Дәрілік, тағамдық, өндірістік және басқа улармен улану кезіндегі психикалық бүзылыстар
281
Наркоманиямен және токсикоманиямен сырқат науқастардың бірқатары
сенгіш болып келеді, сол себепті тұлғалық ерекшеліктерді ескере отырып,
реаблитациялық әдістермен бірге психотерапия жүргізу ұсынылады. Мұндай
науқастар наркотик қолданудан толы қ бас тартудың 5 жылы өткенш е
диспансерлік есепте тұрады және рецидивке қарсы терапия өтулері керек.
Наркомания
профилактикасы
әлеуметтік және медициналық іс-шаралардан
тұрады.
Біздің елімізде халқымыздың мәдени және өмірлік дәрежесі үнемі артып
келеді, санитарлық жағдай мен медициналық көмек деңгейі жақсаруда. Елімізде
наркотиктердің өндірілуі, сақталуы және шығарылуы қатаң бақылауда. Осының
барлығы наркоманиямен күресудің ең тиімді жетістіктері болып табылады.
Наркомания жөнінде халықтың және дәрігерлердің білімін тереңдету, нар-
командарды ерте анықтап, уақытылы және белсенді диспансерлік ем жүргізу,
сондай-ақ, қатаң түрде наркотиктерді есепке алып, сақтау наркоманияның
алдын алудың сәттілігіне кепіл болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: