Нуржігіт Алтынбеков
Медиальді жиектің ортасында бүйрек қақпасы (hilum renalis) деп аталатын ұңғыл
орналасқан. Ол арқылы бүйрекке, бүйрек артериясы, нерв сабаулары кіреді, ал несепағар
мен лимфа тамырлары шығады. Аты аталған түзілістер жиынтығы бүйрек аяқшасын
құрайды.
Бүйрек қақпасы перенхиманың ішіне еніп ауқымды қуыс, бүйрек қойнауына (sinus renalis)
жалғасады. Бүйрек қойнауында, бүйрек тостағаншалары, түбек, нервтер, лимфа, қан
тамырлары, сонымен бірге майлы тін орналасқан.
Бүйректер омыртқа бағанасының бел бөлігінің екі жанында, ішастар артында жатыр. Олар
өзара аздап бұрыш құрайды , сондықтан оң және сол бүйректердің жоғарғы ұштарының
қашықтығы 7-9 см-дей болса, төменгі ұштарының ара қашықтығы 11 см. шамасында.
Оң бүйрек солға қарағанда төмендеу орналасқан. Сол бүйректің жоғарғы ұшы ХІ-кеуде
омыртқа денесінің ортаңғы деңгейінде, ал оң бүйректің жоғарғы ұшы осы омыртқаның
төменгі жиегіе жанасқан, ал сол бүйректің төменгі ұшы ІІІ-бел омыртқаның жоғарғы
жиегіне тұспа-тұс келсе, оң бүйректің төменгі ұшы осы омыртқаның ортасының тұсына
жетеді.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер орташаланған мөлшерлер, ал әрбір жеке тұлғаның өзіне
тән үлкен ерекшеліктері болуы мүмкін.
Белдің шаршы бұлшықеті, іштің көлденең бұлшықеті, белдің үлкен бұлшықеті және
көкет, бүйректің артқы бетіне жанасып бүйрек орнын түзеді. Бүйректердің жоғарғы
ұштарында бүйрекүсті бездері жайғасқан.
Оң бүйректің жоғарғы бөлігінің алдына бауыр, төменгі бөлігіне жиек ішек, медиальді
жиегіне он екі елі ішек жанасқан. Сол бүйректің алдыңғы бетінің жоғарғы бөлігіне
асқазан, ортаңғы бөлігіне ұйқы безі, ал төменгі бөлігіне ащы ішек тиіп жатыр. Бүйректің
айналасын қоршап жатқан ағзалар, құрсақішілік қысым, бүйрек аяқшасы, майлы қапшық,
бірігіп бүйректің бекітуші аппаратын құрайды.
БҮЙРЕКТІҢ МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бүйректе қыртысты және милы заттарды (cortex end medulla renalis) ажыратады.
Қыртысты зат бүйректің беткей бөлігінде орналасқан. Оның қалыңдығы 0,5 тен 2,5
см.дейін. Қыртысты зат нефронның проксимальді және дистальді өзекшелерімен бүйрек
денешіктерінің жиынтығы. Түрі күрең-қызыл түсті. Милы заттың түсі ашықтау, қыртысты
заттың астында жатыр. Милы затты, жинақтаушы түтікшелер, өзекшелердің жоғарылаған
және төмендеген бөліктері, бүртіктік өзекшелер құрайды.
Қыртысты заттың милы зат аралықтарына енген бөліктері бүйрек бағаналары деп аталады.
199
Достарыңызбен бөлісу: |