§1. Ескі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы
Қазақ әдеби тілінің XIX ғасырдың екінші жартысындағы
сөздік құрамы үш қабаттан тұрады: негізгісі – жалпыхалықтық
қазақ тілі сөздері. Екіншісі - араб және парсы сөздері, үшінші –
орыс сөздері.
Бұл кезеңдегі әдеби тілдің сөздік құрамы сол дәуірдегі қазақ
қоғамы өмірінің әр алуан жақтарын суреттей алатын дәрежеде
молығып, тұрақтала бастады. Әсіресе, жаңа ұғымдарды білдіретін
жаңа сөздер қоғамның әлеуметтік құрылысы, ел билеу – сот
системасы, жаңа экономикалық қарым-қатынастар мен сауда
саттық ісі, оқу-ағарту саласында пайда болды.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ қоғамының
әлеуметтік құрылысы өзгереді. Хандық жүйе жойылды, құл мен
төлеңгіт категориялары тарих төрінен кетті. Демек, бұларға
байланысты сөздер мен тіркестердің қолданылуы сирей
бастайды, олар көбіне-көп ауыспалы мағынада қолданыла
бастады.
Сондай-ақ сұлтан, төре, би сөздерінің мағыналары жартылай
өзгерді. Сұлтан, төре ертеректе ақсүйек, хан тұқымының атауы
болса, бұл тұста барлық әкім атауының жалпылай атауы ретінде
қолданылған. Керісінше, би сөзі әкімшілік термині ретінде
қалыптасады, бұл үш жылға сайланып қойылатын ұсақ-түйек
азаматтық істерді қарайтын әкімшілік орнының атауы.
Мынау жалған дүниеде
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
81
Малы көп кісі би болар (Шортанбай)
Сол тұстағы қазақ қоғамының әлеуметтік және әкімшілік
құрылысын бейнелейтін көптеген жаңа сөздер әдеби тілден орын
алып, кейбіреулері терминдік мәнге ие болды. Олар: санат
(сенат), болыс, старшын, ауылнай, майыр, жандарал, ұлық,
атқамінер, аттабар, хәкім, дуан, үйез, поштабай, шен, жатақ,
малай, қоңсы, тамыр.
XIX ғасыр екінші жартысында сот-жазалау системасында
үлкен өзгеріс болғаны мәлім. Осымен байланысты билік, бітім,
дау, жүгініс, ат-шапан, айып, барымта, ұрлық, қазы, абақты,
тұтқын, іс, арыз, пара сөздері, закон, сот, статья, положение
тәрізді орыс сөздері терминге айналады.
XIX ғасырдағы қазақ қоғамының экономикалық өміріндегі
жаңалықтың бірі – халықты қанаудың одан әрі күшейіп, жаңа
түрлерінің шығуы болды. Мысалы, сауын, жүн беру, ат майын
беру – малы жоқ кедейлерге байлардың малдың сүтін, жүнін,
күшін, уақытша пайдалануға беру арқылы қанауы, ортақтасу -
күш-көлік байдікі, жұмыс - кедейдікі, лау, лаушы. Сондай-ақ
ресми алым-салық жүйесі пайда болды: түтін салығы, қара
шығын, бедерлі қағаз (подорожная), зекет т.б . Осылардың бәрі
әдеби тілден орын алып, мұндағы әрбір құбылыс өз атымен
аталды. Экономикалық жағдайға байланысты терминдер сол
кездегі баспасөзде көбірек қолданылады. Өсім (аренда), пайда
(борыш), бексел, қарыз (взаем), зедетке (задаток), дүкен (лавка),
салық (налог), файда (прибыль), тауар (товар) т.т.
XIX ғасырда айтарлықтай жанданған оқу-ағарту ісінің қоғам
өміріне зор ықпалы тиді. Ол тілден де орын алды. Бұл кездегі
қазақтың көркем әдебиетінде жиі қолданылып, нормаға айналған
кітап, сабақ қалам, сия, молда, медресе сөздерімен қатар оқу-
білімге қатысты әріп, наһу, лұғат, насихат, сөз, дәптер, хат,
мағына сөздерін де кездестіруге болады.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тіліндегі
араб-парсы сөздері өткен дәуірлерге қарағанда айтарлықтай мол.
Бұған себеп болған, біріншіден, бұл тұста қазақ даласында ислам
дінінің етек алып кең жайылуы болса, екіншіден, мұсылманша
оқудың біраз жанданғаны және көркем әдебиет уәкілдерінің
өздерінің мұсылманша сауатты болуына да байланысты болса
керек. Бұл тұстағы көркем әдебиеттен бұрын көп кездеспеген
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
82
гаусар, беһәне (себеп), уәж, шаһмат, сақы (мырза), сүннет,
парыз, үзір, ғасыл, перизат, зайғы, нәубат, ықырам, ғарапат,
кәусер т.б. сөздерді ұшыратамыз. Бұл кездегі әдеби тіл
лексикасындағы араб-парсы сөздерінің ара салмағы барлық
қаламгерлерде, олардың барлық шығармаларында бірдей емес.
Мысалы, араб-парсы сөздері молынан кездесетін автордың бірі
Ақан серінің кейбір шығармаларында («Құлагерде») көптігі
сондай, Жаяу Мұсада да баршылық. Керісінше, Сүйінбай, Шөже,
Біржан тәрізді қаламгерлер де араб-парсы сөздері басқаларға
қарағанда әлдеқайда аз, барларының көпшілігі жалпыхалықтық
қорда бұрынан барлар.
Ескі төл әдеби тіліміздің грамматикалық құрылысы,
негізінен, қазіргі тіл нормаларынан алшақтамағанмен, XIX
ғасырдың ІІ жартысындағы әдеби тілдің морфологиялық
құрылысында кейбір ерекшеліктер де бар.
1. Тұйық етістіктің мақсатын білдіру үшін барыс септікте
қолданылатын түрі қазіргі у-ға емес, көбіне ар-ға болып келеді.
Мысалы,
Берерге ғылым жазып адам керек (Ақан Сері)
Жаны жоқ кеудесінде адам деуге (Біржан)
Оқ таппайсың атарға лайық болса (Майлы)
2. Бұйрық райдың екінші жағы - қын жұрнағы арқылы
жасалатын үлгі бар.
Әңгіме айтқын дегенде... (Майлы)
Сөзіме құлақ салғын, ей, Тезек төре... (Сүйінбай)
Бұл форма, негізінен, оңтүстіктен шыққан ақындарда
диалектілік форма болуы мүмкін.
3. Кейбір грамматикалық тұлғалар екі вариантта, яғни толық
және ықшамдалған түрінде кездеседі.
Мен// менен, да// дағы, дай// дайын, тын// тұғын.
§2. Қисса аталған әдебиеттің әдеби тілдегі орны
XIX ғасырдың екінші жартысындағы жазба әдебиеттің бір
түрі – қисса аталатын туындылар. Бұлар о баста ислам дінін
насихаттауға арналған кітапшалар түрінде таралып, аттары
«қисса» деп аталуы XIV ғасырдағы Рабғузидің «Қиссасул Әнбия»
(Әулиелер тарихы) кітабына еліктеуден туған сияқты. Діни
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
83
әдебиеттердің қауырт дамуының тарихи себептері бар.
Біріншіден, XIX ғасыр басында мұсылман елдерін дін арқылы
басқару саясатын ұстап, құранды және басқа діни кітаптарды
үкімет
есебінен
бастырып таратып, мешіт-медреселерді
салдырып, бала оқытуға өзі ұйытқы болды, бірақ кейін ол
саясатын өзгертіп, миссионерлер арқылы христиан дінін
насихаттау саясатын өрістетті. Екіншіден, патша үкіметінің бұл
соңғы саясаты оған қарсылық ретінде мұсылман жұртында діни
әдебиеттердің күрт дамуына әсер етті. Кейін осы қисса деген
грифпен азаматтық тақырыптағы шығыс әдебиетінің таңдаулы
үлгілерінің қазақша жырланған нұсқалары жарық көре бастады.
Осы үлгімен қазақтың ауыз әдебиеті шығармалары да жеке кітап
болып жарияланды.
Жалпы «қисса» – араб сөзі, тарих, әңгіме деген мағына
береді. Алайда қазақ топырағындағы жарық көрген қиссалардың
бәрі де өлеңмен жырланған шығармалар болып келеді, тек
дәстүрлі жырдан айырмасы бұларда белгілі сюжетке құрылған
оқиғалар жырланады. Ол тұста көркем әдебиеттің роман, повесть,
әңгіме жанрлары әлі өмірге келмеген кезде сюжетті
шығармалардың баршасын «қисса» деп атауға мәжбүр болған
сияқты.
Қиссалық әдебиеттерді әдебиет тарихын зерттеуші
ғалымдар идеялық бағытына, мазмұнына және көркемдік
құндылықтарына қарай 3-ке бөліп қарастырады. Тілдік жағынан
да бұлар 3-ке бөлініп тұрады.
1. Мазмұны, негізгі идеясы жағынан дінді, діни моральды
уағыздайтын, тілі жағынан түркі әдеби тіл дәстүрін сақтаған
қиссалар, олардың лексикасында араб, парсы сөздері молынан
кездеседі, грамматикасы мен орфографиясында түркі әдеби тіліне
тән формалар толығынан дерлік сақталып отырады. Бұл топқа
«Жұм-жұма», «Сал-сал», «Кербаланың шөлінде», «Тамымдер»,
«Адам», «Анхазірет Расулдың Меғражға қонақ болғаны»,
«Бозжігіт», т.б. жатады.
2. Мазмұны жағынан шығыстық сюжетке құрылған немесе
еркін аударылған, идеясы адамгершілікті, махабатты, ерлікті
жырлайтын, лексикасы негізінен қазақтың төл сөздерінен
тұратын, бірақ орфографиясы мен грамматикалық құрылысында
ішінара түркі әдеби тіліне тән жазба дәстүр кездесетін қиссалар.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
84
Бұған «Жүсіп-Зылиха», «Қисса-и Рүстем», «Қисса-и Қожа Ғафан
уа Һәм Сәдуақас», «Таһир», «Үш қыз», «Қисса-и Серғазы» т.б.
жатады. Бұлардың тілінің өзінде де шығарушының кім екендігіне
қарай аз-кем ерекшеліктер байқалады.
3.XIX ғасырдың екінші жартысында «қисса» деген грифпен
басылған ауыз әдебиеті үлгілері мен кейбір ақындардың
шығармаларын шартты түрде 3 топқа жатқызуға болады. Бұл
топқа «Ер тарғын», «Қисса-и Қыз Жібек», «Қисса-и Рүстем»,
«Қисса-и
Алпамыс»,
«Қисса-Айман-Шолпан»,
«Қисса-и
Шортанбай», «Шортанбайдың бала зары», «Өсиетнама» т.б.
жатады. Бұлардың лексикасы түгелдей қазақ сөздері мен қалыпты
тіркестерінен, образды сөз қолданыстарынан тұрады, тек
орфографиясы сол кезеңдегі жазба дәстүрді сақтаған.
Бұлардан басқа сол тұстағы қазақтың жазба әдебиетке деген
құштарлығын пайдаланып, көр-жерді «қисса» деген атпен
бастырып, ел арасына таратып пайда таппақ болған «қарап
тұрғанша бір қисса жаза салдым» дейтін ақынсымақтар да
болған. Оларда не сюжеттік мазмұн, не өлеңдік қасиет болмайды,
әншейін құр насихат, бос сөз болып келеді. Ондайларға
«Мақулат», «Әдеблі бала», «Егіз бала, көп кеңеш» тәрізді
кітапшаларды мысал етуге болады.
Қиссалық әдебиет «қазақ әдебиетінің тақырыптық, сюжеттік
арнасын кеңейтіп, оны шығыс әдебиетінің үлгілерімен
молықтыру ісіне себін тигізді». Сондай-ақ қиссалардың қазақ
әдеби тілін дамытуға да қосқан үлесі мол.
§3. Қоғамдық-публицистикалық стильдің пайда болуы
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ әдеби тілі
стильдерге тарамдалу жағынан едәуір алға басты. Көркем әдебиет
стилінен басқа стильдер де туа бастады. Солардың бірі қоғамдық-
публицистикалық стиль. Бұл стильдің пайда болуы қазақ тілінде
мерзімді баспасөз органдары «Түркістан уәлаятының газеті»
(Туг,1870-1883), «Дала уәлаятының газеті» (Дуг, 1888-1902),
«Торғай» газеті т.б. басқа облыстық ведомстволардың шығып
тұруымен байланысты. Бұлардың біріншісі Ташкентте шықса,
екіншісі Омбыда шығып, Қазақстанның бірсыпыра жеріне
тарады. Бұлар патша үкіметінің ресми органы болғандықтан,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
85
оның негізгі программасы – үкіметтің қазақ даласына қатысты
бұйрық-жарлықтарын, сот орындарының үкімдерін, сауда
хабарларын, Ресей мен басқа мемлекет өміріндегі оқиғаларды
шаруашылық хабарларын жазып тұру болды. Сонымен қатар,
бұларда қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиетіне қатысты
материалдар да жарияланды. Материалдар мазмұнына қарай 2
топқа бөлінді. Ресми материалдарға үкімет бұйрықтары, кейбір
саяси-экономикалық шолулар жатса, ресми емес бөліміне жай
корреспонденциялар, тарихи мақалалар мен көркем әдебиет
үлгілері жатты. Соған лайық бұл газеттерден 3-4 түрлі стильге
жататын материалдарды табуға болады: ғылыми стиль,
қоғамдық-публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі және
ресми іс қағаздары стилі.
Лексикасы, негізінен, қазақтың төл сөздері, бірақ араб-парсы
элементтері мен орыс сөздері көркем әдебиет стиліне қарағанда
едәуір көп. Дегенмен бұл стильдегі араб және парсы элементтері
уақыт ілгеріленген сайын сан жағынан азая бастағаны байқалады.
Газеттің лексикасы, негізінен, орыс тілінен енген сөздер есебінен
және жалпыхалықтық қазақ сөздері есебінен байып отырған.
Талдап отырған дәуірдегі көркем әдебиет стилінен
публицистикалық стильдің үлкен айырмашылығы грамматикалық
құрылысында болды. Соңғы стильде ортаазиялық жазба тіл
дәстүрі орын алды. Яғни осы дәуірде қазақтың жалпыхалықтық
сөйлеу тілі мен көркем әдебиетте өзге түркі тіліндік тұлға-
тәсілдер пайдаланылды, олардың бастылары.
1)ІІІ жақ жіктеудің көпше тұлғасына лар жалғауын тіркеу.
Төменде аталған адамдар қызмет орнына беклер немесе дүр
форматын қосу: Малбасы өседүр, жер өсмейдүр.
2)Өткен шақтық есімшенің мыш тұлғалы түрін қолдану:
Өтміш жылдар, айтылмыш адамдар.
3) Ыс/іс/с
жұрнақты ортақ етіс тұлғасының көптік
мағынаны білдіру үшін қолданылуы. Бұл екеуі көп зәрушілік
кіріседі.
4) Бұл, осы есімдіктерін өзге тілдерге тән қою, үшбу,
мәзкүр дублеттерінің қолданылуы.
5) Мен шылауымен қатар оның бірлән, бірлә, илан, илә,
білә дублеттерінің, бірақ пен паралелль ләкін, шейіннің орнына
ше шылауларының қолданылуы. Сондай-ақ араб тіліндік қадар,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
86
хұсыс, һәм шылауларының қолданылуы.
Бірақ бұл грамматикалық ерекшелік қатаң және бірден-бір
қолданылған норма емес, бұлардың халық тіліндік варианттары
да қоса пайдаланылған.
Тұңғыш баспасөз органдары газеттер арқылы пайда болған
қоғамдық-публицистикалық стильдің қазақ әдеби тілінің әрі
қарай дамуында орны ерекше болды. Бұл стильдің тууы қазақ
әдеби тілінің аясын кеңітті, ғылыми стильдің пайда болуына
алғышарттар жасады, ғылыми терминология жасау әрекеті көріне
бастады. Сонымен қатар бұл стиль сөздік құрамымыздың орыс
тілі арқылы толығу принципін ұстап, оның алғашқы ізін салды.
§4. Қазақтың жаңа жазба әдеби тілін қалыптастырудағы
қазақ ағартушыларының қызметі
Бұл кез Ресейде капитализмнің дамуымен байланысты.
Оның отар елдерде де саяси-әлеуметтік маңызы бар прогрестік
шаралардың іске аса бастаған шағы еді. Қазақ халқының алдыңғы
қатарлы орысша оқыған бөлігі Қазақстанның артта қалуын
жоюдың бір жолы ретінде орыс халқының мәдениеті мен
техникасының табыстарын үйренуге шақырды, қазақ балалары
үшін мектеп ашып орыс тілімен қатар ана тілін үйретуді көздеді.
Ана тілінде оқытатын мектеп ашу деген сөз, бір жағынан,
қазақтың сол тұстағы шағатай әдеби тіл әсерінен әлі құтылмаған
жазба тілін халықтың ауызша әдеби тілі мен сөйлеу тілі негізінде
қайта құру деген сөз еді. Сөйтіп, XIX ғасырдың орта тұсынан
бастап, қазақ қоғамының тарихи даму факторларына байланысты
жазба әдебиет тіл мұқтаждығы күшейеді. Ол тілді екі жерден
іздеу керек болады: не бұрыннан қолданылып келе жатқан, бірақ
қазақ мәдениетінде қызмет аясы бұл кезде тарылған ортаазиялық
жазба әдеби тілді пайдаланып, соны жандандыру немесе жаңа
жазба әдеби тілдің ірге тасын қалау.
Мұндай ардақты мақсат жолында қызмет ету құрметі
қазақтың ұлы ағартушылары Ыбырай мен Абайдың үлесіне тиді.
Ы.Алтынсарин бірінші болып өз халқын орыстың озық
мәдениетіне жеткізудің негізгі күрескері болады. Қазақ халқының
экономикалық және рухани дамуын тездетудің негізгі құралы
етіп ол барлық қазақ ауылдарында орыс-қазақ мектептерін ашу
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
87
міндетін қойды.
«Қырғыз хрестоматиясын» құрастыру, жазу үстінде
Ыбырайдың үлкен-үлкен принципті, қазақ халқының болашағы
үшін маңызы орасан зор мәселелерді шешуіне кедергі келтірді.
Оның бірі – қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің болашақ даму
бағытын айқындау еді. «Қырғыз хрестоматиясына» кіргізген
өзінің төл әңгімелері мен өлеңдерін, сондай-ақ халық ауыз
әдебиеті үлгілерін халықтың сол кездегі сөйлеу тілі мен ауызша
әдеби тілінің негізінде жазды. Сөйтіп, ол әлденеше ғасыр бойы
ауыз әдебиет тілі мен сөйлеу тілі дәрежесінде қалып бара жатқан
қазақ тілінің ұлттық жазба әдеби тілі ретінде дамуына негіз
қалады. Міне, осы өзі негізін салған жазба әдеби тілде ол қазақша
газет шығару мәселесін де күн тәртібіне қойып, оның алғашқы
үлгісін өз қолымен жасады. Осы тілімен ол «Шариат ул - ислам»
атты ғылыми-көпшілік кітап жазып, онда ислам шарттарын
көпшілік халыққа қарапайым қазақ тілінде түсіндірді.
Ыбырайдың бұл қызметі өз кезінде-ақ әділ бағаланып, өзінен
кейінгі оқыған жастар арасында қолдау тапқанын көреміз.
Мәселен,
Ыбырайдың
өз
көзі
тірісінде
1884
жылы
«Оренбургский листок» газетіне басылған «Әдебиет тұрғысынан
қазақтар үшін Алтынсариннің маңызы» деген мақалада
Ыбырайдың ағартушылық қызметін, ақындығын және қазақ
жазба әдеби тілін жасаудағы жұмысын төмендегіше бағалаған:
«... Орыс мектебі бізге Алтынсаринді берді, ол орыс
тәрбиесінің жемісі еді. Оның біз фанатизм мен надандыққа қарсы
шыққан, қазақтарды оқу-білімге, жаңа өмірге жетелеген алғашқы
қаһарман деп танимыз. Оны біз Шекспир, Байрон, Гете, Пушкин
және басқа орыс классикалық әдебиетінен сусындаған халық
ақыны деп білеміз... Алтынсарин бірінші болып қазақтың жазба
тілімен жазып көрді және алғаш рет орыс әліппесін беріп қойған
жоқ, халқына арнап оның бірінші грамматикасын берді.
Алтынсарин шығармалары тілдік, баяндау және қолданған
әдістері жағынан таза халықтығымен, шынайылығымен,
қарапайымдылығымен
және
терең
мазмұндылығымен
ерекшеленеді».
Ыбырайдың тұстасы А.Алекторов өзінің «Письменная
литература киргизов» деген мақаласында: «Наиболее блестящим
представителем киргизского народа со стороны литературного
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
88
творчества может быть назван И.А. Алтынсарин, справедливо
считавшийся Пушкиным киргизов», - деп жазды.
1888-1902 жылдар арасында шығып тұрған «Дала уәлаяты»
газетінің бетінде қазақ әдеби тілінің жайы, оның болашағы кең
талқыланып, келелі пікірлер айтылғаны белгілі. Мақала
авторларының бірі – Асылқожа Құрманбаев: «Қазақ тілі
турасында» деген мақаласында қазақ халқының шаруашылық,
өмір тіршілігіне сай өзге түркі халықтарынан тілі де өзгешерек
дамығанын айта келіп, қазақ тілі туралы өз тілін ғана емес, өзге
де көптеген шығыс тілдерін жетік білетін, сондықтан оларды
өзара салыстыруға мүмкіндігі болғаны, белгілі Ыбырай
Алтынсарин «қазақ тілінің байлығы соншалық, онымен кез-
келген тақырыпқа кітап жазуға болады», - деуі... қазақ тілінің
байлығын Алтынсарин сөз жүзінде ғана дәлелдеп қойған жоқ,
таза қазақ тілінде орыс әрпімен «Қырғыз хрестоматиясы» атты
кітап жазу арқылы іспен көрсетті. Бірнеше жүздеген беттен
тұратын бұл кітапта бірде-бір қазақтікі емес сөз жоқ, ал «Сөз
басы», «Түлкі мен қарға», «Жаз» т.б. өлеңдері өз тіл
элементтерінен, қазақ поэзиясы мен сөз саптауының тамаша
үлгісі болып табылады». Одан әрі автор өз мақаласын «Қазақ
халқы мен оның тілін құрметтеушілерге марқұм Алтынсариннің
салған жолымен жүрсе жарайды», оның қазақ тілін жөндеп, оның
ережесін бір ізге келтірудегі бастаған ісін әрі қарай дамытса
жарайды, - деп қорытады. «Қазақ тілі турасында бес-алты сөз»
деген мақаласында Д.Сұлтанғазин қазақ тілінің өзге түркі тілдері
сияқты жеке тілі деген пікірлерінің қате екенін, олай болғанда
қазақтарға өз тілімен сөйлеп, жазғанда басқа бір тілмен жазуына
тура келер еді, ал бұл халықтың сауаттанып, ғылым-білім алуына
үлкен қиындық келтіреді деп көрсетеді.
«Сондықтан, - деп жазады ол – «Қырғыз хрестоматиясы»
авторы марқұм Алтынсариннің көрсеткеніндей, қазақтарға өз ана
тілін дамыту әрі пайдалы, әрі өте қажет».
Кейінгі кездегі Ыбырай шығармашылығын сөз еткен
әдебиетші, тілші ғалымдарымыздың еңбектерінде де Ыбырайдың
қазақтың жаңа сападағы жазба әдеби тілін қалыптастырудағы
қызметі мен алатын орны кеңінен көрсетіліп келеді.
Қазақтың жаңа демократиялық бағыттағы поэтика тілін
қалыптастыруда Ыбырай Алтынсариннің кіші тұстасы Абай
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
89
Құнанбаевтың сіңірген еңбегі бір төбе. Абайдың мүлдем жаңа
сипаттағы поэзия жасаудағы үлгі қолданған тілі халқымыздың
әлденеше ғасыр бойы сұрыпталған ауызша әдеби тілі мен сол
кездегі сөйлеу тілі еді. Осы екі арнаны сарқа пайдаланып ондағы
қарапайым сөздерді талай саққа құбылту арқылы өзінің образ
жасау мақсатына шеберлікпен пайдаланады.
Абайдың
қазақтың
жаңа
жазба
әдеби
тілін
қалыптастырудағы тындырған қызметі мен алатын орны
бірсыпыра зерттеушілердің еңбегінде ілгерілі-кейінді жан-жақты
сөз болғаны мәлім. Сонау 30-жылдардың орта кезінде-ақ
профессор Қ. Жұбанов қазақ тілшілерінің арасынан бірінші
болып Абайдың қазақ әдеби тілін жасаудағы қызметін дұрыс
көрсеткен болатын. Қ. Жұбановтың сөзімен айтсақ, «Абайдың
ақындығын, басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдеби тілімізді
жасаудағы еңбегінің өзін ғана алсақ та, онда ақымыз кететін түрі
жоқ». Абайдың «әдеби тіл жасаудағы еңбегін» автор одан әрі
былай түйіндейді: «Әдебиет тіліндегі халық үлгісінің басы артық
қосарларын жоюмен қабат, шығыс үлгісінен келіп жүрген араб-
парсы сөздерін қуып, әдебиет тілін тазартып, қазақ тілінің бар
байлығын іске асыруға жол ашып, жазба әдебиет тіліміздің
іргесін қалады».
«Абай да, -деп жазды академик жазушы М. Әуезов, Пушкин
сияқты, өз еңбектерінде бізге грамматикалық құрылысы мен
сөздік қоры жағынан қазақтың бүгінгі сөйлеп жүрген әдеби
тілінің қалпынан көп айырмасы жоқ тіл үлгісін қалдырды
22
.
Сөйтіп, қазақтың ұлы ағартушылары Ы.Алтынсарин мен
А. Құнанбаев ХІХ ғасырдың 80-жылдарында-ақ қазақтың ұлттық
жазба әдеби тілінің негізін қалып, оның болашақ даму бағытын
айқындап берген болатын. Барша зерттеушілердің пікірінше де,
Ыбырай мен Абай өз творчестволары арқылы қазақтың жаңа
сападағы көркем әдебиет тілін жасап, әдеби тілдің көркем
әдебиет стилін қалыптастырады. Сонымен бірге, кейінгі кездегі
зерттеулер олардың публицистикалық стильдің де негізін қалады
деп айтуымызға мүмкіндік беретін тәрізді. Ыбырайдың әртүрлі
22
Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы // Әдебиет және искусство,
1954, №4.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
90
тақырыпқа жазған ғылыми-публицистикалық мақалалары мен
қазақша шығарған қолжазба газеті, Абайдың ғылыми-
дидактикалық тақырыптағы «Қара сөздері» біздің жоғарыдағы
пікіріміздің дұрыстығына айқын дәлел бола алса керек. Бұл
ағартушылардың өз кезінде жазысқан хаттары, Абайдың өз
қолымен тізген Қарамол съезіндегі «Ережелері» бізге әдеби
тілдің тағы бір жанры – ресми іс-қағаздары жанрының алғашқы
үлгілерін көз алдымызға келтіргендей болады. Мұның бәрі
айналып келгенде, екі ұлы кемеңгердің бірін-бірі толықтыра
отырып, қазақтың қазіргі ұлттық жазба әдеби тілінің негізін
қалады деген тезисті тағы да дәлелдейді.
Ыбырай мен Абай негізін қалаған бұл әдеби тіл үлгісі
олардан кейін сол қалпында сақталып, өз дәрежесінде одан әрі
дами берген жоқ. Олай болатын объективті жағдай да жоқ еді.
Әрине, олардың идеясын, салған үлгісін әрі қарай жалғастыруға
талаптанушы жекелеген қайраткерлер болды. Бұл орайда, «Дала
уәлаяты» газетінде қызмет еткен А.Құрманбаев, Д.Сұлтанғазин,
Р.Дүйсенбаевтарды атауға болады. Бірақ олардың пікірлерінің
қалың
көпшіліктен
қолдау
тауып,
жұртшылықты
жұмылдыратындай қауқары бола алмады. Оған, әрине, ұлттық
баспа орнымыздың болмауы, көпшілік халықтың жаппай
сауатсыздығы әсер етті. Оның үстіне, ХІХ ғасырдың аяқ кезінде
басталған «жәдид ағымы» да өз қырсығын тигізді. Сөйтіп, қазақ
тілшілерінің дұрыс көрсетіп жүргеніндей, ұлы ағартушылардан
басталған жаңа жазба әдеби тіл үлгісі тек XX ғасыр басындағы
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде қолдау тауып, қазіргі
ұлттық жазба әдеби тіліміздің дамуына кең жол ашты.
Бақылау сұрақтары:
1. Қиссалардың әдеби тілде алатын орнын түсіндіріңіз.
2. Аталған кезеңде қандай функционалдық стиль пайда болды?
3. Жазба әдеби тіл қалыптастырудағы қазақ ағартушыларының
қызметін атаңыз.
Реферат тақырыбы:
1. Алғашқы қазақ баспасөзінің тілі
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
91
Ү. XX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
Достарыңызбен бөлісу: |