Геморрой - грек сөзінен аударған "кан ағу" деген мағына береді Балаларда өте сирек кездесетін ауру. Кездесе калған жағдайда да- ересек балаларда. Геморройдың себебі геморраидалдық көк тамырлардың кабырғаларының жетілмеуінен. Геморроидалдық түйіндер үлкейген топталған кавернозды түйнектерден құралган. Геморройдың пайда болуына дағдылы қатпа, мегаколон, долихосигма аурулары әсер етуі ыктимал.
Клиникасы.Анальдық тесік аймағының ауырсынуы, қышуы, сирек жағдайда қансырау байқалады. Бала күшенгенде тік ішектің шырышты қабатының астында көкшіл қан тамырларының түйіншектері аныкталады. Диагноз коюда тік ішекті саусақпен карау, ректороманоскопия жасау кеп көмек жасайды.
Емдеу:а) консервативтік ем – нәжіс қатпасына қарсы күрес, анальдық аймакқа туалет жасау, анестезия аппликациясы, жылы ванналар, склерозды ем.
б) операциялық ем өте сирек қолданылады.
Тік ішек полиптері - шырышты қабаттан шығатын ісік. Полип 3-8 жастагы балаларда көп кездеседі. Ауру этиологиясы қазіргі кезге дейін толық анықталмаған. Ауру негізінде дизонтогенетикалык бұзылыс жатады, яғни ішектің шырышты кабатындағы регенерациялык жэне пролиферациялық үрдістерінің калыптан ауытқуы. Барлық полиптердің 92% тік ішекте орналасады. Полиппен ауырған балалардың анамнезінде асқазан ішек аурулары табылган. Нәжіспен шыққан қанның көлемі бір-екі тамшыдан бірнеше миллилитрге дейін болады. Егер нәжіс тік ішек қабырғасын жарақаттаса, қансырау арта бастайды. Дефекациядан кейін анальдық тесікте полип корінеді, оны кейде ішек түсуімен шатастырады.
Диагноз қоюда тік ішекті саусақпен караудың және ректоромоноскопияның маңызы зор. Кей кезде иррография жасалынады (ішек полипозында).
Операциялык ем:
а) трансанальдық полипэктомия
б) егер полип жоғары орналасса, немесе полип аумақты болғанда
лапаротомия жасалып, колотомия жэне полипэктомия қолданылады.
б) ішекті кесіп алып тастау (ішек резекциясы) полип бірнешеу болып топталып орналасқан жағдайда жасалынады.
Парапроктиттер - тік ішек айналасындағы май қабатының қабынуы. Парапроктиттің екі түрі болады: жедел және созылмалы.
а) жедел парапроктит балаларда сирек кездеседі. Ауруды туғызатын жағдайлар : анальдық аймақтың микрожарақаттары, кішігірім іріндіктер (пиодермия т.б.). Жас балаларда гематогенді немесе лимфогенді бағытпен инфекция пайда болуы ыктимал.
Жедел парапроктиттің келесі клинико-анатомиялық түрлері анықталған: тері асты (перианальдық) ишиоректальдық, ретроректальдық және пельвиоректальдық. Тері астылық (перианальдық парапроктит балаларда 95%- те кездеседі және де 1 жасқа дейін жиі болады)
Парапроктит кенеттен басталады, сәбидің дене қызуы көтеріліп (39-40°), мазасызданады, емшек ембейді. Кей кезде бала құсады, іш өтуі байқалады. Сәби дәретке отырғанда және онан кейін оны болғанда өте мазасызданады. Қан талдамасында лейкоцитоз, қан формуласы солға қарай жылжиды, жергілікті карағанда анальдық тесік аймағында қызару, ісік байқалады. Тік ішекті саусақпен қарау кезінде өзгеріс аймағында қатты ауырсыну, инфильтрация байқалады.
Жалпы, жергілікті наркозбен операциялық ем қолданылады: флюктуация жэне инфильтрациясы бар аймақтың ортасынан тілім жасалып дренаж қойылады. Әдетте балаға жалпы антибактериальдық, дезинтоксикациялық, т.б емдерді қатар жүргізеді.
б) Созылмалы парапроктит немесе параректальдық жыланкөздер:
Қазіргі кезде параректальдық жыланкөздің 3 түрі бар:
а) толық жыланкөздер – жыланкөздің бір ұшы теріге ашылып, 2-ші жағымен тік ішектің шырышты қабатына ашылады;.
б) толық емес сыртқы жыланкөз-теріге ғана ашылады;
в) толық емес ішкі жыланкөз-ішектің немесе анальдық тесіктің ішіне ашылуы.
Сфинктрге байланысты:
а) сфинктрлі,
б) сфинктерден жоғары,
в) сфинктерден төмен.
Сәбиде анальдыққ тесікітің аймағында іріңді жыланкөз кезінде, егер жыланкөз толық болса, оның аузынан ірің ғана емес нәжіс те шығуы мүмкін. Жыланкөз асқынып, іріндесе баланың ыстығы көтеріледі, мазасызданады, тамақ ішпейді.
Диагноз қою үшін келесі тексерулер ж.үргізіледі:
1) тік ішекті саусакпен қарау (жыланкоз бойымен инфильтрация) немесе білеулену байқалады;
2) фистулография (контрастты зат арқылы бағытын және жолдарын анықтау)
3) Жыланкөзге зонд жіберу
Операциялык емді сәби 8-10 айдан асқаннан кейін жасайды. Жыланкөздің түріне қарай В.В.Рыжих немесе А.И.Ленюшкин әдістерімен жыланкөзді сылып алып тастайды.
Тік ішек жаракаттары:балаларда сирек кездеседі, бірақ ол жарақаттар өте ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін (А.М.Аминев, 1969, А.И.Ленюшкин, 1976 т.б). Жарақаттану ұл балаларда 3 есе жиі. Тік ішек жарақаттарының негізгі себептері: диагностикалық және емдеу манипуляцияларын жасау, баланың өткір затка қүлауы т.б.
Сыныптамасы -тік ішектің жарақатының көлемі бойынша екіге бөлінеді (Аминев А.М., 1969).
А) Іш пердесінен тыс жарақат:
а) қарапайым
б) сфинктердің жарақаты мен асқынуы
в) айналада жатқан тіндердің жарақаты мен асқынуы
Б) Іш куысын тесу жарақаты:
а) қарапайым
б) басқа мүшелердің жарақаты мен асқынуы.
Тік ішек жарақатының симптомдары мынадай болады: жараның көрінуі, тік ішек тесігінен қан шығу, дефекация кезіңде ауырсыну, жара арқылы нәжіспен газдың шығуы, анальдық тесік сфинктерінің қызметінің бұзылуы, зәрдің жүрмей қалуы, шап аймағындағы ісік т.б. Осы айтылған белгілер, жарақаттың түріне байланысты, әртүрлі аралас байланыста кездесе береді. Жарақат көлеміне және орналасуына байланысты баланың жалпы жағдайы байқалады. Жеңіл жарақаттарда (тік ішектің шырышты қабаты) баланың жағдайы қанағаттанарлық болады. Егер құрсақ куысының тесілу жарақатымен қатарласса, баланың жағдайы ауыр болады (қансырау, перитонит).
Емдеу:а) іш пердесінен тыс тік ішек жарақаттарында, жара тазаланып, дренаж қойылып тіндері қабатпен тігіледі;
б) егер сфинктер жарақаттанса, біріншіден колостома салынып, жара тазаланып тігіледі;
в)құрсақ қуысымен қосыла тесілу тік ішек жарақатында - лапаратомия жасалып, басқа мүшелер түгел қаралып, ішек жарасына тігіліп, құрсақ қуысына дренаж қойылады. Содан кейін шап аймағы тазаланып, жара тігіледі.