Нуржігіт Алтынбеков
альвеолаларымен аяқталатын бөлігі АЛЬВЕОЛАЛЫҚ АҒАШТЫ (arbor alveolaris) немесе
ӨКПЕ АЦИНУСЫН құрайды.
Екі өкпедегі альвеолалар саны 700 млн., ал біріктірілгендегі аумағы – 160 м
2
-дей. Өкпелер
қолқаның кеуделік бөлігінің тармағы бронхтық артериямен қанмен қамтамасыз етілсе,
веналық ағым сыңар, жартылай сыңар және өкпе веналары арқылы жүзеге асады. Лимфа
ағымы бронх-өкпелік, жоғарғы және төменгі кеңірдек-бронхтық лимфа түйіндеріне құяды.
Өкпе, симпатикалық сабау тармақтарымен, кезбе нервтен түзілген өкпе өрімінің (plexus
pulmonalis) тармақтарымен нервтенеді.
ӨКПЕҚАП. ӨКПЕҚАП ҚУЫСЫ; КӨКІРЕКАРАЛЫҚ Өкпенің сыртын жауып тұрған өкпеқап (pleura) екі қабаттан тұрады:
1.
Өкпе тініне барлық жағынан тығыз бітіскен висцеральді өкпеқап (pleura visceralis).
2.
Кеуде торының ішкі бетін жапсарлап астарлаған, ішінде висцеральді өкпеқаппен
қапталған оң және сол өкпелер орналасқан тұйық қапшық париетальді өкпеқап
(pleura parietalis).
Өкпе байламы (lg.pulmonale) висцеральді өкпеқап туындысы болып саналады.
Париетальді өкпеқаптың, көкірекаралықтық (pars mediastinalis), қабырғалық (pars costalis),
көкеттік бөліктерін ажыратады. Қабырғалық және көкірекаралықтық бөліктер бір-біріне
кеуде қуысының жоғарғы тесігінің тұсында өтіп өкпеқап күмбезін түзеді.
Висцеральді және париетальді өкпеқаптар арасында тұйықталған өте тар саңылау тәрізді
кеңістік – өкпеқап қуысы (cavitas pleurae) орналасқан, оның ішінде өкпеқап
жапырақшаларының үйкелісін жеңілдететін сірлі сұйықтық (liguor serosa) бар.
Париетальді өкпеқаптың барлық бөліктерінің бір-біріне өтетін тұстарында кішігірім
ұңғылдар – өкпеқап қойнаулары (recessus pleuralis) түзіледі.
Қабырғалық және көкеттік бөліктерінің арасында терең қабырға-көкеттік қойнау (recessus
costodiaphragmatіcus), көкеттік бөлік көкірекаралықтық бөлікке өткенде көкет-
көкірекаралықтық қойнау (recessus phrenicomediastinalis), ал қабырғалық бөлік
көкірекаралықтық бөлікке жалғасқанда қабырға-көкірекаралықтық қойнау (recessus
costomediastinalis) түзіледі.
Өкпеқаптың сіңіру үрдісі бұзылғанда, не болмаса өкпемен өкпеқап кейбір дерттерге
душар болғанда осы қойнауларда сірлі сұйықтық немесе қан мен ірің жиналады.