234
XIV Тарау. Психопатиялар
мүмкін болатын жайсыз салдары ескерілмейді. Кейде олар импульсивті болуы
мүмкін. Психопатияны ң осындай түрімен сыркаттанған наукастар айна-
ладағылармен кактығыска жиі түседі және жиі агрессивті кылыктар жасайды.
Осыған байланысты ұжымда карым-катынасы нашар болады. Осы атал-
ғандардың барлығы психопатиялык тұлғаларда декомпенсация шакыратын
стреске себепші болады. Өзінің бұрыс кылыктарын және реакцияларын олар
адекватты бағалай алмайды. Үнемі осы кылыктарын актайтын себептер табуға
тырысады.
Наукас Қ., 30 жаста. Әкесінің ағасы аккызбадан (алкогольді делирий) кайтыс
болды. Әкесі созылмалы
алкоголизмм ен зардап ш еккен, бірнеше рет
психиатриялык ауруханаға түскен. Әкесі наукастың 14 жасында үйінен кетіп
калған. Мінезі ашуланшак, шатак адам болған, мас күйінде перверзді тенден
ция байкалған. Қазіргі уакытта бұзакылығы үшін сотталған.
Анасы — медбике, мінезі жұмсак, аккөңіл, баласының ауруханаға түскенін
катты уайымдайды.
Бала мерзімінде 1-ші жүктіліктен туылған. Емізулі кезеңде анасының айтуы
бойынша, бала мазасыз, жылауык және ұйкысы нашар болған. Кейде «көгеріп»
кеткенге дейін жылау ұстамалары болған. Бала бакша тәрбиелеушілері оны
киы н бала катары на коскан.
Өте козғалғыш , төбелескұмар болған. Өз
кұрдастарымен керісіп калған жағдайда катты айкайлап, тырнап, тістеп алуға
дейін баратын болған. Ескерту берген жағдайда еденге кұлап, басын жерге
ұрып және т.б. кылыктар көрсеткен. Үйде де осындай жағдайлар болған. М ек
тепке 7 жасында барған. Бастауыш кластарында үлгерімі нашар болған.
Мұғалімдер интеллектуалды касиеттері жаман емес, бірак бір орында отыра
алмайты н, сезімтал, ренж ігіш бала ретінде мінездеме берген.
Баска
окушылармен басы косылмайды, төбелеске шатаскан, осы себептен анасы
мектепке бірнеше рет шакырылған. Бос уакытында өзінен кіші балалармен
ойнаған. Осы кезеңдерде әкесінің маскүнемдігіне байланысты жанұядағы
карым-катынас нашарлай түскен.
Әкесі мас болып әйелін, баласын сабап және
оларды бірнеше рет үйінен куып жіберген жағдайлар да болған. Наукас
шешесімен бірге өзін бірнеше жыл тәрбиелеген әжесінің колына кетуге мәжбүр
болды. Аурудың бұзакылығы жоғары кластарда күшейе берген. Мұғалімдерге
карсы сөйлеген, сабак кезінде баска іспен айналысып отыратын болған, ескер
ту берсе, орнынан тұрып есіктен шығып жүре беретін болған. Тәртібі жөнінде
көп ескерту берген биология п ән ін ің мұғалімін өте ж ек көрген. Осы
окытушының бір ескертуінде ол орнынан тұрып, бөлме терезесін сындырған
ж әне үйірменің асыранды теңіз ш ош касы н баска окуш ылар алдында
тұншыктырған. Наукас мұғалімдердің наразы келбеттерін көргенде, үлкен
ләззат алғандығын айтады. Осыдан
кейін мектептен шығарылған, білімін
ПТУ-да жалғастырған. Осы кезеңде анасы әкесімен кайта косылған, әкесі
бірден 14 жасар ұлын ішкілікке әуестендірген. Өзінің бос уакытын ауладағы
бұзакылар арасында өткізген. Осы кезеңде аса ұшкалак, төбелескұмар, ашушаң
болып кеткен. 15 жасында окушы балалардан акша бопсалағаны үшін милиция
есебіне алынған. Үйіне жиі мас болып келіп анасына кол жұмсаған және әкесіне
өлтіремін деп ұмтылған.
Параноидты (паранояльды)психопатия
235
Сексуалдык әуестігі аса айкын болған. 14 жасынан
бастап кезең-кезеңмен
анонизммен айналыскан. 15 жасынан бастап жыныстык катынаска түскен.
16 жасында өзіне ескерту жасаған карт кісіні соккыға жығып, 3 жылға бас
бостандығынан айрылған.
М ерзімін өтеп ш ы ккан соң, автобазада шофер болып жұмыс істеген.
Жұмысында әкімш ілік мүшелерімен кактығысып, баска жұмыска ауысуға
мәжбүр болған. Соңғы бесжылдыкта 4 жұмыс орнын ауыстырған. Қазіргі уакытта
гаражда слесарь болып жұмыс істейді.
1975 ж. үйленген, жарына сүйіп косылған, 3 жасар кызы бар.
Соңғы кездері
маскүнемдікке салынып, тітіркенгіштік, ашушаңдык күшейген. Жанұясында ұрыс-
керіс жиілеген. Әйелі мен анасының өтінішімен наукас клиникаға келіп түскен.
Соматикалык жағдайы: орта бойлы, дене бітімі — атлетикалык, аздап дене
салмағы басым. Ішкі мүшелерінде патология жок.
Неврологиялык статусында бас миының органикалык бұзылысының белгілері
байкалмайды. Вегетативті лабильділік, вазомоторлык реакциялардың жеңіл
көрінуі, алакан, табан гипергидрозы, кызыл дермографизм байкалады. Бас сүйегі
рентгенограммасында және көз түбін зерттегенде патологиялык өзгеріс жок.
Психикалык жағдайы: наукастың уакыт, орын, өзіндік тұлғасы бойынша
бағдары дұрыс. Сөйлескенде
кұныксыз жауап береді, өзін сак ұстайды. Жау-
аптары біртекті. Кезеңмен жандана түседі, өзінің тітіркенгіштігі, ашушаңдығы,
ұстамсыздығы жөнінде белсенді әңгімелейді, өзін элекгрлеп койғандай, бір сөз
айтылса болды, төбелеске ұмтыламын дейді. Өзінің әйелі мен анасы жөнінде
тітіркене еске алады, олар өзін түсінбейді, әдейі менің ашуымды шакырады
деп есептейді. Өзінің маскүнемдігін «аз ғана бой сергіткім» келеді деп түсіндіреді.
Жұмысындағы нашар катынасты оның өткен шағындағы асоциалды жүріс-
тұрысына байланысты калыптасып калған катынас деп карайды. Өзін өз ісіне
жауап бере алатын адам деп санайды, бірак біршама ұстамсыздык және шама-
дан тыс ашуға берілу өміріме кедергі келтіреді дейді.
Асоциалды кылыктарына байланысты сұрактар койылғанда, кызарып козып,
дөрекі түрде жауап беруден бас тартады. Бөлімшеде алкоголизммен зардап
шегетін наукастармен араласады. Кейде аурухана тәртібін сактамай, медицина
кызметкерлерімен шатасып калады. Бакылау бөлмесіне жіберілген кезде агрес
сия көрсетіп, санитарға кол жұмсаған. Клиникаға келгеннен
бері продуктивті
психопатологиялык симптомдар байкалмаған. Интеллектуалды бұзылыстар
байкалмайды. Өз жағдайына сыни көзкарас төмен. Кезекті кактығыстан кейін
өзінің табанды сұранысы бойынша ауруханадан шығарылған.
Достарыңызбен бөлісу: