296
ХХ Тарау. Ми мерезі және үдемелі салдану кезіндегі психикалық бүзылыстар
Үдемелі салданудың
соңғы сатысы
(маразматикалық сатысы) психикалық
қызметтің толық ыдырауымен, толық қорғансыздықпен, физикалық маразммен
сипатталады. Қазіргі кезде заманауи ем қолдану нәтижесінде дертті көріністер
маразм дәрежесіне дейін жетпейді.
Үстемдік ететін психопаталогиялық синдромға байланысты үдемелі
салдану
төмендегідей жиі кездесетін формаларға бөлінеді:
дементті
— сандырақсыз
және психомоторлы қозусыз үдемелі ақыл кемдігі,
депрессивті
— өзін-өзі кінәлау
және соңына түсу сандырағымен көңіл-күйдің төмендеуі;
экспансивті
— эйфо
рия құбылыстарымен, конфабуляциялармен, ауқымды ұлылық сандырағымен.
Арджил—Робертсон симптомы тән конвергенция мен аккомодацияға реакци
ясы бар қарашықтардың жарыққа реакциясының болмауы. Бұнымен қатар көз
қарашықтарының біркелкі болмауы, птоз, аз қозғалмалы, көмескі мимика,
мұрын астынан шыққандай сөз, сөз артикуляциясы (жылдам сөйлей алмайды),
жазу, жүріс бұзылысы байқалады.
Арнайы серологиялық реакциялар: қан және жұлын сұйықтығындағы Вас
серман реакциясы әрдайым оң болады (әдетте сұйылтылғанның өзінде 2:10).
Жұлын сұйықтығында жасушалар санының жоғарылағаны (плеоцитоз), оң
глобулиндік реакциялар (Нонне—Апельттің, Панди, Вейхбродт реакциясы),
пробиркалар түсінің паралитикалы қ қисы қ
типтес өзгерісі бар жұлын
сұйықтығындағы коллоидты реакция (Ланге реакциясы).
Науқас 59 жаста. Психикалық аурулармен тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Өсуі
мен дамуы жағынан құрдастарынан артта қалмаған. Мінез-құлқы бойынша тіл
табысқыш, лидерлікке ынталы болды. Мектепке 8 жасынан барған. Жақсы
оқып, оқуға, музыкаға қабілетгілігі байқалған. 1941 ж. 10-класты аяқтап, соғысқа
аттанып кеткен. 1945 ж. демобилизациядан кейін цирктік училищені аяқтап,
циркте 25 жыл әуе гимнасты болып жұмыс істеген. Шет елдерге шығып тұрды.
25 жыл бойы бір әйелмен жақын қатынаста болып, ол қайтыс болғанда қатты
қайғырған. Кездейсоқ жыныстық қатынастары болған. Мерез жұқтырған мерзімі
туралы дәл мәліметтер жоқ.
52 жасында мінезі бірден өзгеріп, анасына бұрынғы жақындығы жоғалып,
суық қаты нас қалыптасқан. Өзімшіл,
тітіркенгіш болып, басының жиі
ауыратындығын, тез шаршағыштықты байқап, түнгі ұйқысы нашарлаған.
Стационарға түсерден 1 жыл бұрын (58 жасында) іс сапарға шыққан, онда өзінің
қызметтестерімен керісу жағдайынан кейін ауруханаға қайтадан жатқызылды.
Іс сапардан мерзімінен бұрын оралды. Сылбыр, жыламсырағыш, өзгеріп, едәуір
салмақ жоғалтқан. Сөзі түсініксіздеу, кейде мас адамның сөйлеуін еске түсіреді,
артынан сөйлеу бұзылыстары күшейе түсті. Оқи алмады. Үнемі бас ауыруына
және тершеңдікке шағымдар айта бастады. Күн бойында болған оқиғаларды
қиы нды қпен еске түсіреді. Ауыруы үдей бастайды. Көңілі бейғам ж әне
жыламсырағыш болып кетті.
Мағынасы жоқ сұрақтарды қойып, өзі қойған
сұрақтардың мәнін түсіне алмады. Сұрақтарға сәйкесінше жауап бере алмайды.
Көшеде айналадағылар оны мас адам деп санаған. Өзі бөтен адамдардың пайдаға
асыра алмайтын заттарын алып кететін болды. Туыстарын танымай, өзін-өзі
күтуді қойды. Стационарға жатардың алдында үйінен кетіп қалып,
мас адам
деп танылып, милицияға түскен. Апасын танымай, қайда тұрғанын түсінбеді.
Үдемелі салдану кезіндегі психикалық бүзылыстар
297
Өзін атакты әскер басшысы деп мәлімдеді. Осындай жағдайда психиатриялык
ауруханаға жаткызылды.
Психикалык жағдайы: наукас салак, жүрісі сенімсіз, теңселіп жүреді, асығыс,
үнемі бір нәрселерді сыбырлап айтады. Ауруханада жатканын түсінеді. Жылды
дұрыс атайды, бірак ай мен күнін атай алмайды. Дауыстап сөйлейді, дизартри-
ялы. Өзіне бағытталған сөзді күтпестен, спонтанды, көп сөйлейді. Сөз коры
шектелген, аграмматикалы. Қойылған сұрактарға жалпы алғанда дұрыс, бірак
зейінін аудартып барып, кеш жауап береді. Берілген мәтіндерді дұрыс оки
алмайды.
Өзінің фамилиясын киыншылыкпен, катемен жазады. Өзін атакты
колбасшы деп санайды. Қытайда, Америкада және Жапонияда соғыскандығын
әңгімелейді. Дәрігерден өзінің кұжаттарын алып келуін сұрайды. Алаңдағыш.
Бұрын болған жағдайларды еске жаксы түсіреді. Жакында болған окиғаларды
есіне нашар сактайды. Әңгіме мазмұнын карай өзгеріп отыратын аффект
тұраксыздығы байкалады. Кейде эйфориялы , кейде жабыркаулы,
кейде
жасаурағыш. Клиникада болған күндерінде кимылдык козу жағдайы байкалды,
асығыс біреуді іздеп жүреді. Өз жағдайына сыни көзкарас жок. Өз тағдырына
немкұрайлы карайды.
Неврологиялык жағдайы: карашыктары бірдей емес, жарыкка реакциясы
нашар. Конвергенциясы әлсіреген. Мұрын, ерін кыртысының жазылғандығы
байкалады. Көзін жапкан кезде кабактары дірілдейді. Тізе рефлекстері күшейген.
Ромберг позасында теңселеді. Зертханалык мәліметтері: кандағы Вассермен
реакциясы оң — 4+. Жұлын сұйыктығы: Нонне-Аппельт, Панди, Вейхброд
реакциялары оң мәнді, Вассерман реакциясы — 4+. Цитоз — 35/3. Нәруыз —
9,9 г/л. Панге реакциясы — 777766432211.
Диагноз: үдемелі салдану, экспансивті формасы.
Достарыңызбен бөлісу: