Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет68/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
шұңқырлар буын қуысының ішінде жатады; ал артқы бетінде 
fossa olecrani
-дің жоғарғы 
бөлігіне бекиді. Тоқпан жіліктің екі айдаршықүстілері буын қуысынан тыс орналасады. 
Қапшық шынтақ жіліктің шығыршықтық тілігінің жиегіне және кәрі жіліктің мойнына 
бекиді. Буынның байламдары бүйір жақтарынан мықты жанама байламдармен 
бектіліген. 
Шынтақ жіліктің жанама байламы, lig. collaterale ulnare, 
тоқпан жіліктің 
медиалды айдаршықүстінен шынтақ жіліктің шығырщықтық тілігінің медиалды 
жиегіне барады. 
Кәрі жіліктік жанама байлам, lig. collaterale radiale, 
тоқпан жіліктің 
латералды айдаршықүстінен басталып төмен жүріп, кәрі жілік мойны тұсында артқы 
және алдыңғы будаларға бөлінеді. Олар кәрі жіліктің мойны мен басын алдыңғы және 
артқы жақтарынан тығыз түрде орап өтіп, шынтақ жіліктің incisura radialis-інің 
жиектеріне бекиді. Байламның терең талшықтары 
кәрі жіліктің сақиналық байламына, 
lig. anulare radii, 
өтеді, сақиналық байлам кәрі жіліктің басы мен мойнын қоршай 
орналасып, incisura radialis ulna-ның алдыңғы және артқы жиектеріне бекиді. 
Шаршы 
байлам, lig. quadratum, 
incisura radialis ulna-ның төменгі жиегін кәрі жілік мойнымен 
қосатын кішігірім байлам. 
Шынтақ буыны екі білікті буын ретінде қызмет атқарады: фронталды білік 
айналасында – бүгу, жазу; вертикалды (бойлық) білік айналасында – пронация және 
супинация қимылдары іске асады. Шынтақ буынында сагитталды білік айналасындағы 
бүйірлік қозғалыстар (әкелу, әкету) мүмкін емес, себебі білек сүйектерінің арасында – 
membranа interossea antebrahii, буынның бүйір жақтарында - созылмайтын тығыз ligg. 
сollateralia орналасқан. Cонымен қатар осы күрделі буынның құрамындағы 
art. 
humeroulnaris 
шығыршықты, бір білікті буын (қозғалыс тек фронтальды білік 
айналасында іске асады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет