Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Омыртқа жотасы мен жұлынның тума жарақаттары



бет184/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Омыртқа жотасы мен жұлынның тума жарақаттары өте ауыр жарақаттар қатарына жатады, себебі баланы мүгедектікке немесе шетінеуіне әкелуі мүмкін.
Нәрестелердің омыртқа жотасы, оның көптеген буындарының тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Сондықтан күшпен жасалған бүгу, тарту, басты немесе жамбасты бұру омыртқаның, кейде жұлынның қосыла жарақаттануын туындатады.
Омыртқа жотасының мойын бөлімінің зақымдануын, жанама белгілер арқылы болжауға болады. Олар: мойын бұлшық еттерінің тартылуы, мойынның ұзарып, немесе қысқарып көрінуі, нәрестенің басын қисық ұстауы, орағанда, суға түсіргенде мазасыздануы, омырау емуінің бәсеңдеуімен білінеді.
Неврологиялық көрініс жұлын, немесе жүйке тамырлары жарақаттанған жағдайда туындайды. Клиникасында нәресте қолының әлсіздігі (парапарез), салданылуы (плегия) байқалады. Мойын жұлыны жарақаттанған кезде иық пен білек ішке қарай бұралып, І саусақ алақанға әкелініп, жұдырық түйіліп, қол қозғалыссыз салбырап, аяқтарда парездер анықталып, зәр шығуы бұзылады.
Бел, немесе кеуде омыртқалары зақымдалғанда, омыртқа бойындағы бұлшық еттерінің тартылуы, кифоз, кифосколиоз, ораған кезде мазасыздануы анықталады. Кеуде бөлімінің жұлыны жарақаттанғанда алдыңғы құрсақ бұлшық еттерінің болбырауы, аяқтың спастикалық парезі байқалады. Ал, бел аймағындағы жарақат кезінде нәрестені қолтығынан көтергенде аяғындағы моно-, парапарездің, зәр ағзаларының функциясының бұзылуы анықталады.
Емі. Жұлын мен омыртқа жотасы туа зақымданған кезде көмекті босану бөлмесінде немесе нәрестелер палатасында бастаған жөн. Біріншіден, зақымдалған омыртқа жотасын иммобилизациялау қажет: мойын омыртқасы жарақаттанғанда шеңбер тәріздес мақта-дәкеден жасалған таңу жарақаттанған баланың басының астына салынады. Шеңбердің қалыңдығы 6-8 см, ішкі диаметрі бас аумағынан 2-3 мм-ғе кішірек болады.
Иммобилизация үшін мақта-дәкеден жасалған таңба мен 3 қатар жаялық қажет: бірінші жаялықтың үстіне, ені - екі иықтың еніндей, ұзындығы, қара құстан құйымшаққа дейін жететін бірнеше қабаттан құралған жаялық салынады, оның үстіне бірнеше қабаттан тұратын «үшбұрышты» жаялықты негізімен үстіге қарата жайып үстіне мақта-дәкеден жасалған шеңбер қойылады. Міне осындай жаялыққа баланың басын, шеңберге, бұрылмайтындай қылып орналастырып, тек қана басы мен денесінің үстіңгі бөлігін орайды. Иммобилизация мерзімі 2-3 аптаға созылады.
Мойын омыртқасы орнынан жылжып кеткен жағдайда ортопед бір сәттік репозицияны арнайы нәрестелер бөлімінде жүргізеді. Репозиция 0,1 мл 50% анальгин жасалғаннан кейін тазалынып, баланы гипстен жасалған «бесікке» жатқызады. Гипстен «бесік» - алдын ала баладан алынған пішін бойынша жасалады.
Иммобилизация мерзімі 3-4 аптаға дейін созылады.
Кеуде және бел омыртқалары жарақаттанғанда, травматолог баланы ішіне жатқызып, бір қолымен екі аяғынан жоғары көтеріп, екінші қолымен патологиялық кифозы бар жерге жайлап басып деформацияны біртіндеп кетіреді. Гиперкоррекция жағдайында пішін алынып, баланы сол бойынша гипстен немесе поливиктен жасалған «бесікке» жатқызады. Иммобилизация 2-3 айға созылады. Сонымен қатар 3-4 аптадан кейін - жалпы массаж, ЛФК тағайындалады.
Омыртқа жотасының асқынған жарақаттарында жұлынның функциясын қалпына келтіру мақсатында, тиамин бромид, пиридоксин хлорид, кокарбоксилаза, эуфиллин, папаверин гидрохлорид, энцефабол, ал төртінші аптадан бастап – церебролизин, лидаза, прорезин мен дибазол тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет