Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Кәрілік алды және кәрілік жас кезеңіндегі психоздардың емі



Pdf көрінісі
бет201/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Кәрілік алды және кәрілік жас кезеңіндегі психоздардың емі 
және профилактикасы
Айқын депрессиямен сырқат науқастарды емдеуде электротырысулық 
терапияның тиімділігі жоғары. Бірақ электротырысулық терапия жүргізгенде, 
буын таюлар, сынықтар, жүрек жұмысының бұзылуы (әсіресе, егде жастағы 
науқастарда) ж әне мнестикалық өзгерістер сияқты асқынулар болуы мүмкін. 
Галлюцинаторлы-параноидты формасымен сырқат науқастарға инсулинді- 
шокты терапия қолдану оң нәтиже береді. Соңғы жылдарда пресенильді және 
сенильді психоздардың емінде психотропты дәрілік заттар кеңінен қолда- 
нылады.
Психотропты заттарды таңдау бұзылыстардың психопатологиялық құры- 
лымының ерекшеліктерімен және де науқастардың соматикалық жағдайымен 
анықталады. П сихотропты д әрілік заттарды қолдануды ң терапиялы қ 
тактикасының жалпы принциптері басқа психикалық ауруларды емдеудегі 
принциппен ұқсас. Егде жастағы науқастарға психотропты дәрілік заттар аз 
мөлшерде тағайындалады. Егде жастағы науқастарда осы тәріздес психо- 
патологиялық бұзылыстар орын алғанда, емді ең төменгі мөлшерден бастау 
қажет. Мөлшерін ұлғайту науқастардың соматикалық күйін — әсіресе, жүрек- 
қан тамыр жүйесінің қызметін қатаң бақылау арқылы жүргізіледі. Психомо- 
торлы қозу жағдайында нейролептиктерді қолдану оң нәтиже береді. Седативті 
нейролептиктермен қатар тимолептиктер де кеңінен қолданылады: левоме- 
промозин, тиоридазин. Егде жастағы науқастар нейролептик қатарындағы 
дәрілік заттарды нашар көтереді. Сондықтан, оларды төмен мөлшерден бастап 
тағайындайды.
Н ейролептикалық препараттарды (аминазин, трифтазин, галоперидол) 
параноидты және галлюцинаторлы-параноидты синдроммен сырқат науқастарға 
қолданған дұрыс. Сандырақтық немесе галлюцинаторлы симптоматика 
депрессиялық құбылыстармен бірге жүрген жағдайда нейролептиктер мен 
антидепрессанттарды кешенді қолдану терапиялық тиімді нәтиже береді. 
Науқастардағы психикалық ауытқулар шекаралық бұзылыстармен көрінсе
транквилизаторлар қолданылады (сибазон, мезапам, лоразепам, феназепам, 
нитрозепам ж әне т.б.). Тұрақты терапиялық тиімді нәтижені сақтау үшін


352
ХХѴІ Тарау. Кәрілік кезеңнің психикалық аурулары
көпгеген айлар, кейде жылдарды кұрайтын ұзак психотропты терапия кажет. 
Эр түрлі жанама әсерлердің алдын алу максатымен нейролептиктермен тера- 
пияны олардың корректорларымен (артан, циклодол) біріктіріп тағайындау 
керек.
Пресенильді кезеңде жиі кездесетін депрессияның созылмалы түрін емдеу 
үлкен киындыктар туғызады. Бұл жағдайдағы науқастарға көптеген психотроп- 
ты заттармен байланысты терапия колдануға тура келеді. Оларда жиі 
нейролептикалык интоксикация кұбылысы және әр түрлі асқынулар кездеседі. 
Бұл жағдайда басты синдромды ескере отырып, индивидуалды тәсілді қолданған 
дұрыс. Психотропты терапияға резистенттілік түзілген депрессиямен сыркат 
наукастарға электротырысулык терапия колдануға болады.
Депрессивті күйлердің алдын алу үшін литий тұздары кеңінен колданылады. 
Дегенмен, бұл ем түрі үлкен сактыкпен жүргізілуі тиіс, өйткені, оның карсы 
көрсеткіштерінің тізімінде егде жас кезеңі мен жүрек-кан тамыр жүйесінің 
аурулары бар. Литий тұздарымен емдеуде наукас канындағы литий кұрамын 
жүйелі түрде бақылап отыру кажет.
Егде жастағы адамдардағы дементті формалардың терапиясы, ең алдымен, 
наукастардың канағаттанарлык физикалык жағдайын сүйемелдеп тұруға және 
психотропты заттар көмегімен психопатологиялык продуктивті симптомати- 
каны басуға бағытталған.
Егде жастағы наукастардың психикалык бұзылыстарының профилактика- 
сы нда со м ати кал ы к ж ән е и н ф ек ц и я л ы к ауруларды ң алды н алу, 
психожаракаттаушы жағдайларды болдырмаудың маңызы зор. Соматикалык 
аурулардың пайда болуын егде тартқан адамдар жалпы толымсыздык және 
жасқа байланысты өзгерістер ретінде кабылдайды, ал психикалык ауыткулар 
өздігімен оларда теріс реакция тудырмайды. Егде адамдар жиі психикалык және 
соматикалык жағдайының өзгеруіне байланысты өзінің өмірдегі орны, мәні 
жөнінде көп ойланып-толғанады. Бұл мәселені шешуде психотерапиялық 
әсердің және әлеуметтік оңалтудың үлкен көмегі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет