Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§ 2.   Терминжасам мәселесі



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата11.04.2020
өлшемі3,57 Mb.
#62252
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Mazhitaeva uceb.pos

§ 2.   Терминжасам мәселесі 
 
40-жылдары,  әсіресе  соғыс  жылдарында,  тек  Қазақстанда 
ғана  емес,  барлық  Одақтық  республикаларда  орталықтан 
жүргізілген  тіл  саясатының  ықпалымен  орыс  тілінің  және  орыс 
тілі  арқылы  халықаралық  тілдердің  сөздері  молынан  кірді. 
Бұларға  көбінесе  саяси-қоғамдық  терминдер,  соғыс-техникалық, 
әскери  атақ-дәрежеге  байланысты  термин  сөздер  жатады.  Соғыс 
жылдары  тіл  мәдениетіне  көңіл  бөлуге  әрі  жағдайдың,  әрі 
уақыттың болмауы бір жағынан, түсінікті де еді. 
                                                 
35
 Әуезов М, Қазақтың әдеби тілі туралы // Әдебиет және искусство, 
1954, №4. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
162 
40-жылдары  көптеген  терминдердің  баламасы  бола  тұра 
аударылмай  алынғаны  жайлы  қазақ  әдеби  тілінің    «Ескі  сөздік 
қор  өз  заманында  жеткілікті,  толық  болғанмен,  қазіргі  жаңа 
ұғымдарды  атауға  сапа  жағынан  да,  сан  жағынан  да  жеткіліксіз 
болды,  шахта,  театр,  актер,  режиссер,  депутат,  инженер, 
роман,  пьеса,  кафедра,  мотор,  диалектика,  логика,  эстетика, 
проекция,  оптика,  хлор,  академия  т.б.  сөздерге  қазақ  тілінің 
сөздік  қорында  сай  келетін  сөз  жоқ,  сондықтан  оларды  сол 
қалпымен алу керек» -деген қорытынды жасайды 
36
.  
Егер  соғыс  жылдары  план,  продукция,  союз,  бүкілсоюздық, 
герой,  склад,  агитатор,  агитация  болып  алынса,  40-шы 
жылдардың  аяғында  бұлар  жоспар,  өнім,  одақ,  бүкілодақтық, 
батыр,  қойма,  үгітші,  үгіт  болып  қазақша  аударылып 
қолданылатын болды.  
40-шы  жылдары  тіліміздегі  -лық//-лік,  -шыл//-шіл,  -шылық//-
шілік, -шы//-ші жұрнақтарының сөз жасауда актив қолданылғаны 
байқалады:  жауынгерлік,  панфиловшы,  стахановшы,  бердиевші, 
саясаттық,  гитлершіл,  бүкілсоюздық,  ерлік,  табандылық, 
батырлық,  құмырашы-инженер,  әйнекші-инженер,  қызметші, 
қарсылық  (көрсету),  қой  өсіруші,  жауапкершілік,  айуандық, 
сүйіспеншілік, мемлекеттік  т.б. 
Сонымен  бірге  орыс  тілінің  –щик,  -чик,  -ель,  -ый    т.б 
суффикстері  арқылы  кәсіп  иесі,  мамандықтың  атауын  білдіретін 
сөздер  сол  қалпында  алынып  қолданылған:  машинистка, 
стенографистка,  печатник,  тракторист,  танкист,  летчик, 
бомбардировщик,  истребитель,  комбайнер,  штурвальный,  
секретарь  т.б. 
40-жылдары  терминдердің  жазылуы  қандай  принципке 
сүйенгеніне  келетін  болсақ,  негізгі  принцип  –  терминдердің 
орысша  жазылуын  сақтау,  сонда  олар  кейде  айтылуы  әр  түрлі 
болғанымен, жазылуы орыс графикасына негізделген жаңа әліпби 
бойынша,  орысша  қалай  жазылатын  болса,  қазақша  да  солай 
жазылды. 
Не  себептен  бұндай  принципті  ұстанғандық  жөнінде                  
М.  Балақаев  кезінде  былай  деп  жазды:  “Солай  жазудағы 
                                                 
36
 Сауранбаев Н. Қазақ әдеби тілі және оның терминологиясын жасау // 
СҚ., 1941, 30 май. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
163 
мақсаттың  бірі  –  термин  сөздердің  тұрқын  бұзбау  болса, 
екінішіден,  бір  сөзді  әркім  әр  түрлі  жазбай,  бір  түрлі  жазып, 
олардың емлесін оңайлату еді.  ... бұрыннан өзгертіліп айтылып, 
өзгертіліп  жазылып  жүрген    станса,  Ресей,  фабрик,  тауар, 
жағрапия  деген  сөздер  де  станция,  Россия,  география,  товар, 
фабрика деп орысшасындағыдай дұрыс жазылатын болды”. 
Бұндай принциптің тілімізде бара-бара шетел терминдерінің 
шектен тыс көбеюіне әкелгені белгілі. 
Отызыншы  жылдардың  аяғында  қазақ  тіліне  орыс  сөздері 
мен  орыс  тілі  арқылы  халықаралық  сөздердің  көптеп  кіруіне, 
әрине, жазуымыздың латын әліпбиінен кириллицаға көшуінің де 
ықпалы зор болды. Қазақ мектептерінде орыс тілін міндетті түрде 
оқытуға  баса  көңіл  бөлінді.  Ал  орыс  мектептерінде,  керісінше, 
қазақ  тілін  міндетті  оқытудан  босату  туралы  №450  жарлық 
шығарылды (ҚРОМА 1137 қор, 1-тізімдеме, 346-іс, 159 п.). 
Өкімет  тарапынан  жүргізілген  осындай  орыстандыру 
саясатының салдарынан мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 
орыс  тілі  оқытылды.  Бұл  саясаттың  неге  әкеліп  соқтырғаны 
баршамызға аян. 
Тіл  дамуына  теріс  ықпалдың  салдары  қандай  болды  деген 
сауалға    Б.Хасанов:      “Казахский  язык  начиная  с  40-хх  гг.  был 
ущемлен  в  развитии,  ибо  во  время  многочисленных  миграций  в 
годы индустриализации, коллективизации, эвакуации и освоения 
целины  языковые  запросы  казахов  не  учитывались,  забота  о 
родном  языке  расценивалась  как  национализм  –  обвинение 
страшнее  которого  ничего  не  было  для казахов  в 30-е  и  50-е  гг. 
При    этом  чрезвычайно  важно  отметить,  что  главная  причина 
сужения  общественных  функций  казахского  языка  –  условия 
многоязычия, при которых главный упор делается в основном на 
развитие средства  межнационального общения – русского языка” 
- деген өте орынды тұжырым жасайды 
37

Шындығында,  Тіл  туралы  тұңғыш  декрет  жиырмасыншы 
жылдардың  басында  қабылданып,  онда  қазақ  тілі  орыс  тілімен 
қатар  мемлекеттік  тіл  болып  жарияланса  да,  заң,  қағаз  жүзінде 
қала беріп, тіл тағдыры созылмалы дағдарысқа душар болып, ана 
                                                 
37
 Хасанов Б. Языки народов Казахстана и их взаимодействие. Алматы, 
1971. –С.70-70. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
164 
тілімізден  қол  үзіп  қала  жаздардай  дәрежеге  жеттік.  Өйткені 
қазақ тілі ресми тіл болу, ғылым тілі болу қызметінен айрылды. 
Оның  бұндай  қызметін,  орнын  орыс  тілі  басты.  Қазақ  тілі  орыс 
тілінің көлеңкесінде қалды. 
Ғылым  тілін  жасау  ісі  20-жылдарда  басталғанымен, 
Академиялық 
орталық 
қазақ 
тілінде 
ғылыми 
тілді 
тұрақтандырды,  жасап  бітті  деп  сол  кездің  өзінде  жазғанымен, 
шын мәнінде олай болмаған еді. 
30-жылдары проф. Қ.Жұбанов жасаған принциптер негізінде 
ғылым 
тілін 
тұрақтандыруға, 
дамытуға 
ат 
салысқан 
мемтерминком  да,  40-50-жылдардағы  мемтерминком  да  қазақ 
әдеби  тілінің  тұрақтанған,  жүйелі  ғылыми  терминологиясын 
жасай алмады. 
Сонымен, төңкерістің алғашқы жылдарында көріне бастаған 
іс  қағаздары  стилі  40-50-жылдары  қазақ  тілінің  іс  жүргізу  тілі 
болудан  қалуының  нәтижесінде  қолданыста  көрінуден  біржола 
қалды.  Өйткені  әрбір  тілдің  өзінің  өмір  сүретін  әлеуметтік-
демографиялық ортасы бар. Ол орта әлсіз болса, тілдің әрі қарай 
өмір  сүруі  неғайбіл.  Кейбір  жағдайларда  екі  тілдік  орта  қатар 
келсе,  біреуі  әлсірейді  немесе  жұтылып,  мүлдем  жоқ  болып 
кетеді.  Өткен  тарихтан  мұны  дәлелдейтін  мысалдарды  көптеп 
келтіруге болады. 
Мәселен,  20-жылдары  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде 
міндетті  түрде  оқыту  жұмысы  қолға  алынғанмен,  республика 
халқының  құрамында  орыс  тілді  халықтың  санының  көбеюіне 
байланысты қазақ тілінің беделі бірте-бірте төмендей берді. 
Сталин  өлгеннен  соң,  1956  жылы  өткен  партияның    XX 
сиезінен  кейін  ғана  идеологиядағы  тар  құрсау  сәл  босаңсып, 
еркіндік  нышаны  байқалды.  Алайда  тіл  білімі  саласында  осы 
жағдаймен    байланысты  тағы  бір  науқан  –  «Сталин  оқуының» 
қателігін  сынау  науқаны  басталды.  Бұл  жылдарда  қазақ  тілінің 
дамуы,  оның  әлеуметтік  қызметін  кеңейту  туралы  сөз  болуы  да 
мүмкін  емес  еді.  Қайта  осы  жылдарда  бұдан  бұрынғы  1920-30 
жылдардағы  оның  мемлекеттік  тіл  (орыс  тілімен  қатар)  ретінде 
жарияланып,  қолданылу  аясының  біраз  кеңіген,  қызмет  өрісінің 
артқан  жағдайы  біртіндеп  кері  кете  бастады.  Оған  бірнеше 
объективті  себептер  болды.  Біріншіден,  соғыс  жылдары 
Қазақстанға  жау  басып  алған  жерлерден  және  басқа 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
165 
республикалардан  он  мыңдаған  адамды  қоныстандыру,  одан 
кейінгі тың және тыңайған жерді игеруге, одақтық маңызы бар ірі 
құрылыстарды  салуға  «комсомолдық  шақыру»  жарияланудың 
салдарынан  орыс  тілді  тұрғындардың  саны  өлшеусіз  көбейіп, 
республиканың  демографиялық  жағдайы  түбірлі  өзгеріске 
ұшырады.  Жоғарыдағы  себептермен  сол  кезеңде  Қазақстанға  40 
миллион  500  мыңдай,  негізінен  орыс  тілді  адам  қоныстанған 
екен,  мұның  өзі  1959  жылғы  санақ  бойынша  барлығы  3 
миллионға 
жетер-жетпес 
жергілікті 
халыққа 
шаққанда, 
демографиялық ахуалдың  қандай болғанын анық  байқатса керек 
(Тәтімов  М.  Қазақ  әлемі.  Алматы,  1993.  –Б.15,37).  Екіншіден, 
үкіметтің 1960 жылдары ауыл шаруашылығында жүргізген ауыл-
селоны  орталықтандыру  саясаты  да  өзінің  жағымсыз  әсерін 
тигізді.  Осы  саясат  салдарынан  ауылдық  жерлердегі  көптеген 
бастауыш, жеті жылдық мектептер жабылып, олардағы оқушылар 
кеңшар,  аудан  орталықтарында  ашылған  мектеп-интернаттарға 
ауыстырылды,  тіпті  кейбірі  орыс  мектептеріне  қосылып,  аралас 
мектеп  дегенді  құрады.  Кейін  мұндай  мектептер  дәріптеліп, 
“болашақтың  мектебі”  ретінде  насихатталып,  оларға  кең  өріс 
ашылды.  Ал  бұл  жағдайлар  қазақ  мектебі  оқушыларының 
біртіндеп  орыс  тілді  оқушылармен  араласуына,  кейбірінің  орыс 
кластарына ауысуына, жалпы қазақ тілді ортаның азаюына әкеліп 
соқтырды.  Аралас  мектептерде    өтетін  шаралардың  бәрі  дерлік 
орыс  тілінде  жүргізілгендіктен,  оқушылардың  сабақтан  тыс 
қатынас  құралы  орыс  тіліне  айналды.  Үшіншіден,  сол  кездегі 
үкімет  басшыларының  сөздерінде  коммунизм  тым  жақын 
қалғандай 
суреттелініп, 
ал 
коммунизмде 
ұлттық 
айырмашылықтар  жойылып,  барлық  кеңес    халқы  бір  қоғамдық 
бірлестік – совет халқы дегенді құрайды, олар бір тілде сөйлейтін 
болса,  коммунизмге  тезірек  жетеміз  деген  сияқты  насихат  жиі 
айтылатын.  О  бастан  көсем  сөзін  пайғамбар    сөзіндей 
қабылдайтын  ұрпақ      ол  насихатқа  шын  сенді  де.  Сондықтан 
көптеген 
қалалық 
жердегі 
отбасылар, 
қала, 
ауыл 
интеллигенцияның  бір  тобы  қазақ  тілінің  болашағынан  түңіліп, 
өз  балаларын  қазақ  мектебінен  алып,  орыс  мектептеріне  бере 
бастады.  Сөйтіп,  қалалық  жердегі  қазақ  мектептерінің 
толымдылығы  азайып,  олар  өз-өзінен  жойылып  жатты,  ал 
балабақшалар мен бөбекханалар (яслилер) түгелімен орыс тілінде 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
166 
жұмыс  істейтін.  Б.Хасановтың  деректері  бойынша,  тек  1974 
жылдың  өзінде  ғана  679  бастауыш,  128  сегізжылдық  қазақ 
мектебі қысқарып, олар орта мектептерге қосылды. 
Аудандардың  іріленуі,  өлкелердің  құрылуымен  байланысты  
қазақ тіліндегі газет-журналдардың саны да қысқаруға ұшырады. 
Мәселен,  1930  жылдардың  аяғында  қазақша  193  газет  шығып 
тұрған болса, 1974 жылы оның саны 148-ге дейін азайған. 
Бұлардың  бәрі  ұлттық  әдеби  тіліміздің  жан-жақты,  еркін 
дамуына  жасалған  жасанды  кедергілер  еді.  Бұл  жағдайлар  қазақ 
тілінің әлеуметтік қызмет аясына бұрынғыдан да тарылта түсті.
  
 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.ХХ ғасырдың 40-50-жылдарындағы тіл саясаты 
2. Терминжасамдағы  ұстанған принциптер   
 
Реферет тақырыбы: 
1. М.Әуезов және қазақ әдеби тілі 
 
 
 
 
ҮІІІ. 1960-80  ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ 
 
§ 1. Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің  тарылу себептері 
 
 1957  жылы  жеке  адамның    басына  табыну  қалдықтарын 
жою  туралы  Орталық  партия  комитетінің  қаулысынан  соң  жұрт 
қоғамда  біраз  жаңалықтар  болар  деп  күткен  еді.  Идеологиялық 
шылбыр  едәуір  босаңсып,  еркіндік  белгілері  нышан  берді.  Бұл 
әдебиет  пен  өнердің,  мәдениет  пен  ғылымның  дамуына  біраз оң 
ықпалын тигізді. 
1960  жылдардағы,  одан  кейінгі  әдебиетте  өткен  дәуірдегі 
халық  өмірін,  оның  бостандықты  аңсаған  үміт-арманын  көрсету 
үлкен  орын  алды.  Бұл  тақырыпта  І.Есенберлиннің  “Қаһар”, 
Х.Есенжановтың  “Ақ  жайық”,  Ғ.  Мұстафиннің  “Көз  көрген”, 
“Дауылдан кейін” т.б. көптеген романдар жарық көрді.  
Көп  ақындардың  өлең-жырларында  Отан  келбеті,  бейбіт 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
167 
өмірдің жарқын істері, еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, ерлік 
пен еңбек табыстары негізгі тақырып болды.  
Әдебиет  зерттеушілері  “Жаңғыру  кезеңі”  деп  айдар  таққан 
60-70-жылдарда  халқымыздың  бастан  өткерген  кезеңдерін 
суреттеу кең орын алды. Соғыстан кейінгі жылдары “Абай жолы” 
эпопеясынан  бастау  алған  аталмыш  бағыт  өркен  жая  дамыды. 
І.Есенберлин, 
Ә. 
Нүрпейісов, 
Ә.Кекілбаев, 
М.Мағауин,                    
Ш.  Мұртаза  бастаған  прозада  халықтың  тарихы  мен  оның  дара 
тұлғалы  ұлдарының  өмір  жолын  бейнелеуде  жаңаша  әдіс-
тәсілдер  қолданып,  адам  жанының  ішкі  психологиялық 
иірімдерін ашуға талпыныс жасады.  
Соғыстан  соңғы  кезеңде  қазақ  басылымдарының,  оның 
ішінде  газет-журналдардың  саны  біртіндеп  өсуімен  бірге 
оқырмандар  саны  көбейді.  Мәселен,  1940  жылы  Қазақстанда  әр 
тілде 36 газет, 26 журнал шықса, 1974 жылы тек қазақ тілінде 148 
газет,  20  журнал  шығып  тұрды.  Сол  жылғы  мәлімет 
бойынша,”Мәдениет және тұрмыс” журналының таралымы 345,5 
мың  болса,  “Қазақстан  әйелдері”  331,5  мың,  “Жұлдыз”  200  мың 
таралыммен шыққан. 1950-60 жылдары аудандық газеттер көптеп 
шыға бастады.  
Осы  жылдары  миллиондаған  таралыммен  М.Әуезов, 
С.Мұқанов, 
Ғ.Мүсірепов, 
Ғ.Мұстафин, 
Х.Есенжанов, 
Ә.Нүрпейісов,  Т.Ахтанов,  т.б.  жазушылар  шығармалары 
оқушыларына жол тартты.  
Саяси-қоғамдық 
әдебиет 
стилінің 
дамып, 
тілінің 
шыңдалуына  марксизм-ленинизм  классиктерінің  шығармаларын 
қазақ  тіліне  аударудың  едәуір  ықпалы  болды.  Мысалы, 
В.И.Лениннің  45  томдық  шығармалар  жинағы  милионнан  астам 
таралыммен 
жарияланса, 
К.Маркс 
пен 
Ф.Энгельстің 
шығармалары,  өзге  де  саяси  әдебиеттер  жүздеген  мың 
таралыммен  ел  арасына  сатылды.  Бұл  әдебиеттердің  таралуына 
олардың  халық  сұранысына  ие  болудан  гөрі,  партия 
ұйымдарының  мәжбүрлеп  таратуы  себепші  болды.  Оны 
халықтың саяси сауаты мен белсенділігінің артуының көрсеткіші 
деп  түсіндірді.  Жоғары,  орта  дәрежелі  сауаттылар  және  кітап 
оқырмандарының  саны  көбеюімен  байланысты  баспасөз  және 
кітап оқырманарының саны мен сапасы бірдей артты.  
Мұның  бәрі  халықтың  рухани  дәрежесінің  өсуі  мен  қазақ 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
168 
әдеби тілінің қоғамдық қызметінің кеңеюін анық көрсетті.  
Мерзімді  баспасөз  бетінде  қоғамдық  өмірдің  сан  саласын 
қамтитын  жадығаттар,  әсіресе,  саяси-әлеуметтік,  экономикалық 
тақырыптағы,  мәдениет  пен  өнерге,  ғылым  жаңалықтарына 
қатысты  мақалалар  жиі  жарық  көрді.  Сондай-ақ  мерзімді 
баспасөз  қазақ  тілі  мен  оның  жай-күйі,  негізгі  мәселелері 
жайында да жиі жазды. Әсіресе, алфавит, емле, терминология, тіл 
мәдениеті  тәрізді  қазақ  тілінің  аса  маңызды  проблемалары 
баспасөз  бетінде  жарық  көріп,  сол  арқылы  жұртшылық 
талқысына түсіп, шешімін тауып жатты.  
Бұл  жылдары  баспасөздің  жалпы  сауаты  артып,  шеберлігі 
шыңдалды,  жазу  мәдениеті  өсті.  Өмірде  болып  жатқан  өзгеріс, 
жаңалықтарды  сипаттауда  жаңа  сөз,  жаңа  тіркестер  туып,  тілде 
бар  қарапайым  сөздерді  термин  дәрежесіне  дейін  көтеріп, 
грамматикалық тұлғаларды жүйелі жұмсайтын болды.  
1960  жылдардан  бастап  ұлтжанды  қазақ  зиялылары 
арасында  қазақ  тілінің  болашағына  алаңдаушылық  байқала 
бастады. Сол кездерде “Қазақ әдебиеті”, “Жұлдыз” сияқты қазақ 
баспасөзі  беттерінде  қазақ  тілінің  қызмет  өрісінің  тарыла 
бастағаны,  қазақ  мектептерінің  жабылып  жатқаны,  қазақ  ата-
аналарының  өз  балаларын  орыс  мектебіне  беру  тәжірибесінің 
көбейіп  келе  жатқандығы,  қазақ    басылымдары  мен  қазақша 
кітаптардың  таралымының  азайып  кеткендігі,  ақырында, 
тіліміздегі  ғылыми-техникалық,  саяси  терминдердің  орысша 
нұсқасының  аударылмай  алынуы  үрдіске  айналып  бара 
жатқандығы  сияқты  мәселелер  сөз  бола  бастады.  Мұндай 
қиғаштықтардың бір себебі балаларды жас кезінен  өз ана тілінде 
тәрбиелейтін  балабақшалардың  жоқтығынан,  ірі  қалалардағы 
қазақ мектептерінің тым аздығынан деп түсіндірілді.  
Шынында, біз келтірген демографиялық, құрылымдық, саяси 
себептерді  ашып  айту  ол  тұста  мүмкін  емес  те  еді,  сондықтан 
мақала  авторлары  сол  құбылыстардың  тек  салдарын  ғана айтуға 
мәжбүр  болды.  Бұл  тұрғыда  бір  миллионға  жуық  тұрғыны  бар, 
қазақ атын алған республиканың астанасы – Алматыда бір қазақ 
орта  мектебі  болмай,  жаңадан  мектеп  ашу  мәселесінің 
қаншалықты  қиынға  түскені  нақтылы  мысал  бола  алады.  Бұрын 
жабылып қалған №12 қазақ орта мектебін қайта ашуда қазақтың 
бір  топ  зиялылары  (жазушылар,  ғалымдар,  техникалық 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
169 
интеллигенция өкілдері) талай есікті тоздырды, ақырында, КПСС 
Орталық Комитетінің араласуымен ғана оны ашуға рұқсат етілді. 
Бірақ  мектеп  ашу  үшін  оған  қажетті  оқушылар  санын  толтыру 
керек еді. Мектептің оқушылар контингентін толтыруда олардың 
қазақ  тұрғындары  арасында  жүргізген  үгіт-насихат  жұмысының 
өзі  бір  алуан.  Соның  нәтижесінде  мектеп  ашуға  мүмкіндік 
беретін  оқушылар  саны  толық  қамтамасыз  етілгені  өз  алдына, 
бірер жыл өтпей-ақ мектепте сынып саны көбейгендіктен, ол екі 
ауысымға  көшірілді.  Жүре  келе  бұл  мектептен  бірнеше  қазақ 
сыныптары  тұрған  ауданына  қарай  басқа  аралас  мектептерге 
ауыстырылып,  кейін  осы  сынып  оқушылары  негізінде  бірнеше 
қазақ мектептері ашылды. Мұның өзі сол кездегі қазақтардың ана 
тіліне деген құлшынысын байқатса керек.  
Нақ  осы  жылдары  (1961  жылдың  бас  кезінде)  Тіл  білімі 
институты  бөлек  шаңырақ  көтеріп,  қазақ  тіл  білімінің  сала-
саласы бойынша зерттеулер жүргізе бастады.  
Әдеби тіліміздің кейбір проблемалық мәселелерін көтеруде, 
оның даму дәрежесін, бағытын айқындауда 1962 жылы Алматыда 
өткен “ССРО халықтары әдеби тілдерінің совет дәуірінде дамуы” 
мәселесіне  арналған  бүкілодақтық  конференциясының  зор 
маңызы болды.  
Әрине,  конференцияны  ұйымдастырушылардың  мақсаты 
Кеңес  Одағындағы  халықтардың  ұлттық  әдеби  тілдерінің  жан-
жақты  дамуына  қолдау  көрсету  емес  еді,  қайта  сол  жылдары 
көтерілген саяси бағыт – ұлттарды өзара жақындастыру  арқылы 
ұлттық ерекшеліктерді жойып, біртұтас “совет халқы” деген жаңа 
қоғамдық бірлестікке айналдырудың жолдарын іздестіру еді.  
Конференция 
1950 
жылдары 
И.Сталин 
ұсынған 
“Социализм”  дүние  жүзі  көлемінде  жеңгенде  дүние  жүзі  тілдері 
кірігіп, бір ортақ тілге көшу мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. Ол 
тілдің  қай  тіл  болатыны  айтпаса  да  түсінікті  еді.  Нақ  осы 
конференцияда  орыс  тіліне  ерекше  мән  берілуі,  орыс  тілінің  бір 
жақты  “игілікті  әсерін”  баға  көрсету,  орталық  лексикалық  қор 
жасау,  ғылыми  терминологияны,  алфавитті  бірдейлестіру 
(унификация)  туралы  сөз  болуы  –  соның  айғағы  іспетті  еді. 
Конференциядағы  “Орыс  тілі  және  кеңес  қоғамы”  деген 
баяндаманың қойылуы да осы мақсатты көздегендігі белгілі.  
Ұлттық  тілдерді  болашағы  бар  (перспективалы),  болашағы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
170 
жоқ деп бөлу, сондай-ақ оларды көне жазулы немесе жазуы жас 
(младописьменный) деп ажырату да осы конференциядан бастау 
алды.  
Негізгі 
баяндамада 
да 
Кеңес 
үкіметінің 
алғашқы 
жылдарындағы    қиыр  шығыстағы  этникалық  топтар  мен  кейбір 
түркі,  финноугор  және  кавказдағы  саны  аз  халықтар  үшін 
олардың  бас-басына  өз  жазуын  жасауға  көмектесудің  өзі  қате 
болды,  олардың  барлық  әдебиетті  өз  тілдеріне  аударуы  белгілі 
дәрежеде пуризм элементін туғызды –деп ашық айтылды.  
Тілдердің  бір-біріне  тигізетін  әсерін  айтқанда,  орыс  тілінің 
ұлт  тілдеріне  тигізіп  отырған  әсері  игілікті  (благотворительный) 
болады  да,  керісінше,  ұлт  тілдерінің  орыс  тіліне  тигізетін  әсері  
жағымсыз  (отрицательный)  болып  шығады  екен.    Орыс  тілі  ұлт 
аралық тіл  ретінде басқа тілдердің баю көзі деп көрсетіліп, оның 
ұлттық  тілдердің  әлеуметтік  қызметін  тежеп  отырғандығы,  ол 
тілдердің  фонетикалық  жүйесі  мен  грамматикалық  құрылысын 
бұзып,  лексикасын  шұбарлап  отырғандығы  туралы  бір  де  ауыз 
сөз айтылмады.  
Мәселен,  академик  В.В.Виноградовтың  жетекшілігімен 
жасалған  ұжымдық  баяндамада  былай  деп  көрсетілді:  “Для 
народов Советского союза русский язык имеет особенно важное 
значение  как  средство  сближения  и  единения  этих  народов...как 
один  из  основых  источников  обогащения  и  развития  других 
национальных языков Советского союза”.  
Конференция  ұсыныстары,  негізінен,  тілдердің  өзара 
байланысын,  бір-біріне  тигізетін  әсерін  зерттеуге,  ұлт  тілдері 
үшін орыс тілін екінші ана тілі ретінде пайдаланып, қостілділікті 
дамыту проблемасын енгізуге бағытталды.  
Дегенмен  конференция  ұсыныстарында  тіл  мәдениетін, 
ұлттық әдеби тілдердің тарихын зерттеу мәселелері де ұсынылды, 
сонымен қатар, әр жүйедегі тілдерді салыстыра зерттеу, туыстас 
тілдерді 
зерттеуде 
тарихи-салыстырмалы 
әдісті 
кеңінен 
пайдалану да күн тәртібіне қойылды.  
Аталған  конференциядан  кейін  қазақ  тілі  дамуының 
көкейтесті  мәселелері  әр  түрлі  деңгейде  көтеріліп,  қазақ  тілінің 
зерттелуіне  өз  әсерін  тигізді.  Осы  жылдары  Тіл  білімі 
институтында  салыстырмалы  грамматика,  тіл  мәдениеті, 
түркология    және  қазақ  тілі  тарихы,  ономастика  бөлімдері 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
171 
құрылып,  аталған  салаларда  жоспарлы  зерттеулер  жолға 
қойылды. Екі томдық ғылыми грамматика, түсіндірме сөздіктің 2 
кітабы,  қазақ  әдеби  тілі  тарихы  тәрізді  ұжымдық  жұмыстар  мен 
бірнеше монографиялар, ғылыми жинақтар жарық көрді.  
1968  жылы  баспасөздегі  тіл  мәдениетіне  арналған 
республикалық  ғылыми-практикалық  конференция,  1973  жылы 
диалектология мәселелерін сөз еткен бүкілодақтық конференция, 
1973  жылы  диалектология  мәселелерін  сөз  еткен  бүкілодақтық 
конференция,  1976  жылы  алғашқы  түркологиялық  съездің 
(Баку,1926)  50  жылдығына  орайластырылған  түркологтардың 
бүкілодақтық конференциясы т.б. өтті. Мұның бәрі қазақ тілінің 
әлеуметтік  қызметін  бірақ  көтеріп,  тіл  білімінің  дамуына  үлкен 
әсер етті.  
Қазақ  тілі  дамуындағы  келелі  мәселелер,  әсіресе,  тіл 
мәдениетіне арналған республикалық конференцияда кеңінен сөз 
болды.  Конференцияда  тіл  мәдениетімен  байланысты  мерзімді 
баспасөзде,  көркем  әдебиетте  кездесетін  дублет,  диалектизммен 
шектен  тыс  әуестену,  термин  қабылдаудағы  ала-құлалық, 
орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтарды сақтамау, аударма 
мәселесіндегі 
кемшіліктер 
қатаң 
сынға 
алынды. 
Бұл 
кемшіліктерді жою мақсатында, конференцияның ұсыныстарына 
сай,  1970  жылдары  Тіл  білімі  институтының  тарапынан 
орфографиялық,  орфоэпиялық,  әр  түрлі  ғылым  салалары 
бойынша 
терминологиялық, 
екі 
тілді, 
синонимдік, 
диалектологиялық 
сөздіктер 
шығарылды, 
терминология, 
стилистика,  тіл  мәдениеті,  диалектология  салалары  бойынша 
зерттеу еңбектері мен ғылыми жинақтар жарық көрді.  
Бұл жұмыстар 80-жылдары одан әрі жалғасты. Қазақ тілінің 
он  томдық  түсіндірме  сөздігінің  жарық  көруі,  Қазақ  тілінің 
академиялық  грамматикасының  алғашқы  кітабының  (фонетика) 
жарияланып, 
қалған 
бөлімдерінің 
аяқталуы, 

томды 
диалектологиялық сөздіктің жасалып бітуі, әдеби тіл тарихы мен 
ономастикаға қатысты оқу құралдары мен монографиялардың, екі 
тілді  (орысша-қазақша),  терминологиялық  сөздіктердің  жарық 
көруі  –  осы  жылдардың  жемісі.  Сондай-ақ  осы  жылдары  орыс 
тілінен,  орыс  тілі  арқылы  шет  тілдерінен  енген  бірсыпыра 
терминдерге  ана  тілінен  балама  іздеу,  қазақ  тілінде  оқытатын 
мектеп,  сыныптар  ашу  жұмысы  жалғастырылды.  Дегенмен  ана 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
172 
тіліміздің    күннен-күнге  өрісінің,  қоғамдық  қызметінің    тарыла 
бастауы    қазақ  зиялыларының,  ұлт  жанашырларының    тіл 
тағдырына  деген    алаңдатушылығын    күшейте  түсті.  Орыс  тілі 
өміріміздің  барлық  саласына    дерлік  дендеп  еніп,    олардан 
біртіндеп  қазақ тілін ығыстырып шығарды.  Мәселен, жан-жақты  
жетілген  әдеби  тілдің  50  шақты  қоғамдық  қызметі    болатын 
болса,  қазақ  тілінде  соның  он  шақтысы  ғана  қалды.  Ғылым 
толығымен  орыс  тілінде  жазылды,  қазақ  тіліндегі  терминдердің 
70-80%  орыс  сөздері  не  орыс  тілі  арқылы  енген  сөздер  болды, 
ресми  іс-қағаздары  толықтай  орыс  тілінде  жүргізілді, 
республиканы айтпағанда, қалалар мен аудан орталықтарындағы 
үлкенді-кішілі  жиындар  орыс  тілінде  өтті.  Әсіресе,  жас  ұрпақ 
бөбекханалар  мен  балабақшаларда    орысша  тәрбиеленді.  Бұл 
жағдайлар  ұлтаралық  (орыс)  тілдің  ұлт  тілдерін  мүлде 
ығыстырып шығаруына әкелетін алғышарттар еді.  
Мұны  түсінген  қазақ  зиялыларының  бір  бөлігі  80-
жылдардың  аяғында ана тілінің мүшкіл жағдайын тілге тиек етіп, 
оны  мүлдем  құрып  кетуден  сақтап  қалу  ұранын  көтеріп,  бұған 
қалың көпшілікті  жұмылдыра білді.  Міне,  дәл  осы  кезде  ұлттық 
ұранды  ту  қылған  желтоқсан  оқиғасы  халық  санасына  үлкен 
сілкініс туғызды. Бұған, екінші жағынан, сол кезде үкімет басына 
келген  М.С.Горбачевтың  қайта  құру  және  демократиялық 
бостандық  жайындағы  пікірлері  де  белгілі  дәрежеде  өз  себін 
тигізгені  белгілі.  Әсіресе,  оның:  “Мы,  конечно  не  можем 
допускать,  чтобы  самый  маленький  народ  исчез,  чтобы  был 
потерян язык самого маленького народа, мы не можем допустить 
нигилизм  по  отношению  к  культуре,  традициям,  истории  и 
больших  и  маленьких  народов”  –  деген  сияқты  ұлт  мүддесі 
жайында айтқан сөздері ана тілімізді сақтап қалу күресінде үлкен 
демеу  болды.  Халықтың  жаппай  белсенділік  көрсетуінен 
сескенген  республика  басшылығы  тіл  саясатында  белгілі  бір 
“шаралар”  жасауға  мәжбүр  болды.  Ең  алдымен,  республика 
үкіметі    мен  Орталық  партия  комитеті  1987  жылдың  5 
наурызында  “Республикада  қазақ  тілін  үйренуді  жақсарту 
туралы”  және  “Республикада  орыс  тілін  үйренуді  жақсарту 
туралы”  деген  екі  қаулы  қабылдады.  Бұл  қаулылардың 
алғашқысында  “қазақ  тілінің  қоғамдағы  рөлінің  төмендеп 
кеткені,  қала  жастарының  өз  ана  тілін  жоғалтып  бара  жатқаны” 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
173 
мойындалса  да,  оның  себебін  “қазақ  тілін  оқытудың  өз 
дәрежесінде 
жүргізілмейтіндігінен, 
оқу 
құралдары 
мен 
бағдарламалардың  жетілмегендігінен”  деп  тапты.  Ал  бұл 
қиғаштықты  жоюдың  нақтылы  жолдары  көрсетілмеді,  бұл 
жағдайға  келтірген  негізгі  себеп  ашылмады.  Бар  ұсынғаны  – 
оқулықтарды  жетілдіру,  қазақ  тілін  оқытуды  жақсарту,  қазақ 
тілін  үйренемін  деп  тілек  білдірушілерге  ақылы  үйірмелер  ашу 
сияқты  жалпылама  “шаралар”  болды.  Ал    қазақ  тілін  өзге  тілді  
мектептерде,  орта,  жоғары  оқу  орындарында  оқыту  бұрынғыша 
ерікті  күйінде  қала  берді.  Бұл  қаулының  бар  жаңалығы  –  “ұлт 
республикасында  қостілділік  өмір  заңы  (нормасы)”  деген 
тармағы  болды.  Қазақ  тілін  дамыту  туралы  айта  отырып,  орыс 
тілін  қосақтауды  да  ұмытпады.  Ал  “Республикада  орыс  тілін 
еркін  меңгеру  орта  мектеп  жастары  үшін  нормаға,  жас  адамның 
азаматтық парызына айналуына жетуді нақты міндет етіп қойды. 
Бұдан қазақ тілін үйренсең де, үйренбесең де – өз еркің, ал орыс 
тілін  үйрену  “азаматтық  парызың”  деген  тұжырым  шығып 
тұрғаны айдан анық еді.  
Бұл  қаулының  қазақ  тілінің  мәртебесін  көтеріп,  өрісін 
кеңейтуге септігін тигзбейтінін жүре келе түсіндік, ал қостілділік 
идеясының  екі  тілді  қатар  қойып,  жарыстырып,  ақыр  соңында 
оның  қазақ  тілін  құм  қаптырып  кететінін  де  кеш  ұқтық. 
Қостілділік идеясын  алғашқыда жабыла қолдап, кең насихаттай 
бастаған  зиялыларымыз  оның  астарын  тез  түсінді.  Бұл  тек  орыс 
тілінің беделін арттырып, өрісін одан әрі кеңейтуден өзге ештеңе 
бермейтін  еді.  Сондықтан  ана  тілін  сақтап,  оның  әлеуметтік 
қызметін  кеңейтуге  бағытталған  күрес  тоқтамады.  Ақырында, 
жұртшылықтың ана  тілін  дамытуға деген  ықыласының  нәтижесі 
ретінде  1986  жылы  республикалық  “Қазақ  тілі”  қоғамы  өмірге 
келді.  
Аталған  қоғам  жаппай  көпшіліктің  қолдауымен  алғашқы 
жылдары  біраз  жұмыстар  тындырды.  Ана  тілінде  балабақшалар 
ашу,  таза  қазақ  мектептерінің  санын  көбейту,  жоғары 
мектептерде қазақ тілі кафедраларын ашып, қазақ тілін үйретуді 
қолға алу, қазақ тілін үйретуге қажетті бағдарламалар, оқулықтар
сөздіктер,  тілашарлар  жасауды  жолға  қою  сияқты  мәселелерді 
күн  тәртібіне  шығаруға  ұйытқы  болды.  Ақырында,  мемлекеттік 
тіл  мәртебесін  беретін  Қазақ  ССР-нің    “Тіл  туралы  заңын” 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
174 
қабылдаттыруға қол жеткізді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет