110
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
формасы,
нұсқасы туралы мәлімет алғанда, зерттеу кезіндегі есепке алынған
сипаттаманың униф икациясы қажет. Осыған байланысты біздің елімізде
эпидемиологиялық зерттеулер жүргізгенде, тәжірибеде қолданылатын барлық
негізгі нозологиялы қ формалар үшін психопатологиялы қ
синдромдар
глоссарийлері дайындалған. Кез келген психикалық ауруларды бағалауға
қолданылатын стандартты синдромдар жинағы құрастырылған. Синдромдарды
глоссарий бойынша шифрлай отырып, диагностикалық бағытқа және мамандық
бойынша дайындық дәрежесіне тәуелсіз дәрігер суреттелген синдромдардың
бірімен науқас жағдайын идентификациялайды.
Осылайша, болашақта статистикалық өңдеу жүргізу үшін мәліметтер алу-
да бірлік қалыптасады. Әрі қарай мәліметтерді талдауда зерттеу кезінде нақты
синдромды анықтау ауру дамуының өте ерте
сатысында науқастың алдағы
жағдайы жөнінде нақты қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осындай
жағдайда ауру ағымын синдромдардың динамикалық тізбегі түрінде қарауға
мүмкіндік туады, бұл психопатологиялық үрдістің динамикалық тенденция-
сын, себептерді ж әне клиникалы қ патоморфоз ерекшеліктерін анықтауға
мүмкі