принципс ,
яғни
«бірінші азамат» деп атаумен ғана қанағаттанады.
Октавиан жариялаған мұндай шаралар сақтық тұрғысынан
жасалынып жатқан қимылдар еді. Шындығында, сақталып қалған
республикалық билік қай салада да жеке әміршінің тілегі мен
мүдделеріне қарай іс жүргізеді, сенат оған үлкен құрмет көрсетеді,
жаңадан-жаңа мансап пен лауазымдар ұсынады. Осылайша,
Октавианның туған күні, әскери жеңістерінің тарихы бүкіл
мемлекет бойлап тойланатын үлкен мерекелерге айналады, сенат
ғимаратының қабырғаларына оның ерліктерін баяндайтын үзінділер
алтын әріптермен жазылады, өзіне