Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет157/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
КӨКІРЕКАРАЛЫҚ (mediastinum) – оң және сол өкпеқап қуыстары аралығындағы ағзалар 
кешені. 
Алдында төс тұтқасымен денесі, артында ІV және V кеуде омыртқаларының 
омыртқааралық дискісі аралықтары арқылы өтетін горизонтальді жазықтық 
көкірекаралықты жоғарғы (mediastinum superius) және төменгі (mediastinum inferius) 
бөліктерге бөледі. 
Төменгі көкірекаралықтың, алдыңғы, (mediastinum anterius), ортаңғы (mediastinum 
medium) және артқы (mediastinum posterius) бөліктерін ажыратады. 
Жоғары көкірекаралыққа айырша без (тимус), қолқа доғасы, оң және сол иық-бас 
веналары, кеңірдек, өңеш, кеуде лимфа түтігі, кезбе нерв, көкет нервтері, оң және сол 
симпатикалық сабаулардың жоғарғы бөліктері жатады. 
Алдыңғы көкірекаралықта, алдыңғы көкірекаралықтық, төс маңы және жүрекқап алды 
лимфа түйіндері, кеуделік ішкі артериялармен веналар орналасқан. 
Ортаңғы көкірекаралықта, басты бронхтар, өкпе артериялары мен веналары, жүрекқаппен 
жүрек, оған кіріп шығатын ірі-ірі қантамырлар, көкеттік нервтер, латеральді жүрекқаптық 
лимфа түйіндері жайғасқан. 
Артқы көкірекаралыққа жатады: сыңар, жартылай сыңар веналар, өңештің төменгі бөлігі, 
ішкі ағзалық нервтер, кеуде түтігі, оң және сол симпатикалық сабаулар, омыртқа алды 
және артқы көкірекаралықтық лимфа түйіндері. 
НЕСЕП ЖҮЙЕСІ (organa urinaria) 
БҮЙРЕК (ren) 
Бүйрек, несеп түзуші және шығарушы, жұп ағза. Заты нығыз, пішіні бобтәрізді. 
Ересектердегі бүйрек көлемі: ұзындығы – 13 см-ге дейін, көлденеңі – 6-7 см.шамасында, 
паренхимасының қалыңдығы 5 см-ге жетеді. 
Бүйректің ортаңғы салмағы 180 грамм. Бүйректің беті тегіс, түрі күрең-қызыл түсті. 
Бүйрек сыртынан үш қабықпен қапталған. Сыртқысы бүйрек шандыры (fascia renalis) екі 
жапырақшадан тұрады, оның астында бүйректің артқы бетінде анағұрлым жақсы 
жетілген, бүйрекмай (corpus adiposum pararenale) түзетін майлы қапшық (capcula adiposa) 
орналасқан, ішкісі бүйрек паренхимасына тікелей жанасып жатқан талшықты қапшық 
(
capsula fibrosa
). 
Бүйректің екі бетін – алдыңғы және артқы (facies anterior et posterior) екі жиегін – 
медиальді, латеральді (margo medialis et lateralis), сонымен қатар екі ұшын – жоғарғы және 
төменгі (extremitas superior et inferior) ажыратады. Алдыңғы беті артқысына қарағанда 
дөңестеу, медиальді жиегі имек, ал латеральді жиегі томпақ. 


198 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет