйықтығында 
төмен, ал ересектерде жоғары. Қалыпты жұлын – ми сұйықтығының ішінде аздаған қант, 
кальций, натрий, магний тұздары, хлоридтер, сүт қышқылы, амин қышқылдары, креатинин, 
несеп қышқылы,мочевина және холестерин бар. Сұйықтықта сонымен бірге, едәуір 
басымдылықпен лимфоциттерден ( 1мл-де 5 жасуша) тұратын азғана жасушаларды байқауға 
болады.Жжұлын – ми сұйықтығы негізінен тамырлы өрімнің гипертониялық тұзды 
ерітіндіні бөліп шығаруынан түзіліп, әрі қарай қарыншалар астарының эпендима 
жасушалары арқылы судың өтуі (диффузия) себебінен изотониялыққа айналады. Қан 
қысымының көтерілуі жұлын – ми сұйықтығының түзілуін ынталандырады, бұл 
гипертониялық тұзды ерітіндінің көптеп бөлінуінің арқасында болуы мүмкін. Жұлын – ми 
сұйықтығына кейбір басқа заттарды бөліп шығаруға тамырлы өрімнің де қабілеті бар. 
Жұлын – ми сұйықтығының айналымы 
 
 
Жұлын – ми сұйықтығының (ЖМС) негізгі бөлігі мидің бүйір қарыншаларында түзілсе, 
кішкене бөлігін тамырлы өрімдері бар басқа қарыншалар бөліп шығарады. Бірақта 
сұйықтықтың эпендима астары арқылы өтуі тамырлы өрімдері жоқ аймақтарда да болуы 
мүмкін. Су және кейбір заттарда (амин қышықылы, иондар) ЖМС – нан мидің 
паренхимасына сіңіру мидің эпендимасы астарының өне бойымен жүруі мүмкін. ЖМС – 
ның басты ағымы каудальді, төртінші қарыншаның тесіктеріне бағытталған. Бұл 
құбылыстың болуы, аса жоғары қысым негізінен ми қарыншалар жүйесінің ростральдік 
аймағында, бірінші кезекте ЖМС – ның түзілуі жылдамдығына байланысты болуы мүмкін, 


288 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет