Оқулық кiмге және не үшiн қажет? 7 4Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi 8



бет7/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,09 Mb.
#26980
1   2   3   4   5   6   7   8

2.7 Инфологиялық үлгілеу


1.Әдістің негізгі түсініктері

2.Қатынастардың қалыптасу ережелері

Инфологиялық үлгі мәліметтер базасын жобалаудың екінші сатысында, яғни пәндік облыстарын сөздік сипаттаудан кейін қолданылады. Мәліметтердің реляциондық үлгісі қарапайым болғандықтан семантиканы, яғни пәндік облыстың мәнін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Ерте теоретико-кестелік үлгілер пәндік облыстың семеантикасын жоғары дәрежеде сипаттады: олар пәндік облыстың объектілерінің арасындағы иерархиялық байланыстарды айқын көрсетті. Семантиканы бейнелеу мәселесі жасап шығарушыларды қатты қызықтырды, сондықтан 70-жж. семантикалық үлгі атты бірнеше мәліметтер үлгісі ұсынылды. Жекелеп айтсақ, мұндай үлгілерді Хаммер және Мак-Леон (1981 ж.), Шипман (1981 ж.), Чен (1976ж.) ұсынды. Қазіргі кезде Ченнің «түсінік-байланыс» («сущность-связь») үлгісі мәліметтер базасын инфологиялық үлгілеудің стандарты болды. Жалпы қабылданған қысқартылған атауы ER-үлгі (Essence-түсінік және Relation-байланыс сөздерінен қысқартылған аббревиатура).

1. Әдістің негізгі түсініктері

Түсінік-байланыс әдісінің негізгі түсініктері келесілер:



  • Түсінік- оның көмегімен біртипті объектілер класы үлгіленеді. Түсініктің атауы болады, бұл атау үлгіленетін жүйе шеңберінде біреу ғана болады, сонымен қатар бұл түсініктің бірнеше экземпляры болады.Түсініктің атауы зат есім болып келеді, мысалы: ОҚЫТУШЫ, ПӘН, КАФЕДРА, ТОП; Түсініктің атрибуты түсініктің қасиетін түсіндіреді. Мысалы, ОҚЫТУШЫ түсінігінің атрибуты Фамилия, Қызметі, Стажы,және т.б. болуы мүмкін.

  • Түсінік кілті- түсінік экземплярын идентификациялау үшін қолданатын атрибут немесе атрибуттар жиынтығы. Ескерту: Кейбір түсінікке қолданылатын блок астынан сызылып көрсетілетін кілт көрсетіледі (7.1-сурет).Кілттік атрибуттардан кейінгі көп нүкте түсініктің басқа да атрибуттары болуы мүмкін дегенді білдіреді, бірақ бұлардың біреуі де ол кілттің бөлігі бола алмайды.

  • Түсініктер арасындағы байланыс – осы түсініктердің атрибуттарының арасындағы тәуелділік. Осы байланыс әдетте етістік түрінде болады, мысалы, ОҚЫТУШЫ ПӘНДІ ЖҮРГІЗЕДІ (Иванов информатиканы жүргізеді) және т.б.

  • Байланыс дәрежесі- түсініктер арасындағы байланыс сипаттамасы. Ол келесідей түрде болуы мүмкін: 1:1, 1:М, М:1, М:М.

  • Түсініктердің экземплярларының иелену класы міндетті және міндетті емес болуы мүмкін.Егер түсініктің барлық экземплярлары қарастырылып отырған қатынасқа міндетті түрде қатысатын болса, иелену класы міндетті болып табылады.Кері жағдайда міндетті емес болады.

  • ER-экземплярлардың диаграммалары- бір түсінік екінші түсінікпен қалай байланысқанын көрсетеді (7.2-сурет).



Оқытушы

ФИО

Қызметі


Стаж

Кафедра


Сурет 7.1 Түсінікті сипаттау мысалы
ER-типтік диаграммалар (ER-диаграмм) – түсініктер арасындағы байланыстардың кестелік көрінісі (мысалы 7.3 сурет). Ескерту : 1. ER типтік диаграммаларда түсініктің міндетті түрде қатынасқа қатысуы блок ішіндегі нүктемен белгіленеді; 2. Түсінік экземплярларының міндетті емес қатысуында түсінік блогына қосымша блок қосылмайды, ал нүкте байланыс сызығында орналасады; 3. Байланыс сызығындағы символдар байланыс дәрежесін көрсетеді.


Оқытушы

Жүргізеді

Пән

Цхай С.М.




Дискретная математика

Ашимова Р.Б.




Теория графов

Ежебеков М.А.




Экспертные языки прогр.

Дильдебаева Ж.Т.




ЭММ

Иванов С.К.




АЯиТП

2. Қатынастардың қалыптасу ережелері.

Қатынастардың қалыптасу ережелері келесінің есебінен құрылады:


  • Түсініктердің арасындағы байланыс дәрежесі (1:1, 1:М, М:1, М:М),

  • Түсініктердің иелену класы (міндетті, міндетті емес)


1:1 байланысы үшін қатынастарды қалыптастыру

1 – ереже: Егер бинарлық байланыс дәрежесі 1:1 және екі түсініктің де иелену класы

міндетті болса, онда бір қатынас қалыптасады. Бұл қатынастың алғашқы кілті екі түсініктің кез келген кілті болуы мүмкін (ER – диаграмма және қатынас сызбасы 7.3 суретте берілген).



К1,… К2,… K1VK2

Сурет 7.3 1-ереженің диаграммасы мен қатынасы.


2 – ереже: Егер бинарлық байланыс дәрежесі 1:1 және бір түсініктің иелену класы міндетті, ал екішісінікі міндетті емес болса онда әр түсініктің әрқайсысына осы түсініктердің кілті болатын алғашқы кілт құрылады. Содан кейін міндетті иелену класы бар түсінік қатынасына атрибут ретінде міндетті емес иелену класы бар түсініктің кілті қосылады ( ER – диаграмма және қатынас сызбасы 7.4 суретті берілген).



К1,…. К2,….


К1,К2 К2,….

Сурет 7.4 2-ереженің диаграммасы және қатынасы



3- ереже: Егер байланыс дәрежесі 1:1 және екі түсініктің де иелену класы міндетті емес блоса; онда үш қатынасты қолдану қажет. Екі қатынас байланысатын түсініктерге сәйкес келеді, олардың кілттері бұл қатынастардың алғашқы кілттері болып табылады. Үшінші қатынас қалған екеуін байланыстырады, сондықтан байланысатын қатынастардың кілттік атрибуттары осының кілті болып табылады (ER- диаграмма мен қатынастар сызбасы 7.5-суретте берілген).


К1,К2, …


К1,… К2,…




К1,К2…
Сурет 7.5 3- ереженің диаграммасы мен қатынасы
1:М байланысы үшін қатынастарды қалыптастыру

4- ереже: Егер түсініктердің арасындағы байланыс дәрежесі 1:М немесе М:1 және М- байланысты түсініктің иелену класы міндетті болса, онда екі қатынастың қалыптасуы жеткілікті. Соның өзінде бұл қатынастардың алғашқы кілттері осы түсініктердің кілттері болып табылады. Сонымен қатар 1- байланысты түсініктің кілті М- байланысты түсінікке сәйкес келетін қатынастың атрибуты (сыртқы кілт) ретінде қосылады.

5- ереже: Егер түсініктердің арасындағы байланыс дәрежесі 1:М (немесе М:1) және М- байланысты түсініктің иелену класы міндетті емес болса, онда үш қатынас қалыптасуы қажет. Екі қатынас кілттері алғашқы болып табылатын өзара байланысатын түсініктерге сәйкес келеді. Үшінші қатынас екі қатынасты байланыстырушы қатынас болып табылады (оның кілті байланысатын қатынастардың кілттік атрибуттары болып табылады).

М:М байланысы үшін қатынастарды қалыптастыру

6- ереже: Егер түсініктердің арасындағы байланыс дәрежесі М:М болса, онда иелену класына қарамастан үш қатынас қалыптасады. Екі қатынас байланысатын түсініктерге сәйкес келеді, олардың кілттері бұл қатынастарда алғашқы болып табылады. Үшінші қатынас екі қатынасты байланыстырады, ал оның кілті байланысатын қатынастардың кілттік атрибуттарын біріктіреді.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет