Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және
психопрофилактика
61
конвейерде жұмыс істейтін, қалалық транспортта қызмет істейтін, жолаушы-
лар тасымалдайты н электропоездарда м аш инист болып істейтін, яғни,
эм оциялы қ жүктеме көп түсетін орындарда жұмыс істейтін адамдарда
кездесетін ауруларды айтады. Мұндай нозологиялық формалар кәсіби фак-
торлардан тыс жерлерде де кездеседі. Кәсіби ауру деп атау үшін олар белгілі
бір өндіріс жағдайында нақты өндірістің зиянды әсерлерінен дамыған болуы
керек.
Кәсіби аурулармен ауыратын азаматтарға заң жүзінде арнайы көңіл бөлініп,
жеңілдіктер көрсетіледі.
Қолайсыз өндірістік жағдайлардың әсерінен
асқынулар немесе алғашқы
рет кәсіби емес аурулар пайда болуы мүмкін. Өндірістік зияндылықтан туатын
биохимиялық, тамырлық, вегетативтік және басқа да патологиялық өзгерістер
(вибрациялық ауру, улану және басқа да тізімде аталған кәсіби аурулар кезінде)
атеросклероз, жүрек ишемиялық ауруы, миокард инфарктісінің ерте дамуына
ықпал етеді, бұл жағдайда олар кәсіби ауруларға теңестіріледі. Шығу тегі кәсіби
қызметке байланыссыз айқын немесе жасырын патология организмнің кәсіби
зияндылықтарға сезімталдығын жоғарылатып, оны жайсыз өндірістік ортаға
төзімсіз етеді. Осылайша, кәсіби патологияны ауырлататын, оның ағымын
ж әне
нәтиж есін наш арлататын, психоорганикалы қ синдром ж ән е ақыл
кемістігі сияқты психикалық бұзылыстардың пайда болуын жеңілдететін
аурудың бірі — алкоголизм. Сонымен қатар, бұрын ми шайқалуы сияқты
жарақат алған дені сау адамдарда, жүргізуші мамандығын ерте алған жағдайда
бірнеше айдан кейін (2 -3 айдан кейін) оптика-вестибулярлы
бұзылыстар
пайда болады, бұл бұзылыстар осы қызметті тастағаннан кейін жойылып
кетеді. Осындай өзгерістер эндокриндік бұзылыстармен, эмоциялық қозғыш
адамдарда да кездеседі. Осы тәріздес мәліметтер жүргізуші мамандығын алуға
қарсы көрсеткіштер қатарына анамнезінде бас-ми ж арақаты ны ң немесе
эмоциялық тұрақсыз эндокринді-вегетативтік патологияның болуы болып
табылады.
Кәсіби
зияндылықтар физикалық, химиялық ж әне биологиялық болуы
мүмкін. Қазіргі замандағы күрделі өндірісте жағымсыз өндірістік факторлардың
біріктірілген әсерлері кездеседі. Айтар болсақ, химиялық заттармен жоғарғы
температура жағдайында жұмыс істеу тек организм қызуының көтерілуімен
ғана қауіпті емес, сонымен қатар кейбір қосылыстар улылығының жоғарылауы
да қауіпті болып келеді. Осылайша, организм қызуы көтерілген кездегі ги
первентиляция удың организмге көп енуіне себеп болады. Интоксикация
ауыр физикалық жұмыс жасау үстінде (гипервентиляция,
қан айналымының
жылдамдауы) күшейеді, мысалы, биік таудағы жұмыс. Осындай жағдайда
ауадағы улағыш газдың кішкене мөлшері болсын (мысалы, машинадан шыққан
газ) сана шатасуымен, психимоторлы қозу немесе кома сияқты улану жағдайын
тудыруы мүмкін, кейде өліммен аяқталы п немесе дем енцияға әкеліп
соқтырады.
Осылайша психопрофилактикалық жұмыстарды жоспарлау үшін оларды
ұйымдастыру және іс жүзіне асыру үшін патология туралы,
оның себептерін
және оларды болдырмас үшін жасалатын шаралар жөнінде жетік білім керек.
62
V Тарау. Психопрофилактика
Өндірісте психопрофилактика кәсіби аурулардың жалпы профилактикасы
негізінде дамиды, ол үш бағытта болады:
1) заңды шаралар;
2) санитарлық-техникалық жұмыстар;
3) кәсіби зияндылықтарға организмнің тұрақтылығын жоғарылату үшін
жүргізілетін жұмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: