Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Трагедиядағы басқа образдар



Pdf көрінісі
бет106/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Трагедиядағы басқа образдар
Трагедия кейіпкерлері бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі 
топтың өкілдері. Олардың бірі – мал-дүниеге құмар, рухани азғын, 
мейірімсіз Гонерилья, Регана, Корнуэль және Эдмунд, екіншісі - 
биік адамгершілік қасиеттерді өз бойларына жинақтаған Карделия, 
Кент, Эдгар, сайқымазақ, Лир мен Глостер. Олар - достық, адалдық 
және мейірімділік сезімдерін сезінетін жандар. Кемшілік көріп, 


262
сарайдан қуылған перзенттер мен қызметшілер өз адалдықтарынан 
жаңылмайды, олар тағы да Лир мен Глостерге жәрдем қолын созады. 
Мәселен, Кент кек сақтамай, өз киімін өзгертіп, қаңғып жүрген 
Лирге қайырымдылық жасайды, Карделия Франциядан әскер ертіп 
келіп, намысы тапталған әке құқығын қалпына келтірмекші болады. 
Эдгар болса, көзі ойып алынған сорлы әкесінің қайғысына ортақ 
болуға талпынады. Олар Лирге жанашырлық көрсеткенде, оған 
патша болғандығы үшін емес, ал азап тартқан байғұс жан ретінде 
аяушылық танытады. Лирдің сайқымазағы болса, бұрыннан қорлық 
көріп келген жан, оның образында халық даналығы бейнеленген. Ол 
Лирдің орынсыз әрекеттерін, үлкен қыздарының әділетсіздіктерін 
паш етеді және оған не істеу керектігіне кеңес береді. Жалпы, ол 
Лирдің өз қателігін тезірек түсінуіне себепші болады. Сайқымазақ 
корольдің барша байлығын екі қызына бөліп беріп, өзінде еш нәрсе 
қалдырмағандығын, қолында енді өкімет – құдірет жоқтығын оған 
түсіндіру үшін әсерлі сөздер таба біледі. «Сен саны жоқ нөлсің. Мен 
сенен жақсымын, өйткені сайқымазақпын. Ал сен ешкім емессің», 
«Егер сен менің ақымағым болғаныңда еді, ағатай, мен сені... 
уақытыңнан бұрын қартайып қалғаның үшін сабайтын едім», деп ол 
мемлекеттің бүлінуі нәтижесінде халықтың тыныштығы бұзылып 
кетуінен шошынады.
Шекспир сайқымазақтың сөздері арқылы өзінің терең мағыналы 
гуманистік пікірлерін білдіреді. Заман әділетсіздігін әшкерелеп, 
сайқымазақ былай дейді:
Қалпақ киіп жасырар 
Зұлым ақымақ таз басын
Зұлым емес ақымақ
Қинап қайтеді өз басын:
«Бер» дегенге – береді,
«Ер» дегенге - ереді;
Кещелігін ұялмай
Кемеңгерлік көреді [105.272]
Адал, пәк жүректі Кенттің ызалы сөзі мен сайқымазақтың 
даналық сөздері озбырларға қарсы ашық наразылық белгісі еді. 
Намысы тапталған және ар азабын тартқан бұл адамдар озбырлық 
алдында тізе бүгуді білмейтін жандар. Қылмыскер пенделер, 
атаққұмар және ақшақұмар Эдмунд, Гонерилья мен Регеналар 
ортасындағы қарсылық пен дұшпандық олардың күшін кемітеді 


263
және жеңілісін тездетеді.
Лирдің отбасында болған қасірет Глостер жанұясында да болуы 
кездейсоқтық емес . Бұл осы «дәуір рухына», алғашқы капитал 
топтау дәуіріне тән жағдай болатын:«... махаббат сөніп барады, - 
дейді қайғыға батқан Глостер, - достық ұмытылды, аға мен іні 
бір-біріне дұшпан, қалаларда, қыстақтарда ойран, сарай ішінде 
қастандықтар, әке-шеше мен перзенттерді мықтап ұстап тұрған 
туыстық жіптер үзілуде...».
Жаңа туып келе жатқан капиталистік қатынастар, байлыққа 
құмарлық адамдар ортасындағы ең қасиетті байланыстарды – 
туысқандық, отбасы мен достық қатынастарды жаншып тастайды. 
Соның үшін адамгершілік идеяларды көтеретін таңғажайып 
образдарды Шекспир дүниеқоңыздықтан таза, пәк адамдар қылып 
көрсетеді. Бұл тұрғыда дана, сұлу, адал, ержүрек қыз Карделия 
образы жарқын бейнеленген. Трагедия соңында ол мерт болғанымен, 
Карделия қорғаған адалдық жеңіске жетеді. Жауыз ниетті адамдар 
жеңіліс табады. Бұл шығарманың оптимистік рухынан дерек береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет