Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет53/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

консул

император

халық 
шешені
атақтары беріледі. Италияның түрлі қалаларында және 


151
уәлаяттарында оған арнап биік ескерткіштер орнатылады, сенаттың 
шешімімен Октавианға осы кезге дейін тарихта әлі болмаған 
Август
, яғни 
«қасиетті»
деген ат беріледі. Ішкі соғыстарды тыйып, 
мемлекетте бейбітшілік орнатқан басшы, халықтың тұрмысын 
жақсартқан қамқоршы ретінде Рим қоғамының ақсүйектері 
Октавианды көкке көтереді. 
Ресми түрде республикалық билікті жариялаған Август, ескі 
әдет-ғұрыптарды, діни нанымдарды, адамгершілік нормаларды 
қайта жандандыруға әрекет қылады, тіпті Рим азаматының жеке 
өміріне де араласып, отбасының салауатты, ерлі-зайыптылардың 
бір-біріне адал болуына көп көңіл бөледі. Октавиан Август өзінің 
салтанатын ескі республикалық заңдарға, ата-баба дәстүрлеріне 
қайта оралудың нағыз өзі екендігін дәлелдеуге қанша ұрынғанымен, 
Рим қоғамының көп бөлігі бұл саясаттың басынан аяғына дейін 
республикалықтан гөрі, Цезарьдің жеке билеу саясатына көбірек 
ұқсайтындығын жақсы түсінетін еді. Бірақ жүз жылға созылған ішкі 
ұрыстардан шаршаған Рим халқы, әсіресе шаруалар, мемлекетте 
орнатылған тыныштық себебінен, Августың диктаторлық саясатына 
көндігіп кетеді. Тіпті оның ғасырын 
«алтын ғасыр»
деп атайды.
Заманының едәуір білімді адамы және мәдени істерге бір табан 
жақын тұрған Август, әдебиеттің үлкен тәрбиелік мәні бар екендігін 
жақсы түсінеді және билікті қолға алған күннен бастап, өзінің басқару 
әдістерін халыққа мақұлдату мақсатында, сол мүмкіндіктерді 
кең пайдалануға кіріседі. Әміршінің кейбір жақын әкімдері де 
сол дәуірдің ірі қаламгерлерін өздеріне жақын тартып, олардың 
туындыларын жаңа заңдарды қолдауға бағыттайды. Мәдениет 
пен әдебиет істерін ұйымдастыруда еңбегі сіңген және сол жолда 
Августке өте көп қызмет көрсеткен жандар арасында ең атақтылары 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет