Жалпы клиникалық сипаттамасы
313
ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Ш изофренияны жеке ауру ретінде алғаш неміс психиатры Э. Крепелин бөлп
карастырды. Ол гебефрения (Е. Геккер), кататония (К. Кальбаум) және пара-
ноидтар (В. Маньян) диагнозы койылған наукастар тобын алып, анамнездерін
бакылағанда, оларда алыс кезеңде өзіне тән акыл кемдігі дамығанын байкаған.
Осыған байланысты Э. Крапелин осы үш топ ауруларды бірікгіріп, оларды ерте
акыл кемдігі деген атаумен атады
(dementia praecox).
Жеке ауру ретінде карастыра
отырып, бұл дерттің жазылу мүмкіндігін ол жокка шығармады. Мұндай жіктеу
принципіндегі танымал кайш ылык өзіне назар аудартты ж әне сын көзбен
бағаланды.
Кейінірек швейцария психиатры Е. Блейлер (1911 ж.) бұл ауруға жаңа атау
«шизофрения» (грекше шизо — ыдырау, френ — жан) терминін ұсынды.
Е. Блейлер бұл ауруға өзіне тән акыл кемдігі жағдайымен аякталу емес, тұлғаның
психикалык үрдістерінің ерекше диссоциациясы, оның дертті үрдіс нәтиже-
сіндегі арнайы өзгерісі тән деп есептеді. Ол бұл дерттің ілкі және салдарлык
белгілерін ажыратты. Ілкіге ол наукастың әлеуметтік контактісін жоғалтуын
(аутизм), эмоционалдылыктың кедейленуін, психиканың ыдырауын (ойлаудың
ерекше бұзылыстары, әр түрлі психикалык көріністер арасындағы диссоциация
ж әне т.б.) жаткызды. Осы психикалык бұзылыстардың барлығы тұлғаның
шизофрениялык тип бойынша өзгеруі ретінде карастырылды. Бұл өзгерістерге
шизофрения диагностикасында шешуші мән беріледі.
Е. Блейлер екінші реттік деп таныған баска психикалык бұзылыстар сене-
стопатиялармен, иллюзиялармен, галлюцинациялармен, сандырактык идея-
лармен, кататониялык және т.б. бұзылыстармен көрінеді. Бұл бұзылыстарды
ол шизофрения диагностикасында міндетті деп санаған жок, себебі олар баска
ауруларда да кездеседі, дегенмен, олардың кейбірі шизофренияға аса тән болып
келеді.
Ш изоф ренияны ң жеке формалары аныкталып, сипатталды. Оның үш
классикалык: гебефрениялык, кататониялык және параноидты формаларына
төртінші — карапайым формасы косылды. Кейінірек баска да формаларына
сипаттама берілді: ипохондриялык, кезеңдік және т.б. Формалар жетекші син
дром негізінде бөлінді. Бірак, клиникалык бакылаулардың көрсетуі бойынша,
шизофренияның әр түрлі формаларына тән психопатологиялык симптомати
ка өзінің тұрактылығымен ерекшеленбейді. Бастапкы кезде карапайым фор-
мада өткен ауру, кейін келе параноидты ж әне баска формалардың психо-
патологиялык белгілерімен көрініс беруі мүмкін.
Ш изофренияның психопатологиялык көріністері көп түрлілігімен ерек-
шеленеді. Өздерінің ерекш еліктеріне байланысты олар негативті ж әне
продукгивті болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: