Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет156/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

УЛК (ЛИИ)= (С+2П+3Ю+4Ми) х(Пл+1)  1,0-1,5
(М+Ли) х (Э+1)

С –сегментядролы; П –таяқшаядролы; Ю – жетілмеген;


Ми – миелоциттер; Пл – плазматикалық клеткалар; М – моноциттер;
Ли – лимфоциттер; Э – эозинофилдер.
Қабыну үрдісінің бар немесе жоқтығын және оның дәрежесін анықтау үшін С-реактивті ақуызды анықтайды. Иммундық статусын анықтау өте қажет.
Іріңді ошақтан шыққан бөлініске, қанға микробиологиялық тексеру жүргізіп, қоздырушы микробты анықтау, іріңді инфекцияның ауыр түрлерінде бірнеше ағзаның жетіспеушіліктерінде, қанның биохимиялық талдамасын жасау, зәрді тексеру, электрофизиологиялық тексеру әдістерін жүргізу міндетті түрде болу керек.
Хирургиялық инфекцияны емдеу кешенді бағытты жүргізілуі қажет және 3 компоненттен тұрады:

  1. макроағзаға әсер;

  2. микроағзаға әсер ету;

  3. жергілікті ошақты емдеу.

Макроағзаға әсер ету келесі бағытта жүргізіледі:

  • улануға қарсы ем жүргізу (инфузиялық емді, пәрменді диурезді арттыру, дезинтоксикациялық дәрі-дәрмектерді қолдану – плазма, неокомпенсан; детоксикациялық әдістер – гемосорбция, плазмофорез).

  • Ағзаның иммунобиологиялық қасиетін қоздыру және коррекциялау (лейкоцит гамма глобулин 3-5 мл құю, лайықты гипериммунды плазма, антистафилококты плазма 10-15 мл 1 кг дене салмағына

ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫНДАҒЫ ІРІҢДІКТЕР


Ілмекаралық абсцестер. Аурудың туындауына, хирургиялық операциядан кейін ішек арасында қалған экссудаттардың іріңдеуі себеп болады. Асқыну, кейде ішек ішін тесіп кеткен үшкір тосын заттардың, энтероколит ауруларының негізінде де пайда болуы мүмкін. Ішек аралығына орналасқан абсцесстер, көбінесе асқынған соқыр ішек ауруынан кейін байқалады.
Аурудың клиникалық белгісі. Ауыру белгісі, бірде іш пердесі қабынғандағы белгілермен, бірде ішектердің паралич болып түйілгеніне ұқсас белгілермен байқалады. Әдетте баланың жалпы жағдайы нашарлайды: қызуы көтеріліп, іш құрсағында ауырсыну сезімі байқалады, кейде нәжісі сұйықтанып, іші өтеді. Іш құрсағында асимметрия байқалып, ол дем алуға толық қатыспайды. Іріңдік шоғырланған ауданда іш еттері қатайып, дефанс байқалады. Егер де іш құрсағына терең пальпация жасау мүмкіндігі туса, онда іш құрсағына терең орналасқан іріңдіктің контуры анықталуы мүмкін. Тексерістерді қысқа уақытты, жалпы наркоз беріп жүргізуге болады.
Ішек арасындағы абсцесс іш құрсағының алдыңғы қабатына жа-қын орналасса, онда диагноз ертерек анықталады. Бұл кезде іріңдік, іш құрсағына ашылған жара арқылы сыртқа да шығуы мүмкін.
Ішек аралық абсцесс іш құрсағына терең орналасқан жағдайда, ішектердің механикалық түйілумен қабатталып байқалуы да мүмкін. Егер іш құрсағына орналасқан ішекаралық абсцестің сыртқы қабы нәзік болса, ірің оны тесіп ішке түгел жайылып кетеді. Бұл ретте ішек аралықабсцестің клиникасы перитониттің клиникасымен қабатталып байқалады. Дәл осындай асқынулар 3 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі.
Диагнозды анықтауға хирургиялық операция жасалғаны, ағзада байқалатын улану белгілері, іш құрсағында орналасқан абсцестің жергілікті белгілеры өз көмегін тигізеді.
Емдеу: ішек арасына шоғырланып орналасқан іріңдік кең ашылып, жуылып-шайылып тазалануы қажет. Егер абсцесс іш құрсағының алдыңғы қабатына жақын орналасса, іш құрсағы жарасының 2-3 тігісі алынып, жара арқылы ірің сыртқа шығарылады
Іріңдік іш құрсағына терең орналасқан жағдайда, ол іріңдік тұсынан ақырын тілініп ашылады. Абсцестің сыртқы қалтасын бұзбай іріңдік жуылып тазаланады. Жуып тазалаған іріңдік ішіне арнайы ОКА-1 немесе дәкеден жасалған тампон қалдырылады.
Жоғарыда айтылған хирургиялық емдеу тәсілдерімен бірге науқас балаға антибиотиктер, витаминдер, жүрек гликозидтері, протеазаның ингибиторлары, уыттану белгілеріын азайтатын гемодез, реополиглюкин, белоктарды қалпына келтіретін аминқышқылдары беріледі. Көп мөлшерде экстракорпаральдық уытсыздандыру (дезинтоксикация) тәсілдері де пайдаланылады. Бұларға, қанды УФО тәсілмен қыздыру, гемосорбция және баротерапия тәсілдері жатады. Ірің азайып кемігенде іштің алдыңғы қабатына физиоем тәсілдері қолданылады. кейінірек алоэ, фибс, лидаза дәрілері кезек-кезек қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет