Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет178/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Негативті
— функциялардың түсіп калуы немесе 
бұрмалануын білдіреді
продуктивті
— ерекше психопатологиялык симпго- 
матиканың пайда болуымен: галлюцинация, сандырак, аффективті күйзеліс 
және т.б. сипатталады. Наукастың психикалык жағдайында олардың аракатынасы 
және айкындылык дәрежесі аурудың үдемелілігі мен формасына тәуелді.
Шизофренияға, атап өткендей, наукас тұлғасының өзгерісімен сипатталатын 
ерекше бұзылыстар тән. Бұл өзгерістердің айкы н көрінуі ауру үрдісінің


314
ХХІѴ Тарау. Шизофрения
қатерлілігін көрсетеді. Бұл өзгерістер науқас тұлғасының барлық психикалық 
қасиеттеріне қатысты. Дегенмен, интеллектуалды және эмоционалды бұзылыстар 
аса тән болып келеді.
Интеллектуалды
бұзылыстар ойлау бұзылысының әр түрлі нұсқасымен 
көрінеді: науқастар бағынбайтын ой ағынына, кідірісіне, параллелизміне 
және т.б. шағымдар айтады. Оларға кітаптан оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну 
қиын және т.с.с. Жеке сөйлемдерден, сөздерден ерекше мағына түйсіну, жаңа 
сөздер ойлап табуға (неологизмдер) деген үрдіс бақыланады. Ойлау жиі 
қалқымалы болып келеді, сөздерінде логикалық байланыс жоқ, бір тақырыптан 
бір тақырыпқа ауысу байқалады. Дертті өзгерістер тереңге кеткен науқастардың 
сөздеріндегі логикалық ретсіздік сөз үзілісі (шизофазия) сипатын алады.
Эмоциялық бузылыстар
м оральды-этикалық қасиеттерді, үйірлік ж әне 
жақындарына деген аяныш, түсіністік сезімін жоғалтудан басталады, ал кейде 
бұл жек көру және ызалылық сезімімен бірге жүреді. Сүйікті ісіне қызығушылық 
төмендеп, уақыт өте келе тіпті жоғалады. Науқастар ұқыпсыз, қарапайым жеке 
бас гигиенасын сақтамайды. Аурудың елеулі белгісі олардың жүріс-тұрыстарының 
ерекшеліктері де болып табылады. Оның ерте белгілері науқастың тұйықталуы, 
туыстарынан алшақтау, қылықтарындағы оғаштықтар: бұрын науқас тұлғасына 
тән болмаған ерекше іс-әрекеттер, жүріс-тұрыс мәнері байқалады және осы 
әрекеттерін ешқандай жағдаймен байланыстыруға келмейді.
Сонымен қатар, шизофренияға өзіндік 
сенестопатиялық көріністер
тән: 
басында және дененің басқа да бөліктеріндегі жағымсыз сезімдер. Сенестопа- 
тиялар түсініксіз, оғаш сипатта болады: науқастар миының жарты шарының 
кернеп тұрғанына, асқазанны ң кебуіне ж ән е т.с.с. шағымдар айтады. 
Сенестопатиялық көріністердің орналасуы соматикалық ауруларда болатын 
ауру сезімдеріне сәйкес келмейді.
Қабылдау бузылуы
есту галлюцинацияларымен және әр түрлі сезім мүшелерінің 
әрқилы жалған галлюцинацияларымен байланысты жиі көрінеді: көру, есту, 
иіс сезу т.б. Сандырақтық күйзелістер ішінен 
сандырақтың эр турлі формаларын
бақылауға болады: паранояльды, параноидты, парафренді, ерте сатыларында — 
жиі параноялы. Шизофренияға авторларының есімімен Кандинский-Клерам- 
бо синдромы деп аталатын псевдогаллюцинациялармен бірге жүретін физикалық 
әсер ету сандырағы айтарлықтай тән болып келеді.
Қозғалыстық-еріктік бузылыстар
өздерінің көрініс берулері жағынан әрқилы. 
Олар ерікті әрекеттер бұзылысы түрінде де және күрделі еріктік актілер пато- 
логиясы формасында да көрінеді. Ерікті әрекет бұзылысының көрнекі түрі 
кататониялық синдром
болып табылады. Кататониялық синдром құрамына 
кататониялық ступор және қозу кіреді. Кататониялық ступордың жеке өзінің 
екі түрі болуы мүмкін: люцидті ж әне онейроидты. Люцидті ступор кезінде 
науқастарда қоршаған ортада қарапайым бағдарлау және ондағы ^былыстарды 
бағалау сақталады, ал онейроидты жағдайда науқас санасы өзгерген. Люцидті 
ступор жағдайынан шыққан науқастар сол кезеңде болған оқиғаларды есіне 
сақтайды және әңгімелеп береді. Онейроидты жағдайдағы науқастар ступороз- 
ды күйде өздерін жаулап алған фантастикалық күйзелістер мен елестер жөнінде 
әңгімелейді. Ступорлық жағдай кататониялық қозу жағдайы сияқты күрделі


Жалпы клиникалық сипаттамасы
315
психопатологиялык кұрылым, оның кұрамына әр түрлі симптомдар кіреді. Бұл 
синдромдар жөнінде нактырак 9-тарауда жазылған.
Күрделі еріктік актілер, еріктік үрдістер дерт әсерінен біркатар бұзылыстарға 
ұшырайды. Апатия ж әне сылбырлыкпен аякталатын еріктік белсенділіктің 
төмендеуі аса тән болып келеді, еріктік бұзылыстардың айкындылык дәрежесі 
дерттің үдемелілік дәрежесіне байланысты болып келеді. Кейбір наукастарда 
кандай да бір дертті идеяларға және сенімдерге байланысты белсенділік артуы 
мүмкін. Мысалы, сандырак идеяларымен сыркат наукастар аса ауыр киын- 
дыктарды жеңе алады, инициатива мен табандылык танытып, үлкен жұмыстар 
аткарады. Наукастардың сандырактык идеяларының мазмұны әр түрлі болады. 
Сонымен катар, ол заман рухын ж әне әлеуметтік маңызды кұбылыстарды 
бейнелейді. Егер ежелгі заманда наукастарда сикырлы күштер, діни уәждер басым 
орын алған болса, ал казір ғылым мен техниканың жетістікгері жиі көрініс береді.
Ш изоф ренияны ң тұрғындар арасында таралу дәрежесі ғылыми ж әне 
тәжірибелік тұрғыдан маңызды мәселе болып отыр. Оған жауап табудың 
киындығы тұрғындар арасында мұндай наукастарды толык аныктау мүмкін 
еместігінде болып отыр. Бұл ш изофрения болмысын түсіндіретін сенімді 
мәліметтердің және оны аныктайтын диагностикалык критерийлердің жок 
болуымен байланысты. Қолымызда бар эпидемиологиялык зерттеулердщ 
нәтижелері мен статистикалык деректер оның таралуы барлык елдерде бір- 
дейлігін және жалпы тұрғындарға шакканда 1-2% кұрайтынын көрсетті. Ш и­
зофрения дамушы елдерде сирек кездеседі деген бастапкы мәлімдеме дәлелденген 
жок. Дамушы елдерде арнайы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде шизофрени- 
ямен наукастардың саны 1000 тұрғынға шакканда, Европа елдеріндегі шизоф- 
рениямен сыркат наукастар санына сәйкес келді. Тек бұл дерттің клиникалык 
көріністерінің кандай да бір түрлерінің кездесуінде айырмашылыктар болады. 
Дамушы елдерде тұратын наукастар арасында сана шатасуымен жедел жағдайлар, 
кататониялык көріністер жиі кездеседі.
Ш изофрения кез келген жас кезеңінде басталуы мүмкін. Дегенмен шизоф­
рения дамуына аса тән жас кезеңі: 20-25 жас. Ш изофренияның бастапкы 
клиникалык көріністерінің кейбірінің өзіндік оптимальды мезгілі бар. Пара- 
ноидты көріністермен шизофрения невроз тәрізді симптоматикамен 30 жастан, 
кейін жиі, ойлау бұзылысы көрінісімен — жасөспірімдік шакта басталады. 
Ер адамдарда әйелдерге карағанда ауру ерте басталады. Клиникалык көрінісінде 
де наукас жынысына карай ерекшеліктер болады. Эйелдерде ауру жедел өтеді, 
әр түрлі аффективті патология жиі және айкынырак болады.
Ауру көпж ы лды к созылмалы, үзіліссіз немесе ұстамалы ағыммен 
ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет