Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет173/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

параноидты синдром
болып табылады (церебральды 
атеросклероздың 2-ші сатысы). Бұл науқастар преморбидті кезеңде тұйықтықпен, 
күдікшілдікпен немесе үрейшіл-күмәншіл мінез сипатымен ерекшеленеді. Бұл 
науқастарда жиі психикалық аурулармен тұқым қуалау ауырлығы, анамнезінде 
алкоголизм анықталады. Сандырақ мазмұны әрқилы болып келеді: жиі соңына 
түсу, қызғаныш, уландыру, кейде ипохондриялық, зиян келтіру сандырақтық 
идеялары айтылады. Бұл науқастарда сандырақ созылмалы ағымға бейім. 
Атеросклероздық психоздар ішінен депрессия сирек кездеседі. Алғашқы кезеңдегі 
астенодепрессиялық синдромнан айырмашылығы бұл кезде жабырқаулық басым, 
көңіл-күй күрт төмендеген, қозғалыстық, әсіресе интеллектуалды тежелу 
байқалады, мұндай науқастар жиі үрейшіл болып келеді. Науқастар өзін-өзі 
кінәлау, кемсіту сандырақтық идеяларын айтады. Олар бас ауыруына, кұлактағы 
шуылға шағымдар айтады. Атеросклероздық депрессия бірнеше жетіден бірнеше 
айға дейін созылады, бұл кезде ипохондриялық шағымдар, астения байқалады. 
Депрессивті жағдайдан шыққаннан кейін науқастарда әлсіздік, көңіл-күйдің 
төмендеуі байқалады. Жиі 1—3 жылдан кейін депрессия қайталанады.
Психоздан кейін пайда болған атеросклероздық интеллектуалды-мнести- 
калық бұзылыстар компенсациялануға қабілетті. Жиі үдемелі ағым депрессия 
егде жаста пайда болғанда, басқа да жайсыз факторлар қосылғанда байқалады.
Бүзылған сана
синдромдарымен жүретін атеросклерозды қ психоздар 
анамнезінде бірнеше қолайсыз факторлар орын алған (бас жарақаты, сана 
жоғалту, алкоголизм, ауыр соматикалы қ аурулар) науқастарда кездеседі. 
Бұзылған сана синдромының жиі кездесетін формасы делирий, сирек — 
қарауытқан жағдай болып табылады. Сана бұзылысының ұзақтығы бірнеше 
тәулікпен шектеледі, бірақ рецидивтер орын алуы мүмкін. Бұзылған сана син- 
дромымен церебральды атеросклероз жағдайларының болжамы нашар, пси­
хоздан шыққаннан кейін деменция тез әрі жиі үдейді.
Церебральды атеросклероздың 3-ші сатысыны ң (айқы н психикалық 
бұзылыстар сатысы) көрінісі кейде 
эпилептиформды бузылыстар
болып табы- 
лады. Эпилептиформды синдром құрылымы пароксизмальды құбылыстармен 
сипаталады: сана жоғалуымен жүретін үлкен атипті тырысулық ұстамалар
амбулаторлы автоматизмдерге жақын бұзылған сана жағдайларымен, дисфо- 
риям ен жүреді. П ароксизм альды бұзылыстармен қатар церебральды


Церебральды қан тамырлық гипотония кезіндегі психикалық бұзылыстар
307
атеросклерозға тән бұзылыстар, біркатар жағдайларда — эпилепсиялыкка ұксас 
тұлға өзгерістері бакыланады. Мұндай жағдайда деменцияның дамуы баяу. Ал 
айкын деменция бұл синдром пайда болғаннан кейін 8-1 0 жылдан соң пайда 
болады. Атеросклероздык психоздың салыстырмалы сирек түрі галлюциноз 
болып табылады. Бұл жағдай кәрілік жаста кездеседі. Наукастар «сырттан» 
комментирлеуші сипатгағы дауыстар естиді. Кейде галлюциноздың клиникалык 
көрінісі көру галлюцинациясымен сипатталады.
Бұл наукастардың психикалык көріністері соматикалык бұзылыстармен 
(аорта атеросклерозы, тәждік кантамырларының атеросклерозы, кардиосклероз) 
және органикалык сипаттағы неврологиялык симптомдармен (карашыктың 
жарыкка нашар реакциясы, мұрын, ерін кыртыстарының жайылуы, Ромберг 
позасындағы тұраксыздык, кол треморы, оральды автоматизм синдромы) бірге 
жүреді. М оторлы-сенсорлы ж әне амнестикалык афазия түріндегі дөрекі 
неврологиялык симптомдар да байкалады. Неврологиялык ж әне психопа- 
тологиялык симптомдар арасында параллелизм байкалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет