§ 6 Қазақ әдеби тілінің қалыптасу жолы мен даму
кезеңдері
Басқа ұлттардың (халықтардың) әдеби тілдері тәрізді, қазақ
әдеби тілі де бірер жылда, тіпті бірер ғасырда пайда бола қалған
жоқ. Халқымыздың неше замандар бойғы рухани мәдениетінің
даму дәрежесіне орай оның да ұзақ өсу, даму тарихы бар.
Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы және оның даму кезеңдері
жайында бірыңғай пікір жоқ, әртүрлі көзқарастар орын алып
келеді. Бұл мәселелер жайында әр кез пікір айтқандардан
М.Әуезов, Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Н.Сауранбаев,
І.Кеңесбаев,
С.Аманжолов,
М.Балақаев,
Ғ.Мұсабаев,
Р.Сыздықова, С.Исаевтарды, т.б. ғалымдарды атауға болады.
Дүние жүзіндегі әдеби тілдердің қалыптасу тарихына барлау
жасасақ, олардың, негізінен, 3 түрлі жолын көрсетуге болады.
1. Көп жағдайда белгілі халықтың, ұлттың әдеби тілі сол
халықтың бір ғана аймағы (тобы) сөйлейтін бір диалектінің
негізінде қалыптасады. Мұндайда әдеби тілге негіз болған
диалект өзге диалектілерден белгілі бір артықшылықтарымен
ерекшеленеді. Мәселен, ол диалектіде сөйлейтін халық тобының
экономикасы, кәсібі жағынан артықшылығы, озық мәдениеті
болуы мүмкін. Отырықшылыққа ерте көшіп, жазба әдебиеті
қалыптасып, мәдени ошақтары ерте ашылуы ықтимал. Немесе
өзге диалектілермен салыстырғанда, сөздік қоры мол болуы да,
сол халыққа тегіс танымал әдеби шығармалары да болуы ғажап
емес. Географиялық жағынан орталық болуы да мүмкін. Сөйтіп,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
29
сол диалект жалпыхалықтық тілге айналып, әдеби тілдің негізін
құрайды. Орыстың әдеби тілі Мәскеу диалектісі негізінде
қалыптасты дегенде, тіл мамандары осындай жағдайларды есепке
алатын тәрізді. Татар тілінде үш диалект бар делінеді: 1) қазан
диалектісі, 2) батыс (мишар) диалектісі, 3) шығыс (сібір)
диалектісі. Татар ұлттық әдеби тілінің қалыптасу үдерісінде орта
(қазан) диалектісінің орны ерекше болды. Өйткені бұл
диалектінің грамматикалық құрылысы мен фонетикалық жүйесі
жетілген, географиялық жағынан орталық, ірі өнеркәсіп,
мәдениет дамыған ірі қаласы, баспа, оқу орындары бар еді.
2. Белгілі бір тарихи себептермен кейбір халықтардың әдеби
тілі өз тілі емес, өзге халықтардың тілі де болуы мүмкін. Бұл
жағдай сол халықтардың басқа халықтарға тәуелді болуына, яғни
халықтың тәуелсіздігінен айрылуына байланысты болып келеді.
Кейде жергілікті әдеби тілмен қатар өмір сүріп, ресми тіл ретінде
бөтен тіл көбірек жұмсалады. Мұның мысалдарын өткен
тарихтан да, қазіргі өмірімізден де көптеп кездестіруге болады.
Бір кезде яғни VІІІ-ІХ ғасырларда бүкіл Орта Азия,
Қазақстан территориясын араб басқыншылары жаулап алумен
байланысты жергілікті түрки әдеби тілін уақытша тоқтатып,
әдеби тіл ретінде араб, парсы тілдерін енгізбек болғаны белгілі
(Күтайба ибн Мүслим деген билеуші түркіше сауаттыларды
қуғындап, жазбаларды өртеп, сын тастарды қиратып, белгілі бір
уақыт араб жазуын күштеп таңды). Орта Азияның атақты
ғұламалары мен жыр алыптарының өз шығармаларын араб,
парсы тілдерінде жазулары да сондықтан. Тек Навоидан бастап
түркі тілі қайтадан өзінің әдеби дәрежесіне көтеріле бастады.
Қазіргі өмірді айтсақ, Бразилия тілі – португал тілі, Аргентина
мен Кубаның әдеби тілі – испан, Индияның әдеби тілі – ағылшын
(кейінгі кезде хинди тілі қатар қолданыла бастады). Біздің әдеби
тіліміз де орыс тілі болуға шақ қалды.
3. Кей жағдайда белгілі халықтың әдеби тілі бір диалектінің
негізінде емес, жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасатын
жағдайлар да болады. Ал жалпыхалықтық тілдің өзі, сөз жоқ, ру,
тайпа, тайпа одағы диалектілерінің негізінде пайда болатыны
белгілі.
Сөйтіп,
бұл
жағдайда
жалпыхалықтық
тілді
қалыптастыруда барлық диалектілер, говорлар (сөйленістер)
бірдей қатысады. Яғни бірінің грамматикалық құрылысы
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
30
жетілген болса, бірінің сөздік қоры бай болып келеді, бірінде
кәсіби сөздер көбірек болады. Жалпыхалықтық тілдің
географиялық (территориялық) жағдайына, халқының құрамына
т.б. жағдайларға байланысты жергілікті ерекшеліктері (сөйленіс
аясында) болғанымен, негізінен, жалпы халыққа ортақ сөздік
қоры, грамматикалық құрылысы, фонетикалық жүйесі болып
келеді. Дегенмен жалпыхалықтық тілдің қалыптасуында бір
диалект үстем болуы да мүмкін (ол – қыпшақ диалектісі). Қазақ
тілі мамандарының көпшілігінің пікірлеріне қарағанда, қазақ
әдеби тілінің қалыптасуына осы соңғы жол тән деп есептеледі.
Яғни қазақтың халықтық әдеби тілін қалыптастыруда барлық
диалектілер бірдей қатысты деген тұжырым бар. Солай дей
тұрсақ та, тіл мамандарының арасында қазақ әдеби тілі қашан,
қалай қалыптасты деген мәселеде әлі күнге дейін пікір алалығы
болып келеді. Оның бір жағы әдеби тіл анықтамасымен де
байланысты, яғни ондай пікір алалығы әдеби тіл болу үшін
қандай белгілер болу керек дегеннен туындайды.
Әдеби тіл туралы ертерек пікір айтқан ғалым С.Аманжолов
қазақ әдеби тілінің қалыптасуын жоғарыдағы әдеби тілдің
қалыптасуындағы үш жолдың 1-жолына жатқызып, қазақ әдеби
тілі белгілі бір диалектінің негізінде қалыптасты деген пікірде
болды. Оның пікірінше, қазақ тілінде 3 территориялық диалект
болды, олар қазақтың 3 тайпа одағы – үш жүзіне сай келеді
(солтүстік-шығыс, батыс, оңтүстік немесе орта жүз, кіші жүз, ұлы
жүз)
11
. Сонда қазіргі ұлттық әдеби тіліміздің қалыптасуына
белгілі ағартушыларымыз шыққан, орыстармен ерте араласқан,
ақын-жыраулар көбірек шыққан солтүстік-шығыс диалектісі негіз
болды дегенге саяды. Әдеби тілдің қалыптасу кезеңін ғалым
кесіп-пішіп ХІХ ғ. екінші жартысы деп есептейді (онда негізге
алатыны – Ыбырай, Абай шығармалары, ТУГ, ДУГ газеттері т.б.
әдебиеттер).
Кейінгі зерттеушілердің бәрі дерлік әдеби тілдің
қалыптасуының 3-жолы қазақ әдеби тіліне тән дегенге қол қояды.
Бірақ әдеби тілдің қалыптасуы қай кезеңнен басталады және
11
Аманжолов С. О диалектной основе современного казахского языка
//Известия АН КазССР. Серия филологии и искусствовед.,1955. вып.3-4.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
31
қандай түрлерге бөлу керек дегенге келгенде, пікірлері түрлі-
түрлі болып келеді. Мәселен, Н.Т.Сауранбаев алғашқы
мақалаларында әдеби тілді жазба тілмен байланыстырып қарайды
да, әдеби тілдің ұлттық негізі ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында
қалана бастады деп қарайды. Ал кейінгі еңбектерінде бұл
пікірінен қайтып, әдеби тілді тек жазумен байланыстырып қарау
ескірген, теріс түсінік, ол қазіргі әдеби тілдің негізгі белгілерін,
оның әр алуан көрінісін, оның қоғамдық рөлін қамти алмайды
деп орынды пікір айтады. Тағы бір мақаласында «Қазақ әдеби
тілінің тарихы әлі толық зерттелмегендіктен, оның тарихын
дәуірлерге бөлуге болмайды» деп ескерте отырып, өзі 3-ке
бөледі. 1) ХІХ ғ. екінші жартысына дейін; 2) ХІХ ғ. екінші
жартысынан ХХ ғ. 20 жылдарына дейінгі дәуір; 3) кеңес дәуірі
12
.
Ғ.Ғ.Мұсабаев қазақ әдеби тілінің қалыптасуын тым ерте
кезеңге апарады. Оның пікірінше, біздің заманымыздың ІІ
ғасырларында Үйсін мемлекеті болды, оның пайдаланған көне
түркі тілі – қазақ халқы құралғанда соған негіз болды (яғни талас
жазуы – үйсін тайпасының жазуы қазақ әдеби тілінің көне
дәуіріндегі көрінісі дейді). Ғ.Мұсабаев та әдеби тілді
Н.Сауранбаевша дәуірлейді. Тілшілердің ішінен М.Балақаев қана
әдеби тілді тек жазбамен байланыстырып, онсыз әдеби тіл
болмайды дегенді берік ұстанды. Сөйте тұра, әдеби тіл қашан
қалыптасты дегенге келгенде, ХІХ ғ. басын меңзейді. Ондағы
дәлелі – сол кезеңде халық тілі жазба әдебиет ыңғайында нормаға
түсе бастады және бірді-екілі стильдік қабаттар көрініс бере
бастады дейді
13
. Бұл пікірі Қ.Жұмалиевтің қазақтың әдебиетінің
басын Бұқар жыраудан бастауымен үндеседі. М.Балақаев әдеби
тіл тарихын ХІХ ғ. ІІ жартысына дейінгі, ХІХ ғ. ІІ жартысындағы,
ХІХ ғ. басындағы және Қазан революциясынан кейінгі дәуір деп
4-ке бөледі. Әдеби тілдің үлкен бір маманы Р.Сыздықова ауыз
әдебиетімен қатар қазақша профессионал әдебиет те өмір сүріп
келді, оның тілі де әдеби тіл болды, оны жазба алдындағы ауызша
әдеби тіл деп атайды. Ауызша әдеби тіл де диалектілерден
жоғары тұрған, күнделікті сөйлеу тілінен де өзінің көркемдігі,
12
Сауранбаева Н. Қазақ тіл білімі проблемелары. Алматы, 1982. –Б.211.
13
Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Алматы,1981.
–Б.23.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
32
нормалылығы арқылы ажырайтын әдеби тіл деп таниды. Ал
жазба әдеби тілдің тууын кейінгі дәуірге жатқызады да, әдеби
тілді былай дәуірлейді: І кезең –ХV-ХVІІ ғ.ғ.; ІІ кезең – ХVІІІ
ғасырдан ХІХ ғ. екінші жартысына дейін; ІІІ кезең – ХІХ ғ.
екінші жартысынан Қазан революциясына дейін; ІV кезең –
кеңестік дәуір
14
.
С.Исаев қазақ әдеби тілінің даму тарихын 3 кезеңге бөледі.
1) Халық болып қалыптасқаннан кейінгі кезден ХІХ ғ. екінші
жартысына дейін, яғни бұл «Қазақ әдеби тілінің туып,
қалыптасып даму дәуірі»; 2) ХІХ ғ. екінші жартысынан Қазан
революциясына дейінгі дәуір, яғни қазақ әдеби тілінің ұлттық
сипат алған дәуірі;3) Қазақ әдеби тіл дамуының кеңестік дәуірі
15
.
Біздің пікіріміз де, негізінен, Р.Сыздықованың пікірімен
бірдей деуге болады. Біз де төртке бөліп: 1) көне әдеби тіл (ХV–
ХVІІ); 2) ескі әдеби тіл (ХVІІІ–ХІХ ғ. бірінші жартысы); 3) жаңа
жазба әдеби тіл (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. 20-жылдарына
дейін); 4) қазіргі әдеби тіл (кеңес дәуірінен бері) деп атауды
дұрыс көреміз
16
.
Біздің ойымызша, бұл пікірлердің қай-қайсысы да белгілі бір
тілдік материалдардың негізінде, жазба нұсқаларды жан-жақты
зерттеудің нәтижесінде айтылған пікірлер емес, көбіне-көп
логикалық топшылаудың нәтижесінде айтылған пікірлер.
Мәселен, тарихта Үйсін мемлекеті дегеннің болуы рас, бірақ
оның әдебиеті тілімізге қалай негіз болады және оны әдеби тілдің
көрінісі деп қалайша айта аламыз?
V–VІІІ ғасырларда Орхон–Енисей аңғарынан табылған
құлпытастарда көне түркі жазулы тілдік деректер сақталған.
Бірақ ол жалғыз қазақ тіліндік мұра деуге негіз жоқ, барша түркі
жұртына ортақ мұра саналады. Сондықтан оларды қалайша қазақ
әдеби тілінің ескерткіші дей аламыз? Оның үстіне ол мәтіндерде
қазақ этнонимі болмауы өз алдына, тіпті қазақ халқын құраған ру,
тайпа аттары да кездеспейді. Ал тілдік жағынан қазіргі тілімізде
сақталған жекелеген сөздер мен грамматикалық жүйе бары рас.
14
Сыздықова Р.Ғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993. –Б.17.
15
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1996. –Б. 47.
16
Мажитаева Ш. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдеби тілі.
Алматы: Ғылым, 1999. –Б. 8.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
33
Ал енді әдеби тілді Абай, Ыбырайдан бастау да ұшқары пікір.
Жалпы, әдеби тілдің негізін бір ғана ақын не жазушының
шығармашылығымен байланыстыру дәлелсіз, бүкіл қоғам болып
қолдану арқылы сан ғасырлар бойына жасалатын әдеби тіл
өрнегін бір ғана адам жасады деу шындыққа төтеп бере алмайды.
Қазақтың әдеби тілінің басын Абай мен Ыбырай тілінен
бастайтын болсақ, Абайға дейінгі ғасырдан ғасырға өтіп, ел
аузында сақталған халықтық асыл қазынамыз ауыз әдебиетінің
сөз өнерін қайда қоямыз? Абай алдында өмір сүрген өлең-
жырлар, кейін хатқа түскен ХVІІ, ХVІІІ–ХІХ ғ.ғ. ақындардың
үлкен тобын қайда жібереміз? Сөз жоқ, Абай мен Ыбырайдың
өздерінің нағыз халықтық сипаттағы шығармалары арқылы әдеби
тілімізді жаңа сапаға, жаңа биікке көтергендігі рас. Бұл тұрғыда
орыс тілінің дамуындағы А.С.Пушкиннің рөлі қандай болса,
шартты түрде Ыбырайды да сондай деуге болады. Бірақ бұл –
оларға дейін әдеби тіл болмады деген сөз емес. Қорыта айтқанда,
қазақтың әдеби тілі сонау ІІ, V ғ. емес, ХІХ ғ екінші жартысында
да емес, одан көп бұрын пайда болды. Өйткені халық тілінің
жазба әдебиет ыңғайында нормаға түсе бастаған шағы және бірді-
екілі стильдік құбылыстардың көрініс бере бастаған кезі, дәлірек
айтқанда, әдеби тілдің өзіндік белгілерінің айқындала бастаған
мезгілі – ХV ғ. екінші жартысы мен ХVІ ғ. басы. Міне, осыған
қарай әдеби тіліміздің тарихын да әзірге шартты түрде осы
кезеңнен бастау дұрыс сияқты. Қазақ әдеби тілі тарихы курсының
бағдарламасына сәйкес, біз де әдеби тіл тарихын төмендегі
кезеңдерге негіздеп баяндадық. І кезең – ХV – ХVІІ ғ.ғ. әдеби тіл,
ІІ кезең – ХVІІ мен ХІХ ғ. екінші жартысына дейін, ІІІ кезең –
ХІХ ғ. екінші жартысындағы әдеби тіл, ІV кезең – ХХ ғасырдың
басындағы әдеби тіл. Аталған кезеңнің өзі 1920 жылға дейінгі
және кеңес дәуіріндегі әдеби тіл (20-30; 40-50; 60-80 жж.) болып
бөлінеді. Ү кезең – тәуелсіздіктен кейінгі әдеби тіл.
Бақылау сұрақтары:
1. Әдеби тіл жайындағы түрлі көзқарастар неге байланысты?
2. Әдеби тілдің қоғамдағы қызметін атаңыз.
3.
Әдеби тілдің қалыптасу кезеңдері туралы пікірлерді келтіріңіз.
Реферат тақырыбы:
1. Әдеби тіл, оның шарттары, берілген анықтамалар
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
34
ІІ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ МЕН
АРНАЛАРЫ
§1. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы мен даму тарихы
Әдеби тілдің қалыптасып, дамуы алдымен қоғамдық ой-
сананың кемелденуіне, халықтың мәдени өрленуіне, әсіресе
көркем әдебиеттің кең өріс алуына тікелей байланысты. Олай
болатыны көркем әдебиет тілі таңдаулы сөз үлгілерін,
жетістіктерін жинақтайды. Сондай-ақ көркем әдебиет жалпыға
ортақ тілдік нормалардың қалыптасуына әсер етіп, әдеби тілдің
негізгі тірегі қызметін атқарады. Сондықтан әдеби тілдің
қалыптасу тарихын қазақтың төл көркем әдебиетінің бастапқы
көрініс беруінен іздеу қажет. Алайда қазақ филологиясында
қазақтың профессионал көркем әдебиеттің тарихы жөнінде әр кез
әр қилы пікір айтылады. Кейбір еңбектерде қазақ әдебиетінің
алғашқы нұсқаларын Ү-ҮІІІ ғасырлардан іздеу бағыты
байқалады. Әрине, қазақ халқы өз алдына ХҮ ғасырдың орта
тұсында отау тіккенімен, оның құрамына енген ру, тайпалық
одақтардың /үйсін, қаңлы, дулат, қыпшақ, арғын, найман, алшын
т.б./ тарихы тым әріде. Түркі халықтарының Орхон-Енисей,
Талас жазбалары /Ү-ҮІІІ ғғ./, ерте ортағасырлық «Құтадғу білік»
/ХІ ғ./, кейінгі ортағасырлық «Мұхаббатнама» /ХІҮ ғ./ тәрізді
әдеби жәдігерліктері болған. Және сол ерте кездердегі жазба
әдеби тіл мен халық тілінің өзара байланысын байқататындай
М.Қашқаридің «Диван лұғат ит-түрік» /ХІ ғ./, «Кодекус
Куманикус» /ХІІІ ғ./, «Оғызнама» /ХІҮ ғ./ сияқты ескерткіштер де
бар. Бұл аталған мұраларға өзге де түркі халықтары тәрізді қазақ
халқының құрамына енген ру, тайпалардың да қатысы
болғандығы даусыз. Сондықтан аталған көне түркі, орта түркі
дәуірлеріне қатысты жазба үлгілердің қазақ тілі тарихын
зерттеуде, қазақ тілінің ертедегі жай-күйін сипаттауда, сондай-ақ
қазақ әдебиетіндегі көркемдік ой-тәжірибенің бастау жолдарын
анықтауда маңызы айрықша. Осы тұрғыдан алғанда олардың
қазақ тіліне, қазақ әдебиетіне қатысы бар үлгілер деуге болады.
Бірақ бұларды халықтық негіздегі әдеби тілде жасалған төл тума
деп тану дұрыс бола бермейді. Сонымен бірге қазақ халқының өз
алдына дербес отау тігіп, халық болып қалыптаса бастаған кезі –
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
35
ХҮ ғасыр десек, оның арғы-бергі кезеңдерінде қазақ халқында
жазу-сызу немесе сауатты адамдар болмады деуге тағы
болмайды. Сол кездегі шағатай аталған немесе ортаазиялық түркі
тілі қазақ қоғамының әр түрлі мәдени қажетін өтеуде кәдеге
жарап отырды. Бірақ бұл жазба әдеби тіл де қазақтың халықтық
тіліне негізделген төл әдеби тілі емес, түркі халықтарына ортақ
тіл болатын. Осы аталған ортаазиялық түркі әдеби тіліне тән
жазба үлгілердің ішінде дәуірі жағынан да, тілдік ерекшеліктері
жағынан да қазақ тіліне жақыны – Қадырғали Жалайыридің
«Жамиғат тауариғы» /ХҮІ ғ./ мен Әбілғазы бахадүрдің «Түрік
шежіресі» /ХҮІІ ғ./. Ал бұдан кейінгі кезеңдердегі қазақ хандары
мен сұлтандарының сырт елдермен, өзара жазысқан қатынас
қағаздары мен хаттарында /ХҮІІІ ғ./ қазақ тілінің элементтерін
қолдану тұрақты сипат ала бастады.
Қазақ қауымында қолданылған жазба әдеби тіл көптеген
зерттеулерде кітаби тіл, ал кейбір зерттеулерде көне қазақ әдеби
тілі деп аталады
17
. Аталған тіл бергі дәуірге жақындаған сайын
бірте-бірте қазақыланып, ХІХ ғасырдың аяғына таман
жалпыхалықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тілмен астасып кетті.
Халықтық
негіздегі
жаңа
жазба
әдеби
тіліміздің
публицистика, іс қағаздары тәрізді стильдік тармақтары алғашқы
кезде /ХІХ ғасырдың екінші жартысы/ көне жазба тілдің лексика-
грамматикалық тұлғалары мен синтаксистік құрылымдарын
едәуір пайдаланды. Сондай-ақ мұсылманша оқыған кейбір
ақындар да өз шығармаларында жалпыхалықтық лексикалық
қорды пайдалана отырып, жазба тіл нормаларына иек артты.
Бірақ бұл үдеріс ұзаққа созылмады, Қазан төңкерісінен кейін
жалпыхалықтық тілдегі қолданыстар көне жазба тіл элементтерін
бірте-бірте мүлдем ығыстырды деуге болады.
1930-50 жылдарда қазақ әдебиетінің тарихы ХІХ ғасырдың
екінші жартысынан басталды деген көзқарас болды. Ал одан
кейінгі жылдары әдебиет тарихын ХҮІІІ ғасырдың екінші
жартысынан, яғни Бұхар шығармаларынан бастау идеясы басым
болды. Ал 1960-80 жылдарда ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар аралығында
өмір сүрген тарихта аты мәлім ақын-жыраулардың мұралары
17
Әбілқасымов Б. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби
тілі. Алматы, 1982. –Б.116.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
36
жинақталып, жарияланып, жүйелі зерттеу нысанына айналғаннан
кейін, қазақ әдебиеттану ғылымында ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардың
жыраулар мен ақындар творчествосы бір-бірімен сабақтасып
жатқан, желісі үзілмеген профессионал әдебиет деген дұрыс
тұжырым қалыптасты. Әдеби тіл тарихын зерттеушілер
тарапынан да ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулар шығармаларының
тілін қазақ әдеби тілінің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты
үстемдік алды.
Сөйтіп, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы ХҮ ғасырдан
басталады дейміз. Ол кезде қазақ ру-тайпаларының халық болып
біріге бастауы, бір орталыққа бағынған қазақ хандығының
құрылуы қазақ әдеби тілінің қалыптасуына тарихи қолайлы
жағдай туғызды. Қазақ әдеби тілінің әуелде бастау алған негізгі
қайнар кездері – жалпыхалықтық тіл мен аса бай фольклор тілі
болады. Әдеби тілдің жалпы халық тілі негізінде дамуында
поэзия тіл үлгілерінің орны ерекше болды. Сол кездегі көркем
поэзияның көрнекті өкілдері – жыраулар мен ақындар халық
тіліндегі тілдік жүйелерді сөз асылдарын шығармаларына таңдап,
талғап енгізу арқылы ауызша әдеби тіл нормаларын
қалыптастыра түсті, оны өндеп, қырнады. ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ауызша
әдеби тілдің құрылымдық жүйесінде тағы бір тармақтың-
публицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет еткендігі
байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі қоғамдық мәні бар
мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз-
толғауларында мақал-мәтел, қанатты сөз орамдары мен
фразеологиялық тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп,
әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады.
Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз
шеберлерінің шығармаларындағы тілдік материалдар яғни
олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншалықты дәрежеде
игеруі, оларды жаңа сапада жұмсауы, бөгде тіл элементтерін
әдеби тіл мүддесіне жарату тәрізді жайттар таяныш, тірек
болады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ әдеби тілінің тарихын төрт
кезеңге бөліп қарастырып жүрміз.
І. Қазақ әдеби тілінің бірінші кезеңі ХҮ ғасыр мен ХҮІІ
ғасырдың арасын қамтиды. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалгез
(Шалгиіз), Доспамбет, Жиембет т.б. жыраулардың толғаулары, ел
арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөз немесе билер
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
37
сөзі осы кезендегі әдеби тілдің үлгілері деп танылады. Бұлар өз
дәуіріне тән лексика-грамматикалық ерекшеліктерді біршама
сақтап қалған. Мәселен, Шәлгездегі «сындыру арқа», «сырт
соқпақ», «түнде жүріп түлкі өтер» сияқты сөз тіркестері мен
«сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап»
тәрізді реалистік суреттер, Қазтуғандағы «Буыршынның бұта
шайнар ауызы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы» сынды
теңеу-образдар уақыт өзгерісіне төтеп беріп, бізге дейін жеткен.
Сол сияқты астана жұрт, ару ұл, қом су, алаң жұрт сияқты
фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора, аға
/басшы/, азамат /жасақ/ тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби
үлгілерде жиі кездеседі.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы ауызша әдеби тілдің лексикалық
құрамы, негізінен, жалпыхалықтық тілдің есебінен толығып,
молайып отырды. Дегенмен әдеби тіл айналымында діни
тақырыпқа қатысты халил, қағба, шаһид, ғазрейіл, бәйтолла
тәрізді араб тілі сөздерінің болғандығын байқаймыз, бірақ
олардың саны әдеби тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда
тым аз.
Сол тұстағы грамматикалық норманың мысалы ретінде
шығыс септігінің дын/дін түрінде келуін /«Бұл кеткендін
қайтпассын»/, ілік септігінің ым/ім тұлғасында /бізім, менім/,
етістіктің өткен шақ мағынасы ғай/гей формасында /«қалиға
қабылан жау тигей ме?»/ берілуін, екінші жақ бұйрық райдың
ғыл түрінде ұшырауын келтіруге болады.
2. Әдеби тілдің ХҮІІІ ғасырдан ХІХ ғасырдың екінші
жартысына дейінгі екінші кезеңіне қатысты үлгілерге Бұхар,
Тәтіғара жыраулардың шығармалары жатады. Әдеби тілдің
лексикалық
құрамында
бұрынғы
кезеңдегі
жаугершілік
тақырыптан гөрі күнделікті тұрмыс-салт тақырыптарына
байланысты лексикалық топтар актив жұмсалады. Семіз жарау
байда бар, құйрығы бітеу қойда бар /Бұхар/; Кез болып қой–
бұзауға шамаң келсе, біреуге тамақ үшін жағынарсын /Шал/ т.т.
Жыраулар туындыларының негізгі – ақыл-өсиет айту,
адамзат, қоғам туралы толғану болғандықтан, әділдік, адамдық,
жарлылық тәрізді дерексіз ұғымды білдіретін атаулар мен араб,
парсы сөздері бұл кезенде молырақ кездеседі.
ХҮІІІ ғасырда және оған дейінгі дәуірлерге жыраулық
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
38
дәстүр басым болса, ендігі жерде ақындар әлеуметтік үнге ие
бола бастайды, олардың тақырыбы – қуаныш, реніш, мұң-
мұқтаж, арман-тілек, өз ортасы, айналадағы табиғат көріністері
болды. Бұл кезеңде бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның
тақырып өрісін кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында
жұмсау өріс алды. Кірме сөздердің көбі араб, парсы және орыс
тілдерінен алынды.
Бұхар өзіне дейінгі ауызша әдеби тіл дәстүріне жинақтаушы
болса, жыраулықтан ақындыққа бет бұрған Махамбет, Дулат
тәрізді аса көрнекті ақындардың шығармалары ұлттық жазба
әдеби тіліміздің жалпыхалықтық тіл негізінде өркен жаюына
құнарлы топырақ болды.
3. ХІХ ғасырдың екінші жартысы қазақ әдеби тілінің
дамуындағы аса бір бетбұрыс кезең болды. Бұл дәуірде қазақтың
жазба әдеби тілі халықтың мәдени өмірінде кең қолданыс тапты.
Әдеби тілдің нормалану үдерісін танытатын үлгі нұсқалардың
түрлері көбейді. Бұл кезеңдегі әдеби тіл үлгілері өзінің мазмұны
жағынан азаматтық, діни, функция жағынан көркем әдебиет және
оқу-білімге, іс қағаздарына қатысты әдебиет болып түрлене түсті.
Әдеби тіл функционалдық стильдерге тарамдала бастады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы қазақтың ұлттық әдеби тілі
үшін күрес кезеңі болды. Яғни ұлттық әдеби тіліміз көне жазба
әдеби тіл негізінде ме, әлде жалпы алықтық ауызша әдеби тіл
негізінде дамуы қажет пе? деген мәселе күн тәртібіне қойылды.
Міне, осы кезенде қазақ халқының ұлы ағартушы демократтары
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев жалпыхалықтық тіл
негізіне арқа сүйеді, халықтың көп ғасырлық сөйлеу тілі мен
ауызша әдеби тілін көркем тіл кестесіне түсіріп, жаңа өң беріп,
қуатын арттырды. Сөйтіп, Ыбырай мен Абай халықтық тілдің
тұрақты әрі ортақ белгілерін өздерінің көркем туындыларында
молынан пайдаланды. Ұлттық жазба әдеби тілдің негізін қалап,
әдеби тілдің жаңа сапада дамуына жол салды. Ыбырай
Алтынсарин жалпыхалықтық тіл мен ауызша қызмет еткен төл
әдеби тілдің нормаларын арқау ете отырып, проза жанрының,
ғылыми стильдің, ал Абай өз қарасөздері мен поэзиясында
публицистика мен көркем әдебиет стилінің негізін салды.
Сөйтіп, олар әдеби тілдің жанр жағынан түрлене түсуіне зор үлес
қосты.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
39
4. Қазақ әдеби тілі қазан төңкерісінен кейінгі кезенде ерекше
қарқынмен дамыды. Әдеби тіл халыққа білім берудің, мәдени,
рухани мұраларды жасаудың қуатты құралына айналды.
Қоғамдық өмірдің барлық саласында дерлік қызмет етті. Көркем
сөз зергерлерімен қатар ғылым, мәдениет, қоғам қайраткерлері де
әдеби тіл нормасының тұрақталуы, қызметінің жан-жақты
күшейе түсуіне белсене ат салысты. Әдеби тілдің жазбаша түріне
сәйкес шаршы топ алдында жиналыста, радио мен теледидар
алдында, сахнадан т.б. сөйленетін ауызша түрінің де қызметі
кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификацилау
арқылы тұрақты сипат алды: қазақ тілінің грамматикалары
жазылып,
емле
ережелері
белгіленді,
орфографиялық,
орфоэпиялық және түсіндірме сөздіктері құрастырылды. Сөйтіп,
әдеби тіл нормаларының тұрақталуына саналы түрде араласу
жан-жақты сипат алды. Бұл соңғы кезеңдегі әдеби тіліміздің даму
қарқыны біркелкі емес, сондықтан оны да бірнеше белестерге
бөліп қарауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |