ХХІІІ Тарау
МИ ІСІКТЕРІ КЕЗІНДЕГІ
ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР
Жоғарыда сипатталған мидың органикалық зақымданулары түрлерінен
кеелесі кезекте кең таралғаны — ми ісіктері кезіндегі психикалық бұзылыстар,
Гентингтон хореясы және Паркинсон ауруы болып табылады.
Ми ісіктері кезіндегі психикалық бұзылыстар көптеген факторларға тәуелді:
ісік сипатына, оны ң өсу жылдамдығы мен орналасуына, ж асты қ ж әне
конституционалды-генетикалық бейімділікке.
Ми ісіктері кезіндегі психопатологиялық синдромдардың сырттай айқын-
дылығы, олардың өткірлігі кейде ми ісігімен ауырған науқастардың пси-
хиатриялық ауруханаларға әр түрлі психоздар диагнозымен түсулеріне әкеліп
соқтырады.
Ми ісіктері кезіндегі психикалық бұзылыстар жиі
сана өзгерісімен сипатта-
лады,
ол обнибуляциядан бастап, есеңгіреу мен сопор жағдайына дейін болады.
Осыған байланысты зейін белсенділігі, зейінді жинақтау ж әне есте сақтау
қабілеті төмендейді, ойлау қарқыны баяулайды. Науқастар инициативасыз,
болбыр, әлсіз, астенизацияланған, апатиялы, болып жатқан жағдайларға
немқұрайлы. Күшті бас ауырулары болуы мүмкін. Осы психикалық бұзылыстар
бірқатар неврологиялық синдромдармен бірге жүреді: агнозиялық, апраксиялық,
эпилептиформды және т.б.
Ми ісіктері кезінде клиникалық психопатологиялық көріністер жиі кездеседі
және олардың кейбірінің ісік ауруларына аса тән және диагностикалық маңызы
бар, себебі олар ісіктік үрдіс диагнозын қою және топикасын анықтау үшін
қосымша симптомдар болып табылады. Иіс, дәм сезу, көру және есту галлю-
цинациялары ісіктің самай бөлігінде орналасуы байқалады, амнестикалық
бұзылыстармен көрінетін апатико-абулиялық синдром маңдай бөлігіне тараған
ісіктерге тән және т.с.с.
Ми ісіктері кезінде психоздар сирек кездеседі, жиірек олар эпизодты, қысқа
уақытты ж әне делириозды , аментивті немесе қарауытқан түрде сана
күңгірттенуімен жүреді, кейде галлюцинаторлы-параноидты синдром дамиды.
Ағымы үдемелі амнестикалық ж әне эпилептиформды синдромдар да жиі
бақыланады.
Ми ісіктері кезіндегі психопатологиялық бұзылыстар патологиялық үрдіске
(ісіктік) жауап ретіндегі жалпы милық реакция болып табылады және мидағы
ісіктік үрдіске арнайы болып табылмайтын сана бұзылуларымен және басқа да
синдромдармен көрінеді.
Ісіктерді ерте даму сатысында
диагностикалау
қиы н ж әне операцияға
көрсеткіші жоғары болады. Психикалық бұзылыс ерте дамыған ми ісігімен
ХХІІІ Тарау. Ми ісіктері кезіндегі психикалық бұзылыстар
311
сыркат наукастардың тең жартысы дерлік психиатриялык ауруханаларға түседі.
Ми ісіктерінің орнына ми кан тамыр аурулары диагнозы жиі, мидың атрофиялык
үрдістері диагнозы сирек койылады. Әсіресе, кәрілік кезеңде диагноз кою киын,
себебі бұл жаста жалпы милы к бұзылыстар ж әне бас сүйек ішілік кысым
жоғарылауы синдромдары айкын көрінбейді. Осындай жағдайларда симпто-
матиканың өсу каркыны, соның ішінде, неврологиялык бұзылыстармен бірге
жүретін психотикалык симптомдардың өсу каркыны ерекше маңызға ие бола
ды, көз түбін зерттеу (іркіліс, көру алаңы өзгерген) және зертханалык мәліметгері
(жұлын сұйыктығын зерттеу, электроэнцефалография, бас сүйегінің рентгено-
графиясы, ангиография, пневмоэнцефалография, компьютерлік томография)
маңызды орын алады.
Ми ісіктерінің
емі
хирургиялык жолмен жүргізіледі. Симптоматикалык
терапияға дегидратациялык ем жатады. Бас миының баска органикалык ауру-
лары кезіндегі психоздардың емі тәрізді психикалык бұзылыстар транквили-
заторлар ж әне нейролептиктердің төмен дозасымен басылады.
Ми ісіктері кезіндегі психикалык бұзылыстардың
болжамы
ісік үрдісінің
болжамына толыктай тәуелді. Ми ісігі алынуға келмейтін жағдайда болжам
нашар.
Еңбектік сараптама
жүргізгенде, психикалык бұзылыстары айкын көрінетін
наукастар еңбекке кабілеттілігі толык жойылған деп танылады. Осы жағдайларда
ми ісігімен сыркат наукастар кабілетсіз болып табылады. Сот-психиатриялык
сараптама шешімі психи калы к ж ән е н еврологиялы к бұзылыстардың
айкынді
лып табылады.
|