150
3-тарау.
Август ғасыры
Б.з.б. 31-жылы Грекияның батыс-оңтүстік жағалауындағы
Анцизм шайқасында Октавиан қосындарының Антоний әскерін
ойсырата жеңуі нәтижесінде ескі республикалық билік күйреп, Рим
тарихының жаңа дәуірі – жеке билеуге негізделген императорлық
билік орнайды. Октавиан жариялаған жаңа басқару әдісі - Рим
құлиеленушілерін әскери диктатура негізінде біріктіріп, сол кездегі
қоғамдық құрылысты сақтап қалу талаптарынан келіп шыққан ең
соңғы ақтық әрекет болды.
Бұл диктатураның найзасы тек құлдар көтерілісіне,
демократиялық топтардың наразылықтарына ғана емес, сондай-ақ
даңқ пен мансап жолында ішкі қақтығыстарды туғызып отырған
кейбір ақсүйектерге де қарсы бағытталған еді. Төменгі топтардың
көмегімен, бейне сол бір топтың мүдделерін қорғайтын жанашыр
ретінде күрес бастаған Октавиан да, өзінен алдын өткен Сулла,
Помпей, Цезарь және тағы басқалар сияқты билікке қол жеткізген
соң, берген уәделерін ұмытып, құлиеленушілер мен сенат
ақсүйектері жағына ауып кетеді. Бірақ ол Рим қоғамындағы түрлі
әлеуметтік топтарды шошындырып алмау үшін бейтарап саясатты
қолдайды, жылдам диктаторлық жолға көшіп, барша басқару істерін
өз қолына алмайды, республикалық басқару жүйесін өзгертпестен,
ескі билік тәсілдерін сол қалпында қалдырады. Өзін тек
Достарыңызбен бөлісу: