Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет140/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

тулға өзгерісі, деградациясы
фонында жүреді. 
Алғашкы сатыдағы наукас мінез-кұлкындағы өзгерістер дөрекілене түседі, 
эгоизм ұлғаяды. Ішімдікке каражат табу жолында отбасы, кызметтік, коғамдык 
жағдайларды елемейді. Мнестико-интеллектуалды бұзылыстар ұлғайып, цинизм, 
орынсыз (алкогольді) әзіл пайда болады. Зейін, ес бұзылысы тереңдей түседі. 
Ойлау біртекті, накты, алкогольді тематикаға келіп тірелетін жалаң ассоцаци- 
ялармен жүреді.
Ерік үрдісі терең бұзылыска ұшырайды: маскүнемдікті токтатамын деген 
ант берулері, уәдесі бірден ұмытылады. Айналасындағылардың алдында кінәлілік 
сезімі болмайды. Бұрынғы кызығушылыктары жоғалады, басты кажеттілігі 
спиртті ішімдік болып табылады.
Алкоголизмнің бұл сатысында жиі жедел алкогольді психоздар дамиды.
Бұл сатының ұзактығы орта есеппен 3 -5 жылды кұрайды.
Наукас И., 47 жаста. Келесі шағымдармен түсті: ашушаңдык, үрей, ұйкының, 
бұзылуы, спиртті ішімдіктерді кабылдауға деген күшті әуестік, алкогольді ма­
стану кезінде өз іс-әрекеттерін баскара алмау.
Психикалык аурулармен тұкым куалау ауырлығы аныкталған жок. Балалык 
шағында дамуы жағынан катарластарынан артта калған жок, жайлы жанұяда 
өскен. Алкогольді бірінші рет 17 жасында кабылдаған және оған деген жиіркеніш 
сезімін байкаған. 26 жастан бастап алкогольді жүйелі пайдаланған. Бұл кезде 
ішімдікке деген жиіркеніш сезімі туындамаған. Жұмысындағы жағдайы (бар, 
тегін спиртті ішімдіктер) ішімдікті көп пайдалануға ыкпал еткен. Күнделікті 
дерлік ішкен, бірак ішуден бас тарта алған, «бас жазбаған». Осы кезеңде 
жанұялык жағдайларына байланысты конак үйге жұмыска ауыскан, бұл жерде 
жиі және көп мөлшерде іше бастаған, еңбек тәртібін бұзған жағдайлар болған. 
Жұмысынан куылу каупіне байланысты өз еркімен кетуге тура келген. Біртіндеп 
толеранттылык жоғарылаған: наукастың айтуы бойынша, «алғашында шараптың 
бір рюмкасынан мас болатынмын, ал казір бір кеште екі шөлмек коньяк ішіп 
коямын». 13 жыл бұрын бас жазу синдромы пайда болды: катты бас ауыруы, 
жүрек айну, бас айналу. Бұл кұбылыстар ішімдіктің белгілі бір дозасын 
кабылдағаннан кейін жойылған. Осыдан тоғыз жыл бұрын ішуді шындығында 
коямын деп шешіп, дәрігерге көрінген, эспираль имплантацияланған. 5 жыл


256
XV Тарау. Алкоголизм
бойы ішімдік пайдаланбаған. Кейіннен кезеңмен ғана кабылдаймын деген 
үмітпен аздап ішуді бастаған. Алкогольге деген кұмарлык жылдам пайда болып, 
бас жазу синдромы кайта дамыған, алкогольге толеранттылығы жоғары шегіне 
жеткен. Қайта емделуге тілек білдірген. Екінші рет стационарға жатып, зерт- 
телгенде алкогольді майлы гепатит диагнозы койылды. Шыкканнан кейін 8 айға 
дейін ішімдік пайдаланбаған, бірак өзімен бірге емделген танысының ішіп 
жүргенін естіп, тағы да байкап көргісі келген. Ол ішкілігі стационарға осы түсу 
кезеңіне дейін жалғаскан. «Маскүнемдік» сипаты өзгерген: кез-келген кұрамында 
спирті бар сұйыктыктарды колданды, тез масаятын болды, жиі кактығыстарға 
түседі. Қабылдаған ішімдік мөлшерін бакылау кабілетін жоғалтты, мастану 
жағдайында не істеп, не койғанын жиі есіне түсіре алмады.
Соматикалык жағдайы: жүрек шекарасы солға ығыскан, бауырдың кыры 
тығыз, ауыру сезімінсіз, кабырға астынан 4 см шығып тұр, көкбауыры 
үлкеймеген.
Неврологиялык жағдайы: рефлекстері күшейген, симметриялы. Ошактык 
неврологиялык симптоматика жок, кол басының треморы байкалады. Гипер­
гидроз, айкын кызыл дермографизм.
Психикалык жағдайы: бағдары толык, байланыска оңай түседі, кабылдау 
бұзылысы байкалмайды. Стационарға келу алдындағы кезеңді нашар есіне түсіреді, 
жеңіл фиксациялык амнезия байкалады. Ойлау темпі баяулаған, фантазиялауға, 
диссимуляцияға, өтірікке бейім. Эмоциялык ұстамсыз. Көңіл-күйі төмен. Сөзінде 
орынсыз әзілдер жиі кездеседі. Дертіне сыни көзкарас формальды.
Абстинентті синдромды жою үшін наукас натрий оксибутиратын, реланиум, 
дезинтоксикациялык терапия, массивті витаминдік терапия (соның ішінде, 
В тобыныщ) ноотропил кабылдады. Психотерапия жүргізілді. Абстинентті 
жағдай симптомдары жойылғаннан кейін наукастың алкогольді пайдаланбай- 
мын деп уәде беруімен табанды түрде сұранысына байланысты үйіне шығарылды. 
Наркологиялык диспансерде ем жалғастыру ұсынылды. Диагноз: алкоголизм, 
ортаңғы сатысы.
Соңғы (энцефалопатиялык) сатысы.
Бұл саты алкоголизмнің алдағы саты- 
лары симптомдарының түр өзгертулерімен және олардың ауырлай түсуімен, 
сондай-ак, жаңа симптоматиканың пайда болуымен сипатталады.
Алкогольге әуестік жеңілдеу сипат алады, жабыскактык дәрежесі төмендейді. 
Алкогольге мәжбүрлік әуестік ұсак мәнді психогенді факторлар нәтижесінде 
пайда болады. Сонымен катар, алкогольдің аз ғана дозасы күшті алкогольді 
әуестікке алып келеді.
Алкогольге толеранттылык төмендейді,
яғни мастану күйі бастапкы және 
ортаңғы сатылармен салыстырғанда өте аз дозадан дамиды.
Бұл кезеңде наукас бір кабылдағанда 150-200 мл. арак ішеді, осыдан кейін 
айкын және ұзакка созылатын мастану пайда болады. Спиртті ішімдікті үлкен 
дозада кабылдаса, есеңгіреу және сопор жағдайы байкалады.
Алкоголизмнің бұл сатысында 
абстинентті синдром
өзінің ұзактығымен, 
айкын вегето-кан тамырлык және соматикалык компоненттермен, невроло­
гиялык бұзылыстармен ерекшеленеді. Наукаста брадикардияға, коллапска 
бейімділік байкалады.


Алкоголизм кезіндегі жастық және жыныстық факторлардың рөлі
257
Алкоголизмнің энцефалопатиялык сатысына ішімдікті күнде бөлшек доза- 
лармен ішу (бірнеше сағат сайын 150 мл-ге дейін) немесе наукастар бірнеше 
күн бойы ішетін, 
нағыз салынып ішу
тән. Бұл кезде салынып ішудің ұзактығына 
байланысты наукастың іш імдікке деген толеранттылығы үдемелі түрде 
төмендейді. Егер салынып ішудің алғашкы күндерінде доза тәулігіне 1 литрге 
дейін жетсе, аяғында күніне 100-150 мл-ге дейін төмендейді. Мұндай салынып 
ішу алкогольді физикалык көтере алмаушылык нәтижесінде кұсу немесе кол- 
лаптоидты жағдай пайда болуымен байланысты аякталады. Салынып ішулер 
арасындағы ашык кезеңдер бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылады.
Алкоголизмнің бұл сатысында 
тулғаның алкогольдік деградациясы көріністері
басым байкалады. Алкоголизммен ауыратын наукастар жүріс-тұрыстыщ 
моральды-этикалык нормаларын жоғалтады. Оларда коршаған ортаға деген 
кызығуш ылык жоғалады, олардың бар зейіні «ішкілікке» жинакталады. 
Алкоголизмнің ортаңғы сатысында түзілген мнестико-интеллектуалдык 
бұзылыстар үдейді және тереңдей түседі. Психикалык кызметтің барлык түрінің 
кедейленуі бакыланады. Еңбекке кабілеттілік төмендейді, наукас тек квалифи- 
кацияны кажет етпейтін жұмыстарды аткаруға кабілетті, өзінің сырткы көрінісін 
бакыламайды, ұкыпсыз киініп, лас болып жүреді.
Бұл сатыда дертті сипаттағы кызғаныш идеялары жиі пайда болады. Мастану 
кезеңінде бұл идеялар наукас ойын түгелдей камтып алатыны соншалык, олар 
агрессивті әрекеттер жасаумен әлеуметтік кауіп тудыруы мүмкін. Наукастар жиі 
корғансыз жағдайға түсіп, нашар тамактанып, айтарлыктай дене салмағын 
жоғалгады. Алкоголизмнің соңғы сатысына созылмалы алкогольді психоздар тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет