Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет56/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

115
ҚАБЫЛДАУ БҰЗЫ ЛЫ СЫ
Кдбылдау
— материалды әлемнің заттары мен құбылыстарын бейнелейтін 
психикалық үрдіс. Қабылдау — күрделі акт, ол ес, ойлау үрдістерімен тығыз 
байланысты. Қабылдау түйсіктен басталады.
Туйсік
— қабылдаудың ажырамас бір бөлігі, ол психикалық үрдістің бірінші 
элементі, оның көмегімен біз әрбір заттар мен құбылыстардың сапасын, жеке 
қасиеттерін: көлемін, формасын, салмағын, түсін, тұнықтығын ж әне т.б. 
бейнелейміз. Ең алғаш Аристотель «Біздің санамызда ешқашан болмаған зат 
біздің түйсігімізде де болмаған» деп айтып өткен. Түйсік пен қабылдау — біздің 
санамыздың қақпасы. Түйсік пен қабылдау — біздің барлық біліміміздің қайнар 
көзі.
Түйсік пен қабылдау бұл заттар мен құбылыстар әсер еткендегі анализатор- 
лар функциясының нәтижесі. Сезім мүшелерінің келісілген және дұрыс қызметі 
психикалық үрдіс үшін маңызды. Әр түрлі ауруларға ж әне хирургиялық 
араласуларға байланысты анализаторларды жоғалту психикалық белсенділіктің 
төмендеуіне, жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарына әкелуі мүмкін. 
Павловтың жануарлардың бір немесе бірнеше анализаторларының церебраль- 
ды бөлігінің экстрипациясымен жануарларға жасаған тәжірибесінде ж әне 
көптеген авторлардың сенсорлы изоляция мен депривация жағдайында сурдо- 
камерада адамның сезімі мен жүріс-тұрысын бақылауы осының дәлелі бола 
алады.
Затты қабылдау түйсіктер жинақтығына саяды, бұл тек жаңа туған нәрестеде 
бақыланады. Өмір сүру барысында ересек адамдардың қиялында барлық 
заттардың бейнесі, өзіндік эталоны құралады, осылайша біз ол заттарды біле 
отырып, бір-бірімен салыстырамыз. Ересек адамдар қабылдауын көрнекілік 
үшін мына формуламен бейнелейді: қабылдау = түйсік сомасы + елестету.
Елестету
— заттың ойша бейнесін еске түсіру. Елестету нақты болуы мүмкін, 
ол өткен шақта қабылданған нақты объектілер жөнінде естелікке ұласуы мүмкін. 
Елестетулердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде заттар мен құбылыстар жөнінде 
жаңа күрделі елестетулер пайда болады. Елестету адам қызметінің барысында 
құрылады және үнемі жетіліп отыратын заттар туралы білім қоры тәрізді.
Патологиялық жағдайда түйсік өзгерісі 
сапалық
және 
сандық
болуы мүмкін. 
Сандық өзгерісі тітіркену табалдырығының төмендеуіне немесе жоғарылауына 
байланысты.
Тітіркендіргішке сезімталдықтың төмендеуі 
гипестезия
деп аталады. 
Сезімталдықтың жоғалуы — 
анестезия.
Түйсік жеткіліксіздігі кез келген 
анализаторға қатысты болуы мүмкін, ол шығу тегі жағынан орталық не шеткі, 
шынайы немесе өзін-өзі иландырудың нәтижесі болуы мүмкін.
О Ж Ж -нің органикалы қ ауруларымен ауыратын науқастарда жүйке 
бағаналары мен орталықтарының зақымдалуы кезінде терілік анестезия и н ­
нервация зоналарына сәйкес келеді. Өндірістік ж әне басқа интоксикация 
әсерінен болған энцефалопатияларда, наркоманияда, алкоголизмнен зардап 
шегетіндерде, жұқпалы инфекциялық психоздардан кейін неврит пен поли­
неврит дамуымен байланысты гипо немесе анестезия дамуы мүмкін. Жарақаттан


116
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
кейін, мидың мерездік және қантамырлық зақымдалуларынан кейін астения 
құбылыстары және интеллектуалды жеткіліксіздікпен бірге тері сезімталдығының 
орталық және ошақты бұзылуы байқалады.
Истерияға ш алдыққан ауруларда тері сезімталдығының өзгеруі шұлық, 
қолғап, жакет тәрізді немесе дененің жарты бөлігіне жайылған түрде болады. 
Олар жиі психикалық жарақаттан кейін дамиды ж әне сипаты жағынан 
салданудың клиникасы жөнінде науқастың білетініне сәйкес келеді. Сонымен 
бірге, истериялық соқырлық, саңыраулық, дәм мен иіс сезудің басылуы 
кездеседі, олар әдетте қайтымды және қысқа уақытқа созылады.
Тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет